1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет179/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Пайданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басы
-
лым-2012 жыл
2. «Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» 
- Зулкашева Ш.М. Орал 2013
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМұНЫ БОЙЫНшА 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ шЫҒАРМАшЫЛЫҚ ЖАҒЫНАН 
ДАМЫҒАН ЖЕКЕ ТұЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ 
Рыскулова Раушан Рахмашевна
Мейркулова Қарашаш Салмарбековна
КММ «Лицей 134»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Түйіндеме. Жаңартылған білім мазмұны бойынша үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Үнді халқының та-
рихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында 
жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жете-
леп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Осы мақсатқа жету үшін қазіргі 
мұғалімдердің, әсіресе, мемлекеттік тілді үйретуші ұстаздардың алдында үлкен міндет тұр. Ол - білімі мен 
қабілеті жаңа заманға, жаңа Қазақстанға сәйкес жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Тірек сөздер: Жаңартылған білім мазмұны, ұлттық модель, жаңа технология, жеке тұлға.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы 
білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және 
Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім 


204
беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі 
таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі 
– орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті 
тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-
жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын 
тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып 
отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің 
мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. 
Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-
тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технология-
ларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. 
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген 
жаңартылған білім беру бағдарламасы - за-
ман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама.Қай елдін болсын 
өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы 
оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына 
байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы 
бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, 
мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі 
күннің басты талабы.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға 
білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. 
Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты 
мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен 
шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез 
өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге 
дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын 
шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп 
отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте 
табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы
мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байла-
нысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін 
қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана 
емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, 
тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын 
ерекше тұлға болуы керек. 
Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен
қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде 
ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл 
шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны 
қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі
жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-
жақты, жаңа педагогикалық инновациялық техноло-
гияларды меңгерген болуы керек.Соңғы жылдары 
педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде 
айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі 
жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына
ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің 
кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби ше-
бер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, 
психология-педагогикалық білім мен дағды ғана 
емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби 
құндылықтары да жатады. 
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық 
ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. 
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне 
сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-
деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман та-
лабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне 
сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары 
жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, 
терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық 
қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі 
деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың 
дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, 
құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге 
қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын 
дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар 
жүйесін ұсыну өмір талабы.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының 
ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу 
мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. ықшам 
сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, 
критериялық бағалау жүйесіне өтеді.Критериалды 
бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала 
белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен 
өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі 
екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау 
және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың 
жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық 
бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Фран-
ция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланы-
лады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың 
ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына 
ықыласын туғызады. 
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен 
оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және 
тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы 
бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен 
мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз 
етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп 
отыруға мүмкіндік береді. 
Жиынтық 
бағалау 
оқу 
бағдарламасынның 
бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір 
оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) 
аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу 
мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. 
Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау 
барлық пәндер бойынша қолданылады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі 
пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының 
төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, 
жазылым жетілдіруге бағытталған. 
Осыған орай, педагогикалық ғылым алдында да 
нақты міндет туындауда:ол баланың жеке тұлғасын 
дамытуға бағытталған жаңа оқыту технологияларын 
ойлап табу, яғни оқытудың жаңа инновациялық техно-
логиясын қалыптастыру. Атақты ғалым В.М.Шепель 
«Технология, бұл - өнер, шеберлік, іскерлік 
әдістерінің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» десе, 
М.Чошанов «Технология, бұл - дидактикалық жүйенің 
құрылымдық бөлігі» деп анықтама берген болатын. 
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа 
технологиялар екені мәлім.Әлемнің бірнеше елінде 
сынақтан өткізілген жаңаша оқыту технологиясы төрт 
бағытты қамтиды. Олар мыналар:
1. 
Модульдік технология
2. 
Рейтингтік жүйе
3. 
Дамыта оқыту технологиясы
4. 
Сын тұрғысынан ойлау 
Әрбір технология өзіндік жолда әдіс - тәсілдермен 
ерекшеленеді.Көрнекті ғалым В.А.Сухомлинский 


205
«Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне 
құр сабақ болып , мұғалім білімді түсіндіріп 
қоюшы,бақылаушы,бағалаушы емес, толық іс-әрекетті 
ұйымдыстыратын ұжымдық істердің ұйытқысы», - 
деп түсінік береді. Тек осылай оқыту ғана баланың 
интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамы-
тады. Оқушы тұлғасының дамуына,қабілетінің артуы-
на жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны 
сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің 
дамуындағы елеулі бағыт.Сондықтан да болар қазіргі 
кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар 
элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып 
жүр. Қысқаша осы технологияларға шолу жасайық.
Модульдік оқыту технологиясы
Модуль – белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі 
(С.И.Ожегов). Модульдік оқыту технологиясының 
ерекшелігі – тұлғаның танымдық қабілеттерін
және танымдық процестерді арнайы жасалған 
оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, 
тұлғаның қажеттілігін қанағыттандыруға белсенді 
сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технология 
тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық 
ғылым мәліметтеріне, тұлғаның қызығушылық аясын 
дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту 
ерекшеліктеріне негізделген. Мұндағы қызығушылық 
немесе қызығу дегеніміз – ынталық, алғырлық, 
тұрақтылық және білуге құмарлық тәрізді бөліктерден 
тұратын, белгілі бір нәрсеге зейін қою арқылы эмоция 
тудырып, жүзеге асатын жеке басқа тән ерекшелік. 
Ал танымдық процестерге жады, ойлау, ынта, зейін, 
қабылдау, ес, елестету, т.б. жатады.
Модульдік технологияның оқыту мақсаты – қазақ 
тілінде ауызекі сөйлеуді меңгеру.
Мәселелері:
1. Модульдік технологияны нақты нәтижелерге жету 
үшін пайдалану.
2.Модульдік 
технология 
оқу 
процесінің 
жоспарлығын, жүйелігін, тақырыпқа бөлуін талап 
етеді. 
Жоспарлау:
Оқу процесін жоспарлағанда мұғалім оқыту сапа-
сын көтеру үшін бүгін, ертең, жыл бойы қалай жұмыс 
істейтінін күні бұрын нақты жоспарлауы керек.
Тақырыпқа бөлу.
Оқу материалын тақырыптарға бөлу. Модульдік тех-
нология нақтылы бір тақырыпты өтуді көздейді.
Бір модульдің тақырыбымен тығыз байланыста болу 
керек.
Жүйелеу.
Модульдік технология оқу процесін жүйелеп 
оқытуды талап етеді. Жүйелеп оқыту көптеген 
тақырыпшаларды бір-бірімен байланыстырып, ретке 
келтіреді.
Сонымен ол біртұтас грамматикалық және 
лексикалық блок болып табылады. 
Модульдік оқыту нәтижесінде оқушы неге дағдылану 
керек:
1.Өзіне тілді үйрену мақсатын қою.
2.Оқу материалын қабылдау үшін ойлау қабілетін 
белсендіру керек. Алған білімін, талдап, жинақтау ке-
рек.
3.Керекті сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді есте 
сақтау.
4.Тілдің 4 әрекетін пайдалану арқылы қазақ тілін 
үйрену.
5.Талдаудың барлық түрлерін (морфологиялық, 
синтаксистік, фонетикалық) жасай білу керек.
6.Грамматикалық және лексикалық материалдарды 
ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін пайдала-
нып үйрену.
7.Әр түрлі жазба жұмыстарын орындай білу: 
шығарма, мазмұндама жазу, жазба жұмыстарын орын-
дай білу.
8.Оқу, сауатты жазу, мәтінді түсіне білуі керек.
9.Сөз тіркестерін, Сөз тіркестерінен сөйлемдерді, 
сөйлемдерден сөз тәртібін сақтай отырып мәтін құруға 
дағдылану.
10. Диалог құрастырып, сапалы түрде монолог ай-
тып үйрену,
11. Жатталған өлеңдерді, әндерді, мақал – мәтелдерді, 
жұмбақтарды және басқа тілдік материалдарды есте 
сақтау.
Келесі оқушылардың шығармашылық қабілетін 
дамытуға арналған технология- СТО ( Сыни тұрғыдан
ойлау)
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды да-
мыту» бағдарлама бойынша ол
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне бай-
ланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты 
шешім қабылдауға құштарлық;
-үйрету 
мен 
үйреу 
бірлігінен, 
үйренудің 
қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне 
негізделген құрылым.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы
үш кезең бойынша қолданылады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны тану.
3.Ой толғаныс.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтиже 
береді:
-оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай 
біледі;
-басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа 
сыйластық, түсіністікпен қарауға;
-өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай білуге;
-керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді, да-
муын қамтамасыз етеді;
-оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше 
ізденуге үйретеді;
-ең бастысы сабаққа қызығушылығы артып, 
балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
Коммуникативтік оқыту технологиясы- қарым- 
қатынас негізінде оқыту.
Балаларды сөйлеуге, сөйлесу арқылы оқуға, 
тыңдауға үйретуге болады.
Ең алдымен олар мына жаттығуларды орындайды.
Тіл үш салаға бөлінеді.
а) лексикалық
ә) грамматикалық
б) фонетикалық 
Олар бір бірімен тығыз байланысты, сондықтан 
сөзді жекелей үйретуге болмайды. Белгілі бір тілді 


206
үйрену үшін тілдің өзін емес, қоршаған ортаны сол тіл 
арқылы үйрену керек.
Технологияның ерекшелігі
Берілген әдістеменің мақсаты болып табылатындар
- білім беру үрдісінің нәтижесін жоғарлату;
- белсенді және толық қатынасқа үйрету;
- белгілі жағдаятқа байланысты оқушылардың 
ауызекі сөйлеу үрдісінің қалыптасуына мүмкіндік жа-
сау.
Аталған технологиялар арқылы шығармашылық 
жағынан дамыған жеке тұлғаны тірбиелеу жолында 
түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланып жүрміз.Олар:
Ассоциация (Әр оқушы жауаптарын дәптерге 
жазады,мұғалім тақтаға жазады,оқушылар жеке 
топтарға бөлінеді, әр топ өз жобасын көпшілік алдын-
да қорғайды)
« Миға шабуыл» (проблемалық сұрақ туғызу, 
сұрақтарға жауап сұрау,талдау)
Түртіп алу (V, +, + -, -, ?)
Тоқтат оқу (Мәтінді бөліп, әр бөлікті жеке талдау)
Дискуссия (Берілген сұраққа екі жақты жауап бе-
руге болады.Иә,.......Жоқ,....Әр топ өз пікірін төрт, бес 
сөйлеммен дәлелдейді.Басқа топтың оқушыларымен 
пікірлесуге түседі,мәселені талдайды.
Дебаттар.Кубизм.Эссе.Үш деңгейлік интервью. 
Тірек сөздер.Даналық ағашы.«Жиксо» әдістеріне ау-
ызша тоқталып өтейін.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, 
азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз 
мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді 
сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің 
екеніңді ұмытпа!»,- деген Елбасымыздың сөздерін 
сол елдің, сол тілдің иесін тәрбиелеуші, соларға білім 
беруші ұстаздармыз, сондықтан да біздің міндетіміз 
өте зор дегім келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет