ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ
(лат.
–
тіршілік) — нақты болмыстағы жеке
тұлғалық адам тірлігіне негізделген философиялық ілім және қазіргі
философиядағы бағыт. Көтеретін мәселесі – тұлғаның бірегейлігі,
қайталанбауы. Экзистенцияны ұғыммен жеткізу мүмкін емес, өйткені ол –
тірі шындық, адамның өзін және қоршаған ортаны жасауы, фактикалық және
күнделіктіліктен шығу (трансценденция). Экзистенциализмнің
негізгі
проблемалары
– экзистенциалды таңдау, еркіндік, жауапкершілік. Ойлаудың
бұл тәсілі Декарт философиясына һәм барлық рационалды жүйелерге қарсы,
бұл адам философиясының ақыл мен идея философиясына деген тойтарысы.
Оның
басты өкілдері
– француз философтары Жан-Поль Сартр, Альбер
Камю және Симона де Бовуар, неміс Мартин Хайдеггер, орыс Николай
Бердяев, қазақтар – Абай және Шәкәрім.
Достарыңызбен бөлісу: |