Орындаған: Аленова Н. С тобы: пп-701 Тексерген



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі26,76 Kb.
#83510
  1   2
Байланысты:
эконом сро 6апта


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті КЕАҚ
Инженерлік-технология факультеті


БӨЖ

Еңбек ақыны анықтау қағидалары




Орындаған: Аленова Н.С
Тобы: ПП-701
Тексерген: Анарбеков Н.М
Семей 2020
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Нарықтық шарттағы еңбекақы
2. Еңбек ақы функциясы және анықтау қағидалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекешелендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған реформалар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындармен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясатта осындай сипатта болады.


Президентіміздің Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауында әлеуметтік саладағы бірінші кезекте мәселе етіп еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесін құру мәселесін қойды. Оның негізінде еңбекақының ең төменгі шегі емес, кедейшілік пен күн көріс минимумы жатуы қажет. Бұл өзгерістердің барлығы еңбенкақының төменгі деңгейі арқылы қалыптасатын еңбекақының ұдайы өндірістік рөлі қазіргі жағдайда тұрғылықты халықтың өмірлік қажетттілігін қанағаттандыру және төлем қабілеті сұранымын реттеу құралы ретіндегі негізгі функцияларының бірін көрсете алмады, бұл нарық қатынастарының негізін түзеді.
Осының негізінде еңбекақыны реформалау жүргізілген болатын. Реформалауда жұмыс беруші мен жалданушының құқықтары, жұмысшының бюджеті, оған мамандық, еңбек саны мен сапасы деңгейіне байланысты қажет өмір сапасын қамтмасыз ету қажеттілігі ескеріледі



  1. Нарықтық шарттағы еңбекақы

Нарықтық шарттағы жұмыста әр түрлі ұғымдар мен үдерістердің мәні және қатынасы өзгерді. Бұл толығымен еңбекақыға қатысты. Қазіргі уақытта еңбекақы ұғымы сөздің тар мағынасында және кең мағынасында да қолданылады. Бұл ұғымды әр түрлі авторлар түрлі түсінік береді. Біздің пікіріміз бойынша неғұрлым сиымды анықтамасы, еңбекақының орындалған жұмыстың белгілі бір саны үшін қандайда бір марапаттау, жұмыс күшінің бағасы болуында.


Нарықтық экономика шартында еңбек нарығы қалыптасады, оның субъектілері: еңбек ресурстарының белгілі бір санына сұранысты тудыратын жұмыс берушілер (өндіріс қорларының иелері) мен жалдамалы жұмыскерлер (еңбек ресурсының иелері), яғни еңбек нарығында ұсынысты қалыптастыратынкәсіби-квалификациялық сипаттамалар мен саны.
Еңбек ақы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақсатн Республикасының басқада нормативті құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге оның еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуімен байланысты қатынастар жүйесі.
Жалақыны номиналды және нақты деп екіге бөлу қажет.
Номиналды еңбек ақы жұмысшылардың еңбегі үшін алатын ақшалай сый ақысы.
Нақты еңбек ақы– номиналды жалақыға сол кездегі баға деңгейінде алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны.
Жұмыс күшінің бағасы – жұмыс күшінің нарығында сұраныс пен ұсыныс арасындағы арақатынасты ескере отырып, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне қажетті шығындардың дифференциацияланған деңгейін көрсететін, оның құнының ақшалай өрнектелуі.
Еңбек нарығы – экономикалық белсенді халықтың сұранысы мен ұсынысының қалыптасу сферасы.
Жұмыс күшінің нарығы – азаматтардың еңбектік мүддесінің заңды қорғалуында, кәсіпкерлердің жұмысшыларды еркін жалдануын, адамның қызмет түрлерін таңдауда еркіндігін қарастыратын, оған деген сұраныстың және ұсыныстың ықпалымен пайда болатын жұмыс күшінің иесімен оны сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынастың жиынтығы.
Еңбек нарығында келісімдер объектісі ретінде нақты жағдайда қандайда бір уақыт ағымында белгілі бір сападағы еңбек ресурсының бірлігін пайдалану құқығы орын алады. Еңбек бірлігінің нарықтық бағасы – уақыт бірлігінде нақты ксіби-квалификаиялқ сипаттамалар бар, еңбек ақы деңгейін анықтайтын жне келісім-шартта негізделген жалақы мөлшері. Еңбек нарғындағы субъектілердің экономикалық мүдделерінің балансын ескере отырып, қарастырылып отырған сападағы еңбек бірлігінің нарықтық бағасы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының ықпалымен қалыптасады.
Еңбек ақы мөлшерінің шамасы мен нарық конъюнктурасына келесідей факторлар ықпал етеді:
1) өндіріс кезінде қолданылатын, тауарлармен қызметтер нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзгерісі;
2) кәсіпкер үшін еңбек ресурстарының пайдалылығы;
3) баға бойынша сұранысының икемділігі;
4) ресурстардың өзара алмасушылығы;
5) тұтынушылық тауарлар мен қызметтер бағасының өзгерісі.
Еңбек ақы деңгейне бірқатар нарықтық емес факторлар әсер етеді:
1) жалақыны мемлекеттік реттеу шаралары;
2) жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы күштің арақатынасы;
3) еңбек қатынастарын жасаудың барлық деңгейлеріндегі келісім шарттық реттеу механизмі;
4) кәсіпорын қызметінің сандық нәтижелері және жұмскердің жеке еңбек үлесі.
Еңбек ақыны реттеудің екі негізгі әдісі бар:
1. Орталықтандырылған әдіс барлық кәсіпорындар үшін немесе жекелеген салалар мен кәсіби топтар үшін міндетті еңбек ақы мөлшерін заңды бекіту.
2. Локальді әдістер кәсіпорындар өз бетінше жасайтын жалақыны ұйымдастыру әдістерінен, механизмдерінен, барлық проедураларынан тұрады. Бұл еңбек ақы жүйесін таңдау, тарифтік мөлшерді бекіту, еңбек ақыға ақша қорларының мөлшерін бекіту, әр түрлі қосмшалар мен үстемелер енгізу, сондай-ақ сый ақы жөнінде ережелер жасау. 
Еңбектік серіктестік - жұмысбастылықтың мемлекеттік және жеке агентстваларының көмегімен халықты еңбекке тартуға қатынасу.
Жұмысбастылықтың мемлекеттік және жеке агентствалары бос орын жөнінде ақпараттар, еңбек бойынша кеңестер, жұмыс іздеуге көмек, қажет болған жағдайда кадрларды оқыту және қайта оқытуды ұсынады.
Мақсаттық топтар – жұмысқа орналасуда қиындықтарға кездесетін және әлеуметтік қорғуды қажет ететін тұлғалар.
Мақсатты топтарға жататындар: аз қамтылған азаматтар, 21 жасқа дейінгі жастар, балалар үйінің тәрбиешілері, жетім-балалар, жалғыз, көп балалы ата-аналар, зейнетақыға шығу алдындағы жастағытұлғалар, мүгедектер. Мұндай азаматтарға Қазақстанда мемлекет жұмысқа орналасу және жұмысты таңдауға қатынасу дикриминациясынан қорғауға кепілдік береді.
Сөздің кең мағынасында еңбек ақы ұғымына әр түрлі жұмыскерлердің еңбек ақысын кіргізеді: әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар; біліктілігі жоғары мамандар, білімге көп шығын жұмсауды қажет ететін еңбек, дәрігерлерді, оқытушыларды, заңгерлерді және т.б. – арнайы оқыту, халыққа тұрмыстық қызмет (тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша шеберлер, шаштараздар және т.б.) көрсететін майда кәсіпорын иелері.
Сөздің тар мағынасында еңбек ақы бұл белгілі бір уақыт ағымында- сағат, күн және т.б. еңбек бірлігін пайдаланғаны үшін төленетін баға.
Жұмысшы үшін еңбек ақы– жеке басты және негізгі бабы, жанұясының әл аухатын көтеру және ұдайы өндіріс құралы.
Жұмыс беруші үшін жұмысшыларының еңбек ақысы - өндірілетін тауарлар мен қызметтің өзіндік құнындағы шығындардың негізгі баптарының бірін құрайтын, жұмыс күшін жалдау бойынша жұмсалатын қорлары. Сонымен қатар жұмыс беруші өнім бірлігіне жұмсалатын жұмыс күшінің үлестік шығындарын төмендету мүмкіндігіне қызығушылық білдіреді. Еңбек ақы деңгейі еңбек нарығындағы тұрақты өзгеріп отыратын жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың шартында жұмысшы мен жұмыс берушінің мінез құлқына едәуір әсер етіп отырады.
Тарифтік жүйе келесідей элементтерден тұрады: бірыңғай тарифтік торлама, тарифтік мөлшер, тарифтік – квалификаиялық анқтамалар.
Еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесі заңды орналасқан және өзара байланысты элементтер болып табылады: тарифтік жүйе, мөлшерлеу, жалақының формасы мен жүйесі.
Еңбек ақы негізгі және неғұрлым күшті ынталандырушы (мотиватор) ретінде әрекет етеді.
Мотивация жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы, кәсіпорын мақсатына жету үшін қызметкерлерді жұмысқа ынталандыру. Қажеттілік, әділдік, мәжбүрлік, күту, мақсатты қою сияқты белгілі мотивациялық теориялар ішіндегі неғұрлым атақтысы А.Маслоудың қажеттілік, әділдік теориясы болып табылады.
Мемлекет реттеуші функциясын орындайды және инфляция шамасына қарай өзгерістер енгізіп отырады. Бұл:

  1. Кәсіпорын типін және оның стратегиясын таңдаудан тәуелді болатын тұтынудың максимум қорларын алуға персоналдың жан-жақты күресі.

  2. Бірыңғай тарифтік кестенің негізінде, мүмкіндігінше зауыттық тарифтік жүйені жасау.

  3. Тұтынуға, еңбек ақы қорына, жаңалық ашуға және кәсіпкерлік қызметке, акция бойынша пайыздар мен дивиденттер төлеуге қорларды тиімді бөлу.

  4. Еңбек ақыны ұйымдастыру шарты жөнінде ұжымдық келіссөздер жасау.

  5. Бөлімдер, цехтар, бөлімшелер бойынша еңбек ақы қорын бөлу әдістемесін жасау және енгізу.

  6. Кәсіпорында еңбек ақы төлеудің үддемелі жүйесі мен формаларын таңдау

Тарифтік жүйе келесідей элементтерден тұрады: бірыңғай тарифтік кесте, тарифтік ставка, тарифті-біліктілік анықтамалары.
Еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесі заңды орналасқан және өзара байланысты элементтердің бірлігін көрсетеді: тарифтік жүйе, мөлшерлеу, жалақының формалары мен жүйесі.
2. Еңбек ақы функциясы және анықтау қағидалары

Еңбек ақы ұйымдастырудың белгілі бір қағидаларына нгізделеді және әр түрлі функцияларды орындайды.
Еңбек ақы жүйесі мен формаларының қисындылығы мен ашықтық қағидасы олардың мәнінің кең ақпараттануын қамтамасыз етеді. Жұмыскерлерге еңбек ақы мен сыйлық ақының шартын нақты көрсетуі қажет. Осы жағдайда ғана олар өндіріс тиімділігінің өсуіне қызығушылық білдіреді. Бұл қағидаға ұдайы өндіріс функциясы сәйкес келеді.
Еңбек ақы нақты арттыру қағидасы өндіріс тиімділігінің өсу шамасына қарай, қажеттлікті арттырудың экономикалық заңының әрекет етуімен байланысты, осыған сәйкес, өз еңбегіне көп материалды игіліктер алу мүмкіндігін кеңейткенде ғана толық қанағаттанады.

1-кесте. Еңбек ақының функциялары мен қағидалары



Қағидалары

Функциясы

Еңбек ақы жүйесі мен формаларының логикалылығы және мүмкіндігі

Ұдайы өндірістік

Еңбек және өндіріс тиімділігінің өсуіне қарай нақты жалақының артуы

Реттеушілік

Тең еңбекке тең еңбек ақы төлеу

Ынталандырушы

Мемлекеттік реттеу

Өлшеуші-орналастырушы

Жұмыс күші нарығына ықпалын есепке алу

Ресурстық орналастырушы

Дифференциация

Халықтың төлемге қаблеттлігін қалыптастыру

Тең еңбекке тең еңбек ақы төлеу қағидасы еңбек ақы арқылы бірдей еңбекті адекватты бағалауды ұйғаратын кәсіпорын ішіндегі бөлуде әділдікті сақтау. Мемлекеттік реттеу қағидасы жалақы және әлеуметтік нормативті саясаттың негізгі бағыты мемлекеттік деңгейде жасалуы қажеттілігн білдіреді.
Еңбектің күрделілігі бойынша дифференциациялау қағидасы неғұрлым күрделі еңбек қарапайым түріне қарағанда үлкен құн тудыратынын білдіреді. Бұл қорытынды батыс экономистеріменде қолдау табады, және оны қаблет пен жұмыскерлердің әр түрлі топтарын дайындау деңгейі арасындағы айырмашылық деп атайды.
Еңбек шартындағы айырмашылық физикалық энергияның әр түрлі шығындарын талап етеді және сәйкесінше жұмыс күшін ұдайы өндіру бойынша шығындарға ықпал етеді.
Еңбек ақының территориялық дифференциациясының негізінде жұмыс күші бағасының деңгейіндегі айырмашылықты ескеретін экономикалық, табиғи-климаттық, әлеуметтік, экологиялық факторлар жатыр.
Осылайша, еңбектің территориялық ұсынысында және шартында, күрделілігіндегі айырмашылық жалақының дифференциациясының объективті белгілерін көрсетеді. Кейбір батыс экономистері еңбектің халық шаруашылық мәні мен жұмыскердің еңбек үлесінің формасы факторларының қызметтің соңғы нәтижесіне ықпалын теріске шығарады. Бұл тәуелділік жалақының өзгермелі бөлігінде көрінеді, яғни сыйақының әр түрлі жүйесі арқылы.
Ұдайы өндірістік функциясы өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру, жұмыс күшін ұдайы өндіру құралы ретінде көрінеді және еңбек ақының абсалютті деңгейін анықтайды.
Еңбек ақының реттеуші функциясы жалақының минималды деңгейін мемлекеттік реттеу, Бірыңғай тарифтік кесте жасау арқылы әрекет етеді. Оның мәні жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының арақатынасына, персоналдың қалыптасуына, жұмыскерлер санына және олардың жұмысбастылық деңгейіне ықпал етуінде.
Ынталандырушы функциясы өндірісте жоғары нәтижелерге жету материалды ынталандыру арқылы жүзеге асады, оның мақсаты – еңбектің нәтижесі, сапасы және санынан тәуелді жалақы деңгейін бекіту.
Ресурстық орналастырушы функциясы кәсіпорын, сала, аймақ бойынша еңбек ресурстарының орналасуын тиімді ету. Еңбек ресурстарын оналастыру сферасында мемлекеттік реттеу минимумға келтірілгенде, тиімді жұмыс күші нарығын қалыптастыру басталады, өмірлік деңгейін арттыруға жұмыскердің ұмтылуы оның өз қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жұмысты іздеуге ауысуын ескереді. 
Халықтың төлемге қаблеттлігін қалыптастыру функциясы – тұтынатын тауарлар өндірісі мен ақша қорларымен қамтылған сатып алушылар қажеттілігінің көріну формасы түсіндірілетін төлемге қаблетті сұраныстың үйлесуі. Төлемге қаблетті сұраныс қажеттілік пен сұраныстың ықпалымен қалыптасатын болғандықтан, нарық шартында жалақы көмегімен тауарлы сұраныс пен ұсыныстың арасында пропорция бекітіледі.
Еңбек ақының қағидалары мен функциялары кәсіпорындарда тікелей еңбек ақыны ұйымдастыру үшін қажетті әдістемелік негізді құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет