1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет59/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   176
Байланысты:
2-2018

Ключевые слова:
 голод, репрессии, репрессии, кампания национализации, плоды века, 
казахская история. 
ХХ ғасыр қазақтың тарихында ең күрделі, қайшылығы да, тағылымы да мол кезең. 
Бұл кезеңде қазақ халқы жаппай сауаттылыққа жетті, ғылым-білім саласында табыстарға 
ие болып, дүниежүзілік мәдениеттің биік деңгейіне қол жеткізді, ұлт зиялылары 
қалыптасты. Бұны ғасыр жемісі деп баға­лаған дұрыс. Сонымен бірге, қазақ халқы кеңес 
үкіметінің отаршылдық саясатының ықпалында болып, ашаршылық, репрессия, қуғын-
сүргін сияқты зобалаңдарды басынан өткерді. Ұлтсыздандыру науқаны белең алып, алаш 
жұртына рухани қазынасынан айырылып қалу қаупі төнді. Міне, дәл осы кезде зиялылар 
ұлт мүддесі үшін бірігіп, «Алаш» идеясын ұсынды. Тәуелсіздікті көксеген ол ұстаным 
ұлт-азаттық күрестің мазмұнын айқындады. 
Ұлт көсемі Ә.Бөкейхан бастаған алаш зиялыларының басты мақсаты – саяси әрі 
рухани тәуелсіздікті көксеген «Алаш» идеясын қазақтың игілігі үшін тиімді жүзеге асыру 
болды. Бұған байланысты зиялы қауым өкілдері ұлттық идеяны жан-жақты насихаттауға, 
оның ішінде ұлттың жаны болып табылатын руханият саласында іске асыруға ерекше 
көңіл бөлді. Ұлттық мұратқа жету үшін алаш ардақтылары ауыр да азапты жолдан өтті. 
Олардың әрқайсысының ұлт үшін жасаған қызметі мен сіңірген еңбегі елеулі. Әрбір 
зиялы қоғамның қажеттілігін, заманның талабын біле отырып, түрлі салада ұлт мұраты 
үшін адал қызмет атқарды. Алаш қайраткерлерінің рухани мұрасы ұлттың баға жетпес 
байлығы. Сол себепті, оны зерттеу жұмыстары қазіргі таңда белсенді түрде атқарылуда. 
Бұл ретте алаштанушы ғалымдар ұлт қайраткерлерінің өнегелі еңбектерін жинақтап, 
ғылыми зерттеулер жазып, елге танытып жатыр. 
Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен 
қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі 
дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын 
айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих 
ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай 
белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына 
жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын 
айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет