1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет54/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
Key words: 
land-water names, toponyms, toponymics, hydronyms
Жер-су атаулары жалпы ономастика саласының ны-
саны болып табылады. Сондықтан біздің мақаламызда 
Алаш қайраткері, «Бес арыстың» бірі – жазушы 
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы тіліндегі
жер-су атауларын қарастырдық. 
Мақаламыздың нысаны – жер-су атауларының шығу 
тегін талдау
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, руха-
ни жаңғыру» бағдарламасындағы «Туған жер»


65
бағдарламасын қолға алуды жоспарлағанда халыққа 
жолдаған жолдауының тарихи маңызы: «Туған жердің 
әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр 
шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-та-
лай аңыздар мен әңгімелер бар. Идеяның түп төркіні 
Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет 
Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, 
Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен 
Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді 
өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас 
кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Қазақстанның 
қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі 
неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан 
сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз
әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы» [1].
Мақаламызда Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» 
романындағы ономастикалық атауларды екіге бөліп 
қарастырдық: гидронимдер, яғни гидронимикалық 
атаулар немесе су атаулары және топонимдер, 
топонимикалық атаулар - жер атаулары.
Жүсіпбек Аймауытов: «Алтай, Күршім не заман-
нан қалың найман мекені. Алтай елі – алты ай жазу 
тау еркесі – биік болып өзге елдерден биік болып, 
Марқакөлдің самалында сайран етіп жатады. Әлгі 
Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Алтай бой-
ды да ойды да көтереді. Алтайдың кешкі самалы бет-
тен сүйеді. Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң 
жағында әлемге аян Алтай бар» [2]. 
Алтай-түркі және моңғол тілдерінде «Алтай» сөзі 
«алтын» деген мағына береді. Күллі түркі жұртының 
алтын бесігіне айналған «Алтай» тауын моңғол халқы 
Алтынтау деп атайды.
Бір шарасын ішкен адам дәл қор қызын құшқандай 
боп, беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас 
болады, жас болады: жел жетпеске мініп алып, Алтай 
тауын дүсірлетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, 
жарыс, алыс-жұлыс, асыр салып жатқаны. [2,72]
Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. [2,72]
Сол Алтайдың бөктерінде жам жолменен жандамай-
лап, ала ат мінген жалғыз адам келе жатыр бейсауат. 
[2,72]
Көтегейті Күршім жақ, бет алысы Қара-екем шаты. 
[2,72]
Қараекем шарты жартас, дәл аясы – шұңқыр көгал, 
бір ауызды, тар ауызды шұғыл шат-тын: мейірімді Ал-
тай түй қашып, түнде жортқан, жорықшыға соққан ғой 
[2,72].
Марқакөлде майға бөккен мал мен ел тау ызғары 
жамбасынан өткен соң, етектегі қыстауына еңбектесіп 
түскен шақ [2,72].
Есілді де екпіндетіп, үңгірдегі бір ауылға келді сау-
сылдап [2,72].
Інім Семейде оқуда [2,77].
Гидронимикалық атаулар:
«Күршім - не заманнан қалың найман мекені болған. 
Сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал болған 
екен» [2]. 
Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар [2,72]. 
Күршім жайлы тарихта аңыздар да бар. Соның бірі: 
«Қалмақтар шапқыншылығы кезінде қазақ батырлары 
жаудың бір «Күрсін» есімді батырын өзен бойныда 
өлтіріп, өзенге сол қалмақ батырының атын беріпті 
дейді».
Күршім гидронимі туралы Алтай өңірінің жер-су 
атауларын диссертациялық жұмысында зерттеген 
Б.Бияров: «Атауға өзеннің тар арнамен жылдам ағуы, 
өзен арнасында ірілі-ұсақты қойтастардың молдап 
кездесуі әсерінен гүрілдеп ағатын сипаты уәж болған 
дейді» [3].
Ертіс – Алтайдың күңгейінен құбыла жаққа құлай 
аққан Ертіс бар. Ертіс үлкен өзен, өре басы Қытайдан 
келеді. Ертістің оң қабағында – Семей, солында Алаш 
қаласы бар. Алаш пен Семей арасынан өткенде, Ертіс 
саулы інгендей талтаяды екен. Қашғари сөздігіндегі 
Иртыш (Эртишмақ) «кім тез өтеді». Шмидтың сөзінде 
Ирцыш-Erzich деп аталады. 
М.Қашғаридың сөздігіндегі ерт «өту»’кешу 
мағынасында тұрған өт сөзі өткел мағынасын береді 
десек, онда Ерт + сіз «өткелсіз» (өзен) болып шығады 
[4].
Зайсан - Ғ.Қонқашбаев: «Моңғолдың заасинг (жақсы) 
деген сөзінен бұл атау ертеректе Зайсан-Нор, кейде 
Нор-Зайсан деп аталады. Зайсан атының қойылуына 
байланысты аңызда: «Бір жұт жылы қалмақтар аштан 
қырылып жатқанда, осы көлге келіп, балығын жеп, 
аштықтан аман қалыпты. Сөйтіп, көлді Заасингор 
(жақсы көл) атапты. Зайсан көлінің бұрынғы атауы 
Хонхоты да (Қоңыраулы) моңғол сөзі» деп жазады [5]. 
А.Әбдірахманов осы пікірді жалғастыра оты-
рып: «Ертеректе моңғол ақсүйектері де заасинг деп 
аталған. Қазақ тіліндегі «жақсы мен жайсаң» деген 
тіркестегі жайсаң сөзі - моңғол тілінен енген көл аты 
осы мағынадағы сөзбен байланысты болуы ықтимал, 
жергілікті тұрғындар көлді осы күнге дейін Жайсаң 
деп атайды» деп жазған [6].
Марқакөл – Қарт Алтайдың қақ басында алақанның 
аясында, бал татыған айна сулы түрі де аспан, сыры да 
аспан, шарап сулы Марқакөлі [2,72]. Алтай, Күршім 
–не заманнан қалың найман мекені [2,72]. Сол Ал-
тай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал 
[2,72]. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт 
Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймала-
сып тыраңдасып, мәйек басып мамырласып жатқаны 
[2,72]. Марқакөлді алқалаған –ақ ауылды Алтай елі. 
[2,72]. Алтай елі – алты ай жазу тау еркесі-биік болып 
өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалында 
сайран етіп жатқаны [2,72]. Марқакөлдің суы балдай 
[2,72]. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын 
тұтам еишек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт 
емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды; қара 
саба емізіктеп, қою салқын, сары қымыз, быжылдаған 
дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. [2,72]
Бұқтырма – М.Мұсатаева мен Л.Шеляховскаяның 
сөздігінде: «Бахтарма-бухтарма внутренняя сторо-
на шкуры, прилегающая к телу животного» деген 
түсініктеме бар. Осы көнерген сөздердің өзенге атау 
болып берілген себебі - жаңа сойған малдың терісін 
аударып қарағанда,қан тамырларының ізі тарам-та-
рам болып көрініп тұрады. Бұқтырма өзені дәл солай 
бірнеше салаға бөлініп, тарамдала ағады [7]. 
Есіл – орысша атауы Ишим болып табылады. 
Негізінде Ишим сөзінің атауын «ишэм» деген та-
тар сөзімен байланыстырады. Ол жүзу өсу дегенді 
білдіреді. Башқұрт тілінде де «иш» «ишэм» деген 


66
сөздер бар. Олар «жолдас, дос» дегенді білдіреді.
Топонимикалық атаулар:
Өскемен – 1720 жылы М.И.Лихарев бастаған 
ресейлік экспедицияның келуімен Үлбі өзенінің 
Ертіске құйған жерінде атын «Устье каменных гор» 
тіркесінен алынған Усть – Каменогорская бекінісінің 
іргетасы қаланды [8]. Жергілікті тұрғындар бекініс 
атын өз тіліне иемдеп «Өскемен» деп атап кетті.
Семей – Семипалат бекінісі кейін қала бо-
лып қалыптасқан Семипалатинск атауы ертерек-
те жоңғарлар мекендеген Доржінгіт (Цорджий-
кийд) аумағында табылған жеті қалмақ будда 
ғибадатханасынан шыққан. Бұл ғибадатханалар жай-
лы орыс зерттеушілері 1616 жылы жазған. 1660-1670 
жылы жоңғарлар мен қазақтардың соғыстары сал-
дарынан ғибадатханалар қирап, Г.Ф.Миллер 1734 
жылы ғибадатханалардың жартылай бүлінгені жайлы 
жазады. 2007 жылы қалаға ресми түрде Семей атауы 
беріледі. Семей-Семипалатинск сөзінің фонетикалық 
өзгеріске ұшыраған түрі [9].
Ақмола – ақ мол, яғни сүт көп деген мәнде деген пікір 
болды. Алдан Смайыл: «Ақмола – ғұндардан қалған 
атау. Оның мәні-батыстағы қамал, батыстағы қорған», 
- деп ой түйді. Тіпті Ақмола атауы «Ақ мол ә» деген 
сөзден шықты деген болжам жасағандар бар. Ақмола – 
аққайрақ тастан әдемілеп жасалған ескерткіш белгілер 
деген мәліметтер де бар.
Бурабай – аңыз бойынша ертеректе Көкшетау 
жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті. Ол өзгелерден 
саяқ, жалғыз жүретін Бура қалың орман ішін кезіп, 
шөліркегенде Күміскөлге келіп шөлін басатын еді. 
Күміскөл – оның тыныстайтын сүйікті жері. Бура 
ерекше қасиетке ие болған. Елге қауіп-қатер, соғыс, 
жұт төнгенде, боздап елдің тынышын алатын. Оның 
белгісіне үйреніскен халық бураны айрықша жақсы 
көріп, қадірлеген. Күндердің күнінде елге зұлым жау 
шабады. Бура әдеттегідей белгі беріп, бәрі тығылып, 
үлгеріп, жан сақтап қалады. Бәріне бура себеп екенін 
білген зұлымдар оның ізінен түсіп, өлтірмек бола-
ды. Ну орманда жүрген бура зәлімдерге кез болады. 
Олардың бірі садағын кезеп, дәл бураның жүрек тұсын 
көздейді. Садағын атып кеп жібергенде кеуде тұсынан 
кіріп, өркешінен шығады. Жан дауысы шыға аңырап, 
боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына 
қамшысын басұан олар бытырай қаша жөнеледі. Бір 
сәтте бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Сүйікті 
мекеніне келіп, жата кетеді. Осылайша жан тапсыра-
ды. Мұнан кейін жұрт бұл жерді Бурабай атап кеткен.
Жетісу – тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу 
атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. 
А.К.Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, 
Ақсу, Бүйен, Қаратал, Көксу өзендерін жатқызса, 
А. Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына 
солтүстік- шығыстағы Аягөз оңтүстік-шығыстағы 
Іле өзендерін атайды. В.В.Бартольдтың айтуын-
ша, алғашқы да жергілікті халық Жетісу деп Іледен 
солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған 
Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, 
Көксу өзендері. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу 
алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын 
атырапта кірген.
Тағдыр айдамаса, осынау Қытай шегіндегі Алтай та-
уына, қазақ арасына біз келер ме едік [2, 79].
Мен Тамбов губернесіндегі бай алпауыттың кіші ба-
ласы едім [2, 79].
Онда ұлы Ресей кемиді, жері, елі азайып қалады [2, 
80].
Ресейде төңкеріс болып, патшаны түсірген соң, өзара 
екі жарылып ел билегенге таласқан соң үкіметті қара 
жұмысшы мен қара солдатты жоқтаған большевиктер 
алып кеткен соң, біздер орыстың шын ұлдары құл-
құтанға бағынбаймыз деп, соғысып, жеңіліп, қашып 
келіп отырмыз [2, 81].
Алдымыз қашып Қытай жеріне өтіп кеттік [2, 81].
Біз одан қашқан, бұдан қашқан, жетпіс шақты офи-
цер, флоттар Алтайдың бір тығырығына бекініп, 
қызылдардан жансауғалап жатырмыз [1, 81].
Қолым хат білсе, Күршім өзенін теріс ағызар ма 
едім, әлде қайтер едім [2, 84].
Ертіс ағып, Өскемен, Зайсан, Семей сияқты 
қалаларды да көрдім [2, 83].
Бұл Өскеменіңіз, Бурабайыңыз, бұл Семейіңіз, бұл 
Қарқараларыңыз бәрін де Іскендір жалаң аяқ шарлаған 
[2, 114].
Алдыңғы жылы Семейге барып оқып, мұғалім боп 
келген [2, 139].
Бұдан бұрын Степанский полкының арты Сар-
тау сыртындағы Жаманқала поселкасынан жүргелі 
тұрғанда, Матайұғлы Ақбанұғлы Ермекбай жолдаста-
ры бар ақтардың 60 ғаскерін ұстап алған [2, 143].
Біреуі Шақат бұлағындағы Әлкебай балаларының, 
Қорабай Бақсарыұғлыларының … [2, 144].
Ақырында Сартау елінің қазағы-ай. [2, 144].
Қандай орын беруді ревкомға тапсырыпты: 
ревкомдағы Балташ, кім біледі, Балташ кедейшіл, бір 
беткей кісі, Мұқашты Сартауға болыс қып жібере ме?
Және Әбен бай болыспен ұстасып, шатақтасып 
мәлім: Сартау болысын өзгертпей тұра ма?
Сартау елі қып-қызыл партия… [2, 161].
Сарытаудың болысын түсіріп, Әбеншіл біреуді 
қойған [2, 163].
Ол мән осы Сартау елінің жұмысы жайлансын деген 
мән емес, үйездегі азаматтар арасындағы алалық жой-
ылсын деген де мән емес, бірінікін мақұлдап бірінікін 
теріске шығарып ,бірін-біріне жығып берем деген де 
мән емес, сол айтыстан шығарып бір іргелі мәселені 
қозғап енді өзіме қорытынды туғызуға болады деген 
мән еді [2, 165].
Ертіс –үлкен өзен, өре басы Қытайдан келеді [2, 231].
Ызғындай елдің ортасындағы өнер-білімнің сауда-
кәсіптің, от арба, от кеменің тоғысатын кіндігі қара 
шаңырақ – Семей [2, 232].
Семей бір гүбірне елдің миы: ақыл-ойдың табысы - 
Семейде, Семей бір гүбірне елдің жүрегі: Семей бүлік 
етсе бір гүбірне ел бүлкілдейді [2, 232].
Ертістің оң қабағында – Семей, солында Алаш 
қаласы [2, 232].
Аралдың өнбойы сыңсыған орман [2, 232].
Сол аралда, Алаш жақта үлкен қарағаштың түбінде, 
Ертістің шымырлап аққан суына көз салып, көк теңбіл 
желек жамылған, аппақ шөлмектей бір келіншек отыр-
ау! [2, 232].
Алаш пен Семей арасынан өткенде, Ертіс саулы 
інгендей талтаяды [2, 232].


67
Қытай қазақтарына бермей, алып келді ғой [2, 232].
Аман күндеріңде Қытайға ауыңдар депті ғой [2, 232].
Қанша күн жүргенін де білмеймін, сол көшкеннен 
көшіп, Қытай қазақтарына бардық [2, 234].
Орал тауынан ауып келген естек қызы [2, 240].
Содан кейін ағатайым сол жылы Семейге барды [2, 
240].
Семейге келген соң, ағатайым мен жеңешем маған 
да орысша киім тіктіріп, мені қылтиып сәндеп қойған 
[2, 242].
-О жылы мен Орынбордамын [2, 242].
Ағатайым көбірек оқымасаң адам болмайсың, –
деп бөлімінен қағаз әперіп, Орынбордың раппагіне 
жіберген [2, 242].
-Ендеше, ол жылы біз қайтадан Семейге келгенбіз.
Семейде мұғалімдерінің қазақ, оқуымыз да қазақша 
еді [2, 243].
Орынборға келіп, бержебайға мініп Ажардың таны-
малына барып түстік [2, 240].
Семейдегідей болмады, оқуы қиын тиді [2, 243].
Семейге баратын үш-төрт баламен менде қайттым. 
[2, 244].
Өйткені ол Ақмола Семей Орал Бөкей губернелерінің 
бәрінде қызмет етіп, жалпы қазақ жайымен, әр алуан 
жағдайымен оқығандармен әбден танысып,ақыл ауда-
ны, дүние тануы кеңейген еді [2, 266].
Ертіс жүзінде су сызып ақ барақот келеді [2, 267].
Екі күн өтіп, үшінші дегенде екі жас Зайсанға жетті 
[2, 269].
Сеңгір-сеңгір таулардан, үңгір-үңгір құздардан түйе 
өркешті шыңдардан, қыз емшекті тастардан өтіп, 
бұраң-бұраң сүрлеумен бес отты кісі бес құмырсқа 
боп өрмелеп, Алтайдың басына шықты, Алтай бойды 
да ойды да көтерді Алтайдың кешкі самалы бетті сүйді 
[2, 272].
Алтай бойды да ойды да көтерді [2, 272].
Алтайдың кешкі самалы беттен сүйеді [2, 272].
Ақбілек Алтайға шыққанда, баяғы апасын өлтіретін, 
өзінің әбиірін алатын өгей шешенің қорлығын шегетін, 
Көркембай кемпірдің көр үйшігіндегі жаны көзіне 
көрінетін алай-түлей қараңғы, қара күндер, Барсакел-
меске біржола кеткендей, анау алыста, етекте біржола 
қарасы өшкендей болып көрінді [2,272].
Бұл мақалада біз Алтайдың шығу тарихын қарадық. 
Алтай-ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған 
өңір. Суы бал, көдесі май, жері майса, ағызған сары 
алтынды тастан Алтай демекші Алтай кенді өңір.
Сеңгір-сеңгір таулардан, үңгір-үңгір құздардан түйе 
өркешті шыңдардан, қыз емшекті тастардан құралған 
Алтайдың табиғаты сөзбен айтып жеткізуге келмейді. 
Сонымен қатар бұл мақалада мен Күршімнің 
табиғатына, Жер жаннаты Жетісудың жеті өзеніне, 
Марқакөлдің ел аузындағы аңызына, Ертіс өзенінің 
тереңде жатқан мән-мағынасына, табиғаты тамаша, 
Қазақстанның Швецариясы атанған киелі Бурабай 
аңызына тоқталып өттік.
Қорыта келгенде, Елбасымыз айтпақшы, еліміздің 
шұрайлы жерлерін қорғап, тарихи маңызын тереңінен 
түсініп, қолда бар алтынымыздың қадір-қасиетін 
жоғалтпай, ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен
ақ білектің күшімен қорғап, аманатқа қалдырған 
жерлерін көзіміздің қарашығындай сақтап, аманатқа 
қиянат келтірмей, келер жас буынға осының мән-
мағынасын түсіндіру біздің мойнымызға артылған 
үлкен жауапкершілік десем де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет