1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет31/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
32 
«Әр сөздің айтылатын мәнісі бар, Сөйлемес бұрын алдымен танысып ал» дегендей осы 
зерттеудің барлығын көзі көрген қариялардан жазып алдым. Осы кісіден білім алған балалар 
үйінде болып, аштықтан алып қалған адамдардың ұрпақтары қазір өсіп-өніп отыр. Көкірегі ояу, 
көзі ашық, әке –шеше аруағын сыйлағандар бар болса, сол қиын кездегі қаптың түбі қағылып, 
қара қазан қоңырсымай қалған ашаршылықтан ата бабасын аман алып қалып, ұрпақтарын осы 
бақытқа жетуіне бірден бір себепкер болған Мәкей ұстазына құрмет жасап, басына қоршау, 
белгі тас қою қажет. 
1940-1950 жылдар арасында балалар үйі жабылғанда, жетім балаларды туған –туыс
жамағайындарын іздеп тауып табыстапты. Ешкімі жоқтарды баласы жоқ адамдарға беріп, 
арттарынан жиі -жиі барып қарындарының аш тоқтығын тексеріп, жағдайларын біліп тұрыпты. 
Осындай мейірімі мол, пейілі кең, алтын жүрек, Алатаудай тұлғасы биік, айбынынан 
айдыны артық болған, білімі теңіз, бір туар асыл ұстазды құрмет тұту өзінің Еңбек ауылында 
ғылыми конференция өткізіп, атын жарыққа шығару ақсудағы ел–жұртымен әр азаматына 
үлкен сын. Талдықорған қаласынан Абдрасыл, Абылхайыр төрелердің телефон номерлерін 
тауып, сөйлескен едік. Қолдау танытатындай сыңай білдірді. Осы мақаладағы шежіреден оқып, 
аталас туыстары боп жатса, аталары хандық тақтан арылмаған, ата бабасынан тектіліктері
жойылмаған ақсүйек тұқымдары төрелер болса, Мәкей төренің басына қошау қоюға азағана 
болса да үлестеріңізді қоссаңыздар екен. Мұқағали ақын айтқандай «шаң басқан архивтерден
табылармыз» сөзінің тағы бір дәлелін қайталағандай болдым. Бұл сауапты іс болғанмен, 
жауапты іс болып тұр. Мәкей аруағы бәріңізге риза болғандай болсын. Алдағы уақытта
жақсылық пен сәттілік болғай. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Мектеп, 1983, 231 б. 
2.
Сабын – І.Ж. Поэмалар мен өлеңдер, Алматы, Жазушы, 1994, 230-231 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет