1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ОРХОН ЕСКЕРТКІшТЕРІ - МӘҢГІЛІК ДАҢҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ТУЫНДЫЛАР



Pdf көрінісі
бет52/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
ОРХОН ЕСКЕРТКІшТЕРІ - МӘҢГІЛІК ДАҢҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ТУЫНДЫЛАР
Алдасберген Сәулет
5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті
Ғылыми жетекшісі: профессор м.а. Абдирасилова Г.Қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
«Кедейді бай қылдым,
Азды көп қылдым.»
«Күлтегін» жыры
Әрбір өмірге келген саналы ұрпақ өзінің шыққан 
тегін, туған жерін, Отанының тарихын, салт-дәстүрін 
меңгеріп, дәріптеуі тиіс. Оның тәрбиелік мәнін 
ұғына отырып, өз бойына да ерлік қасиетті енгізеді. 
Ұрпақтан - ұрпаққа жеткен осы бір заңдылық біздің 
еліміздің үрдісінде кеңінен өріс алған. Себебі, тари-
хи толғамалы, тамыры тереңде жатқан ұлы елімнің 
тағдыры сонау Түркі тайпаларымен тығыз байланы-
сты. Аспан асты ел болуымызбен бірге, бір қаннан, 
бір жаннан, бір рухтан таралып, өрістегеніміз бір төбе. 
Олай болса, ежелгі Түркі тайпаларымен тағдырымыз 
да тарихымыз да ортақ болғаны сөзсіз. 
Түркі елінің шоқтығы биік асыл мұрасы, ғасыр куәсі 
Орхон Енисей ескерткіші екендігін барша әлем тани-
ды. 
Байырғы мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, 
бүкіл дүние жүзіне атақты кереметі, барша әлемге 
әйгілі- Орхон-Енисей ескерткіштері, Білге қаған, 
Тоныкөк, Күлтегін қаһармандарының жыры болып 
табылбақ. Талай ғасырды артқа тастағанмен, бұл 
ескерткіш өз мәнін, құдіретін жоймады.
Бұл ескерткіштер Селенгі, Орхон өзендерінің бой-
ынан табылған. Көңілдің күйімен, жүректің үнімен 
сандықтан шығарған гауһар тастай етіп, мінсіз 
жазылған. Осы бір ғажайып руналық жазулар кей-
де жоқтау, кейде мадақтау машығымен айтылып, 
қанатты сөздермен, шешендік тіл өнерімен, өлеңдік 
ұйқасымен,мақалды тіркестердің алуан түрлі көне 
үлгілерін аңғарамыз.
Жырдың мазмұнына қарамас бұрын, жыр тарихы-
на, туындау себебіне үңілген маңызды.Сонда ғана 
жырдың мағынасын, идеясын түсіне алып, өнеге ала 
аламыз. Жыр тарихына үңілер болсақ.
Алтыншы ғасырдың ортасына таман Көкбөрінің 
шөбересі Бумын қаған түрік тайпаларының басын 
қосып, әлемге әйгілі түркі тайпаларының басын қосып, 
әлемге әйгілі түрік қағанатын құрды, Елхан атан-
ды. Бумынның мұрагері Мұқан қаған Сары теңізден 
– Каспийге,Гобиден Байкал көліне дейінгі аралыққа 
созылған түрік қағанатының батыс өлкесінің билігін 
әкесінің інісі Естемиге береді де, өзі Орхон өзенінің 
жоғарғы ағысындағы Хан ордасында болды.
Мұқан мен Естемиден соң олардың ұлдары билікті 
екіге бөлді. Түрік қағанаты батыс және шығыс болып 
екіге айырылады. Әлсіреген қағанат осыдан былай 
көрші қытайдың уысына түсе бастады. Содан кейінгі 
жарты ғасыр табғаштардың құлдығына өтті. Олардың 
есін жиған кезі Елтіріс пен Тоныкөктің тұсында бол-
ды. Елтіріс 682 жылы көтеріліс бастап, жеңіп шықты. 
Елтеріс қаған қайтыс болғанда артындағы ұлдары 
Білге мен Күлтегін 7-5 жастағы балалар еді. Хан 
тағына Елтерістің інісі Қапаған отырды. 716 жылы
Қапаған қаза тапқаннан кейін, жаужүрек Күлтегіннің 
көмегімен ағасы Білге қаған болды. Жанына Тоныкөк 
жырауды ақылшы етіп алды. Күлтегінге әскердің 
билігін берді. Сөйтіп, осы үш ердің тұсында 15 жылда 
түріктер айбынды жұрт болып,бір тілек, бір мақсатта 
өмір сүрген. Тәңірі жарылқағыр Күлтегін 731 жылы, 
Білге қаған 734 жылы дүниеден озған [1:35]
Жырдың негізгі мазмұнында терең философиялық 
ойға негізделген. Нағыз ұлтжандылықтың көрінісі 
мен басшыларға деген адалдық дәріптеліп, еліне деген 
сүйіспеншілік кеңінен көрсетіледі.
Жырдағы айтылатын негізгі мәселе – елдің 
тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Бір елдің саяси мәселесін, 


64
ахуалын ойлап барша халық күңіренеді.
Табғаш халқына бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды.
Түрік бектер түрік атын жоғалтып,
Тағбаш бектердің табғаш атын тұтынып,
Табғаш қағанына бағынды.
Елу жыл ісін- күшін берді [1:35]. – деп қиналады. 
Сол уақытта ұлы Көк Тәңірінің көмегімен Елбілге 
анадан Елтеріс атты ер туыпты. Елтеріс қағанның 
тұсында түріктердің айналасы түгел жау екен. Елтеріс 
қырық жеті рет соғысқа аттанып, түріктерді бүтіндейді. 
«Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктіріп» дүниеден озған.
Тәңірдей тәңірден жаралған,
Түрік Білге қаған.
Бұл шақта отырдың,
Сөзімді түгел естіңдер:
Бүкіл жеткіншегім ұланым
Біріккен әулетім,халқым.
Оңыңда шад, егіз бектер,
Солыңда тархан, бұйрық бектер
Тоңыз оғыз бектері, халқы.
Бұл сөзімді мұқият тыңда,
Терең ұқ. [1:36] – өлең мәтінінің өзінде мәңгілік 
мұра болатынын автор сезген секілді.Келер ұрпақтың 
құлағына жетіп, мақтанышына айналарын білген ба 
дейсің!
Жырдағы Білге қаған да ақылды, батыр адам:
Әкеміз,ағамыз құрған халықтың,
Аты даңқы өшпесін деп,
Түрік халқы үшін,
Түнде ұйықтамадым
Күндіз отырмадым,- дейді. 
Осы жолдар арқылы қағанат тізгінін текті адам 
ұстап, ел үшін жанын беруге дайын екені баян етіледі. 
Жырдағы оқиғаның негізгі ұйымдастырушы тұлғасы
– Кұлтегін. Ол ағасы Қапағанмен бірге жиырма үш рет 
соғысады. Ол жырда жауынгерлік тұлғасымен, әскери 
қарым-қабілетімен айқындалып, оқырман жүрегіне 
ержүректілік пен қайсар рух сыйлайды.
Тағы бір көркем тұлға-Тоныкөк. Ол қазақ халқының 
аузы дуалы абыздары, ханынан кеңесін аямаған Бұқар 
жырау, Асан қайғы сынды данагөй дарабоздарды 
есімізге түсіреді.
Түріктердің оның ішінде қазақтардың, ежел-
ден намысқой халық екендігі «жаным – арымның 
садағасы» дейтін мақалынан да көрінеді.Қазақ үшін 
намысқа тиюдің ең үлкені- оң жақта әлпештеген 
қызының жау қолында кетуі, ата-баба моласының аяқ-
асты болуы, өз елін тастап, басқаның қолтығына кіруі. 
Бұрынғы қазақтар осы үш нәрседен қатты сақтанған, 
«Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»,-
дейді. Осы дәстүр «Күлтегін» жырынан да көрініс 
тапқан [2:14]
Ғасырлар сабақтастығын жалғаған осы бір теңдесіз 
еңбек барша түркі халықтарына емес, әлемге мәлім 
асыл құндылық болып табылады. Кейіпкерлердің 
негізгі болмысымен қатар, ерлік пен елдікті насихаттай-
ды. Кез-келген болашағын ойлайтын мемлекет үшін, 
осындай еңбектердің елжандылығын, сүйіспеншілігін 
дәріптеуін әрбір халықтар үлгі алып, бойына сіңіре 
білуі керек. Мәңгілік елдің іргетасының берік бо-
луы мейіріммен, бауырмалдылықпен, адамгершілік 
әдеппен құрала отырып, нығаятынын әрбір ұрпақ білуі 
тиіс. Көне түрік ескерткіштері туралы том-том кітап 
шығарылып, талай зерттеулер өмірге келді. Менің 
ендігі міндетім, жырдан түсінгенімді жинақтап, тәлім 
ала білу.Болашақта рухани байлығымыз туралы әлі де 
ашылмаған жұмбақтың шешімін тауып, Отандастары-
ма рухани леп бергім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қыраубайқызы Алма.Ежелгі әдебиет.-Алматы:Әл-
Фараби,1996-132 бет
2.Қоңыратбаев Ә.,Қоңыратбаев Т.Көне мәдениет 
жазбалары:-Алматы: «Қазақ университеті», 1991-400 
бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет