1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет56/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
54 
ете алмайтын заманға келе жатырмыз, осыны ауыл жастары сезе ме екен дей келіп: 
Ойынды қой, інішегім, алға бас! 
Жарқыратып ақ нұрыңмен көңілді аш. 
Балалыққа жас миыңды алдатпа, 
Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас 
Біз қараңғы үйде отырмыз, қарағым! 
Басқа жұрттар жап – жарық қып шырағын. 
Солардай боп бізде жарық көрейік, 
Сендер де кеп шырақ жақшы, шырағым! 
деп інішектерін оқуға, білімге шақырады. Сәкен творчествосында жарқыраған үш 
жұлдыз – Абай, М. Горький, В. Маяковскийлер көрнекті із қалдырды. «Сәкен өзінен бұрынғы 
әдебиеттің үлгілі дәстүрлерінің бірде – бірін жоққа шығарған жоқ, тек оны жаңа жағдайда тың 
үлгілерімен байытты. Ақын шығармаларындағы өз елін сүю, жерін сүю, оны қорғау идеясына 
ұштасты» [4, 124 б.]. 
Сондықтан біз бүгін ақын шығармаларынан ежелден келе жатқан дәстүр жалғастығын 
іздестіретін болсақ, онда, ең алдымен, оның көтерер әлеуметтік жүгіне, азаматтық үніне зер 
салып, назар тіктеуіміз керек. «Абай, сөз жоқ, арғы – бергі әдеби тарихымызда бұрын – соңды 
болмаған ұлы мектеп, қайталанбас ғажап құбылыс» [5, 16 б.]. 
Ол керісінше, өзіне дейін жасалынған халқымыздың бойындағы рухани байлықпен 
мейірі қанғанша сусындап, жетілдіріп, қайта қорытып барып жаңа әдеби әлемді өмірге әкелді. 
«Ол, ең алдымен, өзіне дейінгі ақын – жыраулардан халыққа қызмет ету, халықтың үні болу, 
қоғамның әлеуметтік мәнін ашып көрсету, күрескерлік сияқты басты – басты мәселелерді мирас 
етті» [6, 2 б.]. 
Егер байыппен бағдарласаңыз олардың ішінен сіздің құлағыңызға сонау – сонау ғасыр 
қиырында қалған ақын – жыраулардың үні мен сазы, сарындары талып болсын естіліп жататыны 
сөзсіз. Ұлы Абай, дәстүр жетілдіруді, яғни дәстүр жалғастығын мүлде жаңа арнаға салып, мүлде 
тың сатыға көтерді. Ол алғашқы болып тек өз халқының рухани байлығын меңгеріп, тек соны 
ғана игеруімен халықтың тарихи санасын жаңа биік деңгейге көтеру мүмкін емес екенін ұқты. 
Сондықтан да Сәкеннің ұлттық әдебиет тарихында алатын орны мен ролі ақынның тек 
жаңа кезеңдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы болғанымен өлшенбейді, оның үстіне үлкен 
суреткерлік күшімен, жаңашыл туындыларымен, асқақ талантымен айқындалады. Абай дәстүрін 
жемістендіре дамытқан, ұлы орыс әдебиетінің жаңалығын бойына сіңірген Сәкен творчествосы 
ұлттық сөз өнерін шырқау биікке көтерді, өнерге шөлдеген жаңа заман, уақыт тілегіне жауап 
берді. «Туған әдебиеттің реалистік дәстүрін дамыта отырып, Сейфуллин поэзияға жаңа герой, 
жаңа көркемдік сыр еңгізді» [7, 2 б.]. 
Мысалы: Ақынның табиғатқа байланысты өлеңдеріне зер салайық. Ақын табиғат 
лирикаларында жаратылыс дүниесін жалаң алмай, оны қоғамдық, әлеуметтік жайлармен тығыз 
сабақтастырыла отырады. Көрініс пен құбылысты әрі дәл, әрі айқын бояумен сипаттау – кемел 
суреткерліктің белгісі. Сәкеннің қысқы ауылды, даланы суреттеген циклдік өлеңдері осының 
айғағы. 
Мұздай демі бет қарып, 
Аяз аузын ашады. 
Құлақтанып қызыл күн 
Жасыл ұшқын шашады 
Қызыл аяз демімен 
Бет қарылып күйеді, 
Қанын беттің шығарып 
Аяз тістеп сүйеді. 
Міне бұл Арқаның сақылдаған сары аязының бір көрінісі. Абай қысты үсті – басы ақ 
қырау кәрі құдаға ұқсатып алса, Сәкен үскірік аязды «Жасыл ұшқын шаша күліп, билеп, беттен 
сүйіп, ойнақ салған» жаңа бейнеде суреттейді. Сәкен тапқан жаңа образ аяз атаның сүйікті 
серігін еріксіз еске түсіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет