161
ды[1, 74 б]. «Орта білімді дамыту тұжырымдамасының»
жобасында: «Шығармашылық – бұл адамның өмір
шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде
дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі
керек»,-деген түсініктеме берілген [2].
Орыстың педагог-ғалымдары Ю.К. Бабанский, М.М.
Поташник, А.И. Кочетов, Г.Ю. Ксензова, Г.К. Селевко,
В.А. Сухомлинский, В.В. Давыдов, Л.С. Выготский,
қазақстандық ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, Т.Ақшолақов,
Ж.Қараев, Қ.Тасболатов, Ф.Ш. Оразбаева т.б сынды
ғалымдар еңбектерінде шығармашылық іс-әрекеттер
қарастырылып келеді.
Шығармашылық сөзінің түп-төркініне орыс ғалымы
М.Поташник былай анықтама береді:
- «жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап
жетілдіру;
- іс-әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі
өнім».
«Шығармашылық»
сөзіне
берілген
ғалым
пікірі нақты тұжырым болғанмен, оның мәні бұл
тұжырымнан да терең, кең. Шығармашылық – қабілет,
дарын, өнерпаздық деген ұғыммен үндес. Сол себеп-
тен ол
тұлғадағы дарын, қабілет, өнердің көзін ашу,
сол қасиеттерді дамыту мәселесіндегі ерекше іс-әрекет
болып табылады[3, 78б].
Шығармашылық қасиеттердің жеке тұлғадағы
бір көрінісі – оның тілі. Шешен де көркем, бейнелі
сөйлеу білу, ойды шебер тілмен жеткізу – тұлғаның
шығармашылық қасиеттерінің бірі. Дәстүрлі оқытуда
да шығармашылық жұмыстарды жеке тұлғаға бағыттау,
оқушыларға еркіндік беру, оқушы мен мұғалім еңбегін
өнімді іс-әрекетке негіздеу, оқушыға субъект ретінде
қарау негізге алынбады.Қазіргі білім беру үрдісінде
тапсырмалар түрлері көп. Оларды жинақтай, саралай
келе, төмендегі бағытта топтауға болады:
Тапсырмалар түрі
Түсініктеме
Типтік тапсырмалар
Аналитикалық, яғни сараптау, талдауға негізделген
тапсырмалар
Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар
Өзін-өзі оқытуға
негізделген тапсырмалыр
Бұрын игерген білімді, әдіс-тәсілдерді пайдалана оты-
рып, оқушы жаңа мақсатқа жетудің жолдарын табады.
Алгоритмдерді саралай, талдай отырып, оны жаңа
мақсатқа пайдаланады.
Жаңа шешімді іздеу, табу, нәтижеге жету. Оқушылар
бұл жұмыста өзіне белгісіз жаңалық ашады, оның
жолдарын жүйелейді (сызбаға, модельге айналдыруы
мүмкін).
Әсіресе жаңа білімді бекіту, бақылау кезеңіне
қолайлы, тиімді. Оқушылар қол жеткізген шешімдерін
берілген үлгі-көмек, нұсқаулар арқылы талдайды.
Мұнда да мұғалім бірінші кезекте тұрмайды, керісінше
оқушылар іс-әрекеттері арқылы өзін-өзі оқытады.
Осы тапсырмалардың қай түрінде болмасын, тех-
нология талаптары басшылыққа алынған. Оқушы-
субъектінің дербес іс-әрекеті, білімді өз ізденісімен
алуы ескерілген [4, 27 б].
Шығармашылық тапсырмалар жүйесін
жасауда
мына мәселелерге ерекше көңіл бөлінді:
- оқушылардың танымдық қызығушылығын
туғызуға түрткі жасау (жалпылау, жинақтау, талдау,
топтау, салыстыру, дамыту бағыты);
- мониторинг жүйесіне жүгіну, яғни, тапсырмалар
тез, қарқынды, нәтижелі өнім беретін бағытта беру;
- диагностика мен болжауға сүйену, белгілі бір
уақытта мақсатқа жетуді болжау;
- даралап, саралап, деңгейлеп оқытуды басшылыққа
алу. Оқушы мүмкіндігі, қабілетін ескеру;
-
оқушы
білімін
оқушылық
деңгейден
шығармашылық
деңгейге көтеруді болжау;
- дамыта оқытуға негізделген тапсырмалар жүйесі
арқылы жеке тұлғаны жан-жақты дамытуды көздеу;
- жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін
дамытуда аналитикалық, альтернативтік ойлауын
жетілдіруді мақсат ету.
Шығармашылық жұмыстардың тәлім-тәрбиелік,
үлгі берерлік жағына да назар аударылады. Қай
жұмыстарда болмасын баланың өзін-өзі тәрбиелеуі,
бір-біріне үлгі бола білулері ескеріледі, жеке
тұлғаның рухани әлемінің жан-жақты дамуына көңіл
бөлінеді. Бұл саралаудан оқытуды технологияландыру
кезеңіндегі шығармашылық жұмыстардың дәстүрлі
оқытудағы шығармашылық жұмыстардан ерекшелігі,
айырмашылығы келіп шығады.
Шығармашылық жұмыстардың жүйесін жасағанда
оқушылардың сөздік байлығын дамыту,
сөздік
жұмыстардың тың, өнімді жолдары қарастырылады.
Сондай-ақ оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі мен жаз-
ба тілін жүйелі түрде бір-бірімен ұштастыра, бірлікте
қарау жан-жақты ойластырылады.
Шығармашылық жұмыстарды жүргізер алдында
мұғалім төмендегі мәселелерді анықтап алғаны жөн:
- оқушы тапсырмалардағы сөздердің мәнін,
мағынасын түсіне ала ма?
- мақсатын, міндетін, мазмұнын ұғады ма?
- толық түсіну үшін тағы қандай ақпараттар,
құжаттар, құралдар керек?
- оқушының білім деңгейіне, мүмкіндігіне сәйкес пе,
оларды тапсырмалар қызықтыра ма, ынталандыра ма?
Шығармашылық
жұмыстарда
оқушылардың
қабілеті, іскерлігі, икем-дағдылары есепке алынады.
Оны міндеттемей, оқушылардың қызығушылығы, ын-
тасыына қарай таңдап алуларына жағдай туғызу, бір
тақырыптың өзіне бірнеше тапсырмалар жүйесін жа-
сап ұсыну нақты нәтижеге жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қараев Ж. Оқулықтар,
оқу-әдістемелік кешенді
әзірлеуге қойылатын дидактикалық талаптар. –
Алматы,1998ж. – 103 бет.
2.Қазақстан Республикасының орта білімді дамы-
ту тұжырымдамасы. (Жоба).// Қазақстан мұғалімі,