1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМұНЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ



Pdf көрінісі
бет184/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМұНЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 
ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ
Тажиева Нуржамал Сагадуллаевна
Қарасай ауданы Қаныш Сәтбаев мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 


215
Айгараева Эльмира шакизадаевна
Қарасай ауданы Қаскелең қаласы
Қаныш Сәтбаев мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Түйіндеме.
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің 
мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, со-
нымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың, ұлттық әдебиет пен 
мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың шығармашылық және зияткерлік деңгейін дамыту бо-
лып табылады.Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі са-
лада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға кең ауқымды құзіреттілікті меңгеруге 
мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында 
Білім беру жүйесінің басты міндетті - ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практи-
ка жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға 
және кәсіби шыңдауға бағытталған технологиялардың, 
жаңа әдіс-тәсілдердің оқушылардың оқуға деген 
қызығушылығын арттырудағы маңызы – білім алу 
үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа тех-
нологияларын енгізу, білім беруді, халықаралық 
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім 
беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. 
. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім 
қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген 
ойдың жақтастары көбейіп келеді.
Технология, 
коммуникация 
мен 
ғылым 
салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға 
айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ 
ғасырда табысты болу қажетті білім мен дағдыларды 
алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану 
ұлттық экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне 
қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз 
етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып 
отыр.
Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл 
экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші 
ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынасты 
арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа райының 
өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі 
халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға 
деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп 
оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа 
қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп 
дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді. 
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек 
ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта 
қаралуда. Осы мәселе аясында Балалар ХХІ ғасырда 
табысты болу үшін нені үйрену керек? және Оқытудың 
тиімді әдістері қандай деген сияқты негізгі сауалдар 
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және 
оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын 
педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын 
көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген 
қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын 
қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және 
әлеуметтік-мәдени жағдайларда 
Технология, 
коммуникация 
мен 
ғылым 
салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға 
айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ 
ғасырда табысты болу қажетті білім мен дағдыларды 
алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану 
ұлттық экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне 
қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз 
етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып 
отыр.
Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл 
экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші 
ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынасты 
арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа райының 
өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі 
халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға 
деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп 
оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа 
қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп 
дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді. 
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек 
ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта 
қаралуда. Осы мәселе аясында Балалар ХХІ ғасырда 
табысты болу үшін нені үйрену керек? және Оқытудың 
тиімді әдістері қандай деген сияқты негізгі сауалдар 
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және 
оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын 
педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Барлық оқушылар өздері өмір сүретін әлемде жұмыс 
істеуге дайын болуы өте маңызды. Оқушылар күн сай-
ын БАҚ және түрлі технологиялар арқылы орасан зор 
ақпаратпен танысатындықтан, тыңдалым, айтылым, 
оқылым және жызылым мүмкіндіктері оқушыларды 
барған сайын артып келе жатқан жаһандану 
жағдайындағы қоғамда қарым-қатынас жасауға дай-
ындайды. Бірінші кезектегі және негізгі тіл болып та-
былатын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бойынша сапалы 
білім алу оқушылардың өздерінің ойлары мен эмоци-
ясын басқаларға жеткізе алу үшін еркін оқуына және 
жазуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқылым 
және тыңдалым арқылы басқалар да олармен қарым-
қатынас жасай алады.
Оқушылар оқу арқылы мәдени, эмоциялық, 
зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан дамуға 
мүмкіндік алады. Оқу оқушылардың жаңа білімді 
меңгеруіне де, сондай-ақ алған білімін әрі қарай да-
мытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның толыққанды 
мүшесі болу үшін адамдарға барлық тілдік дағдылар 
айтарлықтай маңызды болып табылады.
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқу 
бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын 
сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың 


216
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, со-
нымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы 
жалпыадамзаттық құндылықтардың, ұлттық әдебиет 
пен мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде 
оқушылардың шығармашылық және зияткерлік 
деңгейін дамыту болып табылады.
Тіл қарым-қатынас құралы болып табылады. Тілді 
оқытудың әдіс-тәсілдері оқу ортасы мен мәнмәтінді 
ескере отырып, оқушыны тиімді білім алу үшін ауа-
дай қажет болып табылатын дербестікке ұмтылуға оң 
ықпал етуге тиіс. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі 
қазақ тілі оқу бағдарламасының бөлімдері төрт тілдік 
дағдыны қамтиды: тыңдалым және айтылым бір 
бөлімге біріктірілген.
Тыңдалым – анағұрлым маңызды тілдік дағды деу-
ге болады, бірақ қадағалау анағұрлым қиынға түсетін 
дағды. Дыбыстық ақпаратты түсініп, меңгеріп, 
бағамдау үшін тыңдалымның тиімді стратегияла-
ры қажет. Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған 
сабақты өткізудің негізгі мақсаттарының бірі 
оқушыларды тиімді тыңдауға үйрету, яғни ақпаратты 
түсіну үшін онымен не істеу керек екенін үйрету бо-
лып табылады.
Айтылым оның кімге арналғанына, мақсаты мен 
мәнмәтінге тығыз байланысты: бір мезгілде көптеген 
адам ауызша қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның 
барысына ықпал ете алады. Жазылым тіліне қарағанда, 
айтылым тілінде грамматика толық сақталмайды, ша-
блонды фразалар мен қайталамалар жиі қолданылады. 
Оқушыны сөйлетудің алуан түрлі мақсаттары бар, 
айталық, қатысу (араласу) үшін сөйлеу, түсіндіру 
үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағамдау 
үшін сөйлеу. Әр мақсат барлық төрт үдерістің болу-
ын көздейді, алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт 
ерекшеленетін болады.
Оқылым белсенді немесе бейтарап болуы мүмкін. 
Бейтарап оқылым – оқушылар мәтінге сыни тал-
дау жасауды мақсат етпей, өзінің қызығушылығын 
қанағаттандыру үшін оқу. Мұғалім оқушыларды өз 
қызығушылығын қанағаттандыру үшін бейтарап 
оқылымды қолдануға түрткі бола білгені дұрыс, алай-
да сыныпта басты назарда белсенді оқылым тұруы 
қажет.
Белсенді оқылым – тілді оқытудың негезгі 
элементтерінің бірі, мұндай оқылым барысында оқушы 
өзінің сыни талдау дағдыларын дамыту мен жетілдіру 
үшін мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі кезеңдерінде 
бірқатар әдіс-тәсілдерді қолданады.
Оқылым әдіс-тәсілдері 3 кезеңді қамтиды: 
Жазылым бұл оқушылардан үйлесімді мәтін құру 
үшін көптеген күрделі дағдыларды меңгеруді та-
лап ететін міндет. Дегенмен, оқушылар өздері 
меңгерген шеберліктерін үнемі көрсете бермейді, 
өйткені жазу барысында олар өз назарларын басқа 
дағдыға шоғырландырғандықтан, айталық, бай сөздік 
қорын көрсету мақсатында әдемі тілдік құралдарды 
қолданамын деп, тыныс белгісін назарсыз қалдыруы 
мүмкін.
Жазылым үдерісін жоспар-нобай-түзету-жетілдіру 
түрінде модельдей отырып, әрі оқушыларға осы рет-
пен жұмыс істеуге жағдай жасай отырып, мұғалімдер 
оқушыларға кідіріс жасап, жазылым жаттығуы үшін 
талап етілетін барлық дағдыларға тоқталып, ойлануға 
мүмкіндік беретін жағымды ахуал қалыптастырады.
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын 
қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту 
тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. 
Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту 
теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері 
оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра 
отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға 
негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың 
алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге 
үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда 
білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім 
болады. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде 
жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, 
рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін 
қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді 
толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, 
сабаққа белсенді қатысу керек. Оқушылардың алған 
білімдерімен жұмыс істеуіне, оны әрі қарай өңдеп, өз 
дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар 
орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табы-
лады.
Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті пәндерінің 
мұғалімдері оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім 
қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, 
өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және 
өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық 
әдіс-тәсілдер
Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге 
асыру әдістері:
Тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік 
оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту); 
Көрнекілік әдістері (иллюстрациялар, көрсетілім, 
таныстырылым);
Тәжірибелік әдістер (жаттығулар, тәжірибе жасау, 
қолмен түрлі бұйымдар (постер, кластер, буклет) жа-
сау;
(7-сынып. Қазақ тілі Әлеуметтік желілер 
тақырыбында оқылымға берілген мәтіннен негізгі 
ақпарат бойынша кластер жасау, әлеуметтік желілердің 
зияны мен пайдасына қатысты постер жасату)
Репродуктивтік әдістер; 
Проблемалық-ізденушілік әдістер; (7-сыныпта қазақ 
тілі сабағында оқылымға берілген мәтіннен негізгі 
ақпаратты тауып, проблемалық сұрақтар құрастыру)
Өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен 
және өз бетімен); 
Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді 
арттыру әдістері.
Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және 
өзіндік бақылау жасату әдістері. Оқушылар жал-
пы білім беретін негізгі мектеп бағдарламасындағы 
барлық пәндерді оқу барысында ақпаратты табу, 
құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялар-
мен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар 
мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын 
жетілдіре және бағалай отырып, ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
қолдану 
дағдыларын дамытады.


217
-Қазақ 
әдебиетін 
оқытуда 
қолданылатын 
педагогикалық әдіс-тәсілдер
ауқымды мәнмәтін бойынша топтық зерттеу 
жұмысын жүргізу және белгілі бір мәселе бойынша 
автордың көзқарасын талдау;
-жанрларды түрлендіру (драманы хикаятқа немесе 
хикаят тарауларын драмалық шығармаға айналды-
ру) және оның әсерін бағалау; (8-сынып, Д.Исабеков 
Әпке драмасын рөльге бөліп ойнату) рөлдік ойындар 
арқылы автордан сұхбат алып, сұрақтар қою (мүмкін 
болса, авторлармен, фильмді түсірушілермен кезеде-
сулер ұйымдастыру);
-оқушылардың сөйлеу және сын тұрғысынан ойлау 
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пікірталас, 
ми шабуылы, дебат, стратегияларды қолдану;
-оқушының бүгінгі қоғамға лайық жеке тұлғалық 
қасиеттерін, оның рухани жан дүниесін байыта-
тын қазақ тілінің этно-мәдени лексикасын, даналық 
сөздерін меңгерту, ана тіліндегі қарым-қатынас 
жасаудағы сөз әдебіне баулу, жағдаяттық қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыруда ізгілендіру тех-
нологиясын қолдану;
-оқу үдерісінде түрлі жағдаяттар, рөлдік ойындар, 
дөңгелек үстел, брифинг, баспасөз конференциялары, 
Көңілділер, тапқырлар клубы және монолог пен диа-
логке, әңгімелесуге жағдай жасау;
-оқу үдерісінде түрлі үнтаспаларды, бейнетаспалар-
ды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, интернет 
материалдарын, электронды оқулықтарды, компью-
тер мен лингафондық ақпараттарды, белсенді оқыту 
әдістері мен пәнаралық байланыс сабақтастығын 
кеңінен қолдану. 
Педагогикалық білім – білім берудің жалпы 
негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге 
негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен 
әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім 
үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады 
және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, 
сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға 
баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Соны-
мен қатар педагогикалық білім құрамына сабақта 
қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты 
аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын 
меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті 
мұғалім оқушылардың білімді меңгеруінің және 
дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге 
көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың 
ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды 
қатынасын дамытады. 
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық 
салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды 
дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену ке-
рек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз 
пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз 
ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер 
ғана жұмыс істей алады. Жаңартылған білім – 
болашақтың кепілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет