203
үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет,
сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс.Ашық сау-
алдар, оқыту міндеттерімен алмасуң сияқты әдістер
оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне
әсер етеді. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де
өз білім деңгейлерін бағалауға және оған жеткенін
түсінуге мүмкіндіктер бар.(1,36 б)
Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр
кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен
кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады.
Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық
рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері бай-
ланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.
Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен
білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа
түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл - ХХІ
ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс
арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін ретте-
уге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-
өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс
жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың
ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет.
Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда ен-
жар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың
белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері бай-
ланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері ту-
ралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім
үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында
алынатын ақпарат (2,22 -б)
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды
есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды
жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық
таныту, кері байланыстың субъективті болатынын
ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не
жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері бай-
ланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын,
оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келгенде, рефлексия - көп қырлы,
кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық
қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби
әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне
көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс-
нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі
күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы
толық сеніммен айта аламыз.
Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлек-
сия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлек-
сия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, олар-
ды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік.
Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп
қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін
анықтауға болады. Сонымен, кері байланыстың
тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар үшін: 1-ден,
рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды;
2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле
аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік
көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы
білім беру барысының сапасын жақсартуға болады
және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни
көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:
-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
жақсарады;
-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және
алға жылжуға ықпал етеді;
-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан ха-
бардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттыра-
ды;
-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз
жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;
Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы
оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлай-
мыз.
Достарыңызбен бөлісу: