1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет218/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

 
 
ҚАЗАҚТЫҢ КИiЗ БұЙЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЕРЕКшЕЛІГІ
А.Құрман 
№42 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Алматы облысы, Іле ауданы
Түйіндеме.
Мақалада қазақтың киіз үй жабдықтары атаулары мен оның ерекшеліктері туралы айтылады. Киіз 
үйдің күнделікті тұрмыста атқаратын қызметі мен ерекшелігі.
Түйін сөздер: киіз үй, уық, шаңырақ, кереге, сырмақ.
Аннотация
: В статье описываются названия казахских юртов и их особенности национальной названий обо-
рудование. Их особенности и роль в повседневной жизни.
Ключевые слова: 
юрта, шанырак, кереге, сырмак.
Abstract: 
The article describes the names of the Kazakh yurts and their features of the national names equipment. 
Their features and role in everyday life.
Key words: 
yurt, shanyrak, kerege, syrmak.
Киіздер мен текеметтер қай заманда да 
тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі дау-
сыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің 
өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде 
кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. 
Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-
талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, 
жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда 
болды. Сырмақтың пайда болуына о баста тұрмыста 
кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған тәрізді. 
Айталық, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң 


265
оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай 
жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге 
келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте 
жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп 
санауға болатын сияқты. Алғашқы сырмақ пішіні осы-
лай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден 
қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, 
шағын төсеніштер жасала бастаған. 
Киіз үйдің сүйегі. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (ке-
реге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды. 
Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты немесе 
бір ай даярлайды. 
Киіз үйдің ішкі баулары. Киіз үйдің сүйегін бір-
бірімен ұластыру мақсатында мынадай бау-құрлар 
қолданылады: Таңғыш, Бас арқан, Шалма, Желбау, 
Басқұр, Үзік бау, Бел-бау, т.б.
Қазақтың киiз бұйымдары: Текемет, Сырмақ,
Сырдақ, Тұс киiз, Сырмақ 
Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада 
пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы 
түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп 
шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез бо-
лып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай.
Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, 
сықырлауық) сүйегі деп атайды.Киіз үйдің сүйегі жа-
салатын «үй ағашты» алты ай немесе бір даярлайды. 
Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. 
Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең 
ұзынын – ерісін, қысқалауын – балашық, ең қысқасын 
– сағанақ деп атайды. 
Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атай-
ды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) 
үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына 
қарай уық саны азайып, көбейіп отырады. 
Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын 
ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басы-
на байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, 
мұны уықтың иіні деп атайды. 
Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне 
сұғынатан төрт қырлы ұшын қаламы дейді.Уықтың 
кеғреге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, 
оны уық бау дейді. 
Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып 
тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан 
иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық ме-
талмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек 
шеңберін тоғын дейді. Оған уық сұғынатын төрт 
қырлы көз - қаламдықтар теседі.Түндікті көтеріп 
тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын – ша-
шын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра 
бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. 
Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, 
киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол 
табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және 
жарма беттерден құралады.
Киіз үйдің ішкі баулары: Киіз үйдің сүйегін 
бір-бірімен 
ұластыру 
мақсатында 
бау-құрлар 
қолданылады. 
Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп 
таңатын өрнекті жіңішке құр. 
Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап 
таңатын қыл – арқан. 
Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап 
байлайтын құр. 
Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа 
үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге 
сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – 
дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. 
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр 
туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен 
керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, 
өрнекті жалпақ құр. 
Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден 
айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме 
бау. 
Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және 
жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын 
қыл арқан. 
Киіз үйдің шилері. 
Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын 
шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, 
киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін 
бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши 
деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға 
да тұтылады. 
Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және 
тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Олар-
ды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою - өрнектермен 
безендіреді. 
Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына 
дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне 
дейінгі аралықты жауып тұрады. 
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы 
өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы 
ши, астары жарғақ теріден жасалады. 
Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін ба-
стыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік 
бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, 
әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін. 
Киіз үйдің жиһаздары: 
Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің 
үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен 
қапталған. 
Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан 
жасап, өрнектеген үй жиһазы. 
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты 
қаңылтырмен әшекейленіп қапталады. 
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы. 
Асадал -тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже. 
Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салына-
тын ағаш тиянақ. 
Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы. 
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат. 
Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй 
жиһазы.
Алаша – әр түрлі түске боялған жүннен тоқылған 
төсеніш. Көп мәнерлі өрнектер түсіріп тоқиды. 
Бөстек – малдың не аңның жұмсақ терісіне киізден 
астар салып жасалынады.
Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. 
Ақ-қара киіздер бөлек-бөлек даярланып бір-біріне 
беттестіріп, қиюластырып тігеді. 
Түскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй 
бұйымы. Киіз үстіне барқыт, шұға, жібектерден ою-


266
өрнектер тігіледі. 
Қазақтың киiз бұйымдары
Киiз басып, одан алуан түрлi дүние-бұйымдар 
жасау қазақтың ең ежелден келе жатқан қолөнерi. 
Киiзбен үйдi жапқан, жерге төсеген, керегеге керген. 
Сол киiзден кебеже, сандық қаптайтын әбдiреқаптар, 
ыдыс-аяқ салатын аяқ-қаптар жасаған. Одан кебенек, 
киiз қалпақтар мен киiз байпақ тiккен. Ер тұрманның 
терлiгi мен тоқымы, тебiнгiсi киiзден болған. Тағы 
басқа да тұрмысқа қажеттi бұйымдарының көбiне 
киiздi қолданған.
Киiзден жасалған дүниелердiң көбi негiзiнен киiз 
үйдiң iшiн безендiруге арналған. Қазақтың қолданбалы 
әсемдiк қолөнерiнiң үлгiсi болатыны да осы заттар.
Олардың арасындағы неғұрлым кең тарағандары:
Киiз – ақ немесе басқа түстерден басылған, киiз 
үйдiң жабуына қажеттi туырлықтар, түндiктер және 
шаруашылыққа қажеттi бұйымдар жасайтын жұмсақ 
жүн;
Текемет – киiз үйдiң iшiне төселетiн жайма киiз;
Сырмақ – басылған киiздiң бетiне екi түрлi өрнек, 
бояумен жиектелiп, жұқа жүннiң үстiне матамен сы-
рылып жасалатын төсенiш кiлем;
Сырдақ – киiздiң үстiне алуан түстi жүн жiптермен 
кестеленiп тiгiлген төсенiш кiлем;
Жүндi бояу үшiн қазақтар ХІХ ғасырдың орта-
сына дейiн әр алуан өсiмдiктердiң тамырларынан 
қайнатылған тұнбаларды және минералды тұздарды 
пайдаланған. ХІХ ғасырдың екiншi жартысынан ба-
стап Қазақстанға анилин бояулары әкелiне бастады 
да, ол бiрте-бiрте табиғи боямаларды ығыстырып 
шығарды. Киiз үйдiң бүкiл iшiн алып жататындай 
аса үлкен, ауыр текеметтердiң бетiне ақ, қызыл не-
месе көкке боялған, iрi өрнектермен иректелiп 
басылған жұқа жүн тартылады. Оның дайындалуы, 
киiздiң үстiне басылу техникасы сырмаққа қарағанда 
неғұрлым жеңiлдеу болғандықтан да ою өрнектерi 
кейде басылған киiздiң түсiмен астасып, графикалық 
кескiндерi шашыраңқы келедi. Осының өзi оған ою 
өрнектiң жалпы түспен үйлескен жеңiлдiгiн бередi. 
Оюдың бiр желiсiн жүргiзушi шебер неғұрлым алуан 
түстi етiп көрсету үшiн кезек-кезегiмен түрлi түстi 
жүндердi жиi қосып отырған. Оны қай түстi бояуының 
басымдылығына қарай әр түрлi атайды, мысалы сара-
ла текемет, қарала текемет, қызылала текемет т. с. с.
Сырмақ – мозаика техникасымен жасалған киiз 
кiлемнiң бiр түрi. Сырмақ жасау өнерiнiң терең та-
мыры халық шеберлерiнiң ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп 
отырған, ежелден қалыптасқан дәстүрiнде жатыр. 
Мұнда бәрi бiртұтас келiсiм тапқан. Мозаикалық 
техниканы пайдаланудың өзi, яғни, жүннiң бiр 
түсiнiң екiншi түспен қабыстыра жиектелiп сырылуы 
кiлемнiң төсенiш ретiнде қолданылуына сай келедi. 
Мұндағы ою өрнек киiздiң бетiне бiркелкi сырылып, 
оны мезiлсiз тозудан сақтайтын болғандықтан, бұл 
жерде жапсырудың да, кестелеудiң де қажетi жоқ. 
Сырмақтар тозбайтын мықтылығымен ерекшеленедi. 
Жақсы сырылған сырмақтар 50 жылдан астам уақытқа 
дейiн шыдас бередi. Оған қоса, сырмақ сыруға жүн өте 
аз мөлшерде пайдаланылады. Сiмер оюшы бiр түстi 
жүндi екiншiсiнiң үстiне салады да, өзiнiң ойына алған 
өрнегiн жасайды. Және сол өрнектiң екi жақ шетiн 
бiрдей жиектей келiп, ортасын сырады. Одан соң ақ 
жүнге қара, не қоңыр, я болмаса керiсiнше қоңыр түске 
ақ жүн қапсырылады. Сонда сырмақтың өрнектелген 
бетiнде екi түрлi үйлесiмдi түс пайда болады. Бiрiнiң 
үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп, 
астындағы киiздiң бетiне салады да, оны жиiлеп сы-
рады. Және ол салынған ою өрнекпен жиектелiп, бiрге 
сырылады. Түрлi түстi жүндердiң қосылған тұсындағы 
тұйық желiсiне бояулы жiп тiгiледi. Жалпы сырмақтар 
ұстамды, сабырлы сұңғаттылығымен ерекшеленедi. 
Егер текеметтерде көбiнесе жануардың болмысын ойға 
салатындай оюлар қолданылса, сырмақтарда өсiмдiк 
нышандарын бейнелеу басым. Сырмақтың орталық 
алаңы бар, ол өрнектермен бөлiнедi де, көбiнесе ешкi 
жүнiмен шашақталып, әдiптеледi. Әдетте оларды 
шашақты сырмақ деп атайды[2,41].
Қазақтың қабырғаға iлетiн кiлемдерi – түскиiздерi, 
тiк бұрышты жалпақ киiз бетiне қызыл және қара 
барқыт немесе шұғамен күрделi өрнектелiп, кесте-
ленген әдемi өнер туындысы. Түскиiздi қазақтар 
әдетте керегеге керiп, төсектiң тұсына iлген. Оның 
«түскиiз» аталуы да «тұс» деген түбiрден шыққан. 
Ол киiз үйдiң iшiне сән берiп, әрi суықтан қорғаған. 
Оны жасауға мозаика, өрнектеп жапсыру және ке-
стелеп тiгу тәсiлдерi қолданылған. Алғашқы екi 
тәсiлмен жасалған түскиiздер iшкi түзу бұрышты 
жиектеген П әрпi тәрiздi кескiнмен көмкерiлген. 
Оның өрнектелуiне зооморфтық, яғни хайуанаттар 
болмысы және өсiмдiктердi бейнелейтiн нышандар 
бiрдей пайдаланылған. Кестеленген түскиiздер өзiндiк 
өрнектерiмен және композициялық шешiмдерiмен 
ерекшеленедi – орталық алаң қашанда жиектел-
ген өрнек арқылы тұйықталған және онда алуан 
түрлi өсiмдiктер нышаны басым. Ал, кестеленген 
түскиiздердiң ең басты ерекшелiгi өрнектер алды-
мен матаның (барқыт, шұға, мақта-мата кездемелерi) 
бетiне кестеленiп безендiрiледi де, содан соң барып, 
киiздiң бетiне тiгiледi. Мозаикалық және өрнектеп 
жапсырылған түскиiздер Шығыс, Оңтүстiк шығыс, 
Орталық және Оңтүстiк Қазақстан аудандарында
сондай-ақ, Батыс Қазақстанның кейбiр аймақтарында 
кездеседi.
Киiз қапшықтар, ыдыс-аяқ салатын аяқ қап, кебеже, 
сандық салатын әбдiрақаптардың тұрмысқа пайдалы 
болғандығынан да киiз үйдiң iшiн әдемiлеп, көркем 
безендiруде алатын орыны ерекше маңызды болды. 
Бұл жиһаздар көркемдiгiмен көз тартады. Жұқа ақ 
киiздiң бетiне еркiн орналасқан ою өрнек үлкен киiз 
кiлемдердегi қатаң тәртiппен жүйелi салынған күрделi 
кестелеулерге қарағанда жеңiлдiк, әдемiлiк және 
талғампаздықты сездiредi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет