ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАТЕРИАЛИЗМ
-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДЕТЕРМЕНИЗМ
—
тарихтың
материалистік
түсінігін
қарапайымдандырудың К.Маркс жасаған түрі, онда ол экономикалық
бастауды тым абсолюттендіріп жіберген. Экономикалық материализмнің
өкілдері, К.Маркс үйреткендей емес, барлық қоғамдық-мәдени феномендерді
экономикадан шығарудың орнына, оларды экономикаға келтірген
(редукциялаған, қысқартқан).
ЭКЛЕКТИКА
— жан-жақтан жиналған, алуан түрлі, қырық құрау
қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге
тырысатын философиялық әдіс.
ЭКСПЕРИМЕНТ
— зерттелетін процесс барысына активті және мақсатты
түрде араласу немесе шындықты, құбылыстарды бақылауға, оны басқаруға,
игеруге болатын шарттарда, жағдайларда зерттеу.
ЭКСПЛАНАНДУМ
— бұл құбылыстарды сипаттау.
ЭКСПЛАНАНС
— берілген құбылысты түсіндіру үшін қолданылатын
қағидаттар класы.
ЭКСТЕРНАЛИЗМ
— ғылымның пайда болуы одан тыс факторлар -
әлеуметтік, экономикалық және т.б. әсерінен пайда болады дейтін көзқарас.
ЭКФОРАСИС
— эпостық суреттеу тәсілі. Бұл тәсіл арқылы жыршы кейпін
пластикалық мүсіндеу арқылы береді. Мысалы: Гомердің Ахилл қалқанын
суреттеуі немесе Қазтуғанның «Мадақ жыры».
397
Достарыңызбен бөлісу: |