1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет12/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
13 
Жазушының өмірінде кездескен әңгіменің майын тамызып, нақышына келтіріп 
айтатын адамдар аз болмаған. Ілияс сондай адамдардың талайының тыңдап та, сөйлетіп 
те көріп, әңгімелерінің желісінің қызықтысын, шұрайлысын өзінің көркем шығармасына
айналдырып отыратын әдеті осы туындыда жақсы көрінген. 
Ілияс бұл әңгімесін «ең алғашқы туындыларымның бірі» десе де, шығарма желісі 
ширақ, оқиға тартымды жазылған. Әдетте, жас қаламгердің алғашқы шығармаларының 
ішінде көптеген шикіліктері әр жерде көрініп тұрса, бұл әңгіменің бір ерекшелігі- бір 
бірімен астасып кететін ұтымды тартымды оқиғаларды сәтті пайдаланып оқырманды 
бірден баулап алады. 
Әңгіме кейіпкері Алқаның бет-бейнесі, мінез ерекшелігін суреттей келе, оның 
«Сандыбайдың күңі» екендігін бадырайта көрсетеді. Алқаның кейпін ағарту үшін күйеуі 
Қырықбайдың құл болып зорығып өлгенін, балалары Маржан мен Қасеннің әйтеуір 
өлмеген пенденің күйін кешіп жүргендігін сөз арасында баяндап қойып отырады. Сонда 
күң мен құлдың аянышты тағдыры көз алдыңа келіп, оның балаларының болашағы 
алаңдата бастайды. Өмір шындығының шынайы суреттері әрі қарайынтықтыра, шығарма 
шырайын әрлендіре түседі. 
Әңгіме фабуласының түсінікті, әр қысқа-нұсқа болуына жазушы айрықша назар 
аударған. Мұнда А.П.Чеховтың әңгімені қысқа қайыру әсері де байқалынады. Әр 
оқиғамен суреттеуді аяқтай келе, бұл осымен бітті, келесі айтарымыз мынау еді деп, бөліп-
бөліп бергенінен әрі қарай созбауым қажет, жалықтырып алуым мүмкін деген ой 
жазушының әр уақыт мазалай бергені сезіледі. 
Соншалықты ұзақ уақыт аралығында орасан зор кеңістікті ала отырып, 
жазушыны ең алдымен ықшамдылық, мейлінше тұжырымды болу талаптарын көркемдік 
келісім,лаконизм заңдылықтарын ескерген. Талант күшін, дарын қуатын бейнелі образ, 
нақты сурет, картина арқылы көркем ой айтуға жұмсалған. «Сандыбайдың күңі» 
Алқаның бүкіл ғұмырын жиып-теріп шағын көлемге сыйғызу қанша күрделі болса, 
штрихты суреттеумен бейне жасауға күш салғанын жазу машығынан аңғарылады. 
Әңгіменің алғашқы бөлігінің Алқаның өмірін, күнделікті тіршілігін, бүлдіршін 
балаларын бейнелесе, екінші бөлігінде «Айлар өтті, жылдар өтті. Дүние дөңгелегі тоқтаусыз 
өзінің зырлауында. Жас өсіп, жарлы байып, кедей бай болып, бай кедей болып, тұрмыс 
жаңадан жаңаға айналып кетті...» [7,32 б.] деп, талай уақыт өтіп, Алқаның қартайып, 
балаларының бойжетіп, ер жетіп қалғанынан хабардар етеді. 
Өмір логикасы өзгермейді. Күң күң болып қалуы керек. Оның ел қатарлы тіршілік 
жасауы, өзімен-өзі өмір сүріп кетуі күңдікке жанаспайды. Ол сол Сандыбайдың есік 
алдында отымен кіріп, күлімен шығуы керек. Оның санасы соған әбден үйренген. 
Балалары да сол. Байдың айтқанынна шықпай орындау-олардың әке - шешесінен қалған әдет. 
Тіпті, Маржан - он үш жасында Сандыбайдың кіші тоқалының төркінінің жақыны
Жапар тазға Жоңқабайдың ұйғарымымен ұзатылып кете бара жатып 
«мен бармаймын» деген бір ауыз сөз айту қаперіне кірмейді. Күң Алқа да үнсіз, ер жетіп 
қалған Қасен де үнсіз. Сандыбайға қарсы сөз айтуға «сүйектеріне таңба» түсердей қорқады. 
Қызынан түскен қалың мал да Сандыбайдың көп малының арасына қосылып жұтылып кетеді. 
Талай уақыт өтіп Алқа Маржаннын сағынады, барғысы келсе де, қызының кеткен жағын, 
барған елін білмейтін, сұрап ал алмайтын сорлы маңдай күң. Анда-санда көзінің жасын 
сорғалатып от басында ғана сағынып жылайды. Кеткеннен кейін Маржанын көрген жоқ. 
Ешкімге де зияны жоқ, «...бөтен қатындардай не болса соны сөйлеп, өсек-аяңға үйір 
болмай,тиісті кезекте ғане сөйлейтін»,[7,32 б.] құдай алдында күнәсі болмасада, Алқаның өзінің 
көкірегінен шыққан баладан тірідей айырылғанын жазушы көңілге қонар детальдар арқылы өте 
шебер бейнелеп берген. 
Көз шырағындай болған жалғыз ұлы Қасен қасында ғой дегеніңізбен, оған да 
кездейсоқтық тап болады. 
«...Жасы азырақ кемірек болса да Жоңқабайдың нұсқауымен жазушының қаламы бір 
түртіп, жасын жеткізіп кеткен...Сандыбай да Жоңқабай да Алқа мен Қасенді алдап-сулап,бар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет