1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет47/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
47 
ашуға жәрдемдесетінін айтады. Бала қоршаған дүниені сезім мүшелері арқылы сезінсе, оны 
тұжырымдау, жүйелеу ой арқылы жүзеге асады дейді. 
Бұл пікір химия заттары мен құбылыстарын оқытуда бізге ой салады. Халықтық
педагогиканың тиімді тұстарын пайдалану оқушының ойын қозғауға, ой қорытуына, 
тұжырым жасауына көмектесетіндігін айқындай түсуге тырысамыз. 
«Дүниені танытудағы сыртқы әсердің маңызын талдап, әсер жеке болсын, әсер жаңа 
болсын, ескі біліммен жаңа білімнің қатысы болсын, жағырапияны оқыту туған ауылдан 
басталсын» - дейді[6]. М.Жұмабаевтың бұл пікірінің осы кезге дейін құны жойылған жоқ. 
Ахмет Байтұрсыновтың зерттеулерінде де адам баласына жас шағынан-ақ өзін 
қоршаған ортаның неден тұратынын білу шарт екенін айтады. 1926 жылы жарық көрген 
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «біздің сезіп көріп жүргендеріміздің бәрі табиғат 
заттары, табиғат денелері және адам ісінен шыққан жасанды нәрселер, жасанды істеуге 
жұмсалатын адамның өнері, білімі, күші, олай болса, сол заттарды істейтін де, 
пайдаланатын да болашақ жастар екенін ұмытпау керек», - дейді[7]. Бұл пікірдің химия
ғылымына да қатысы бар деп қарауымыз керек. А.Байтұрсынов бала қиялын дамытуда 
жұмбақ жаңылтпаштардың маңызы зор екенін атап көрсетті. Ол жаңылтпаштың бала тілін 
дамытудағы ролін өте жоғары бағалады. Жаңылтпашты жаңылмай айту үшін алдымен 
сөздің мағынасын түсіну, сонан әрі дұрыс айту үшін бала үлкен күш жұмсайды, ойланады,
ой қорытады. Осы арқылы оның санасында ұғым қалыптасады. Міне бұл пікір химия 
сабағында да жұмбақ-жаңылтпаштарды кеңінен қолдануға болатындығын көрсетеді. 
Мысалы: «Металдар мен бейметалдар тақырыбын өткенде ойын-сабақ ұйымдастырып
металдар туралы мақал-мәтелер жасыруға болады. 
1. Тот темір жейді,от ..... жейді. (көмір). 
2. Темір кессең қысқа кес, ұзартуға оңай, 
3. Қойдың сүті - .....(қорғасын). 
4. Арпа бидай ас екен, алтын - ..... тас екен (күміс). 
5. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі ......(алтын). 
6. Пәлен жерде алтын бар, барсаң ...... та жоқ. (мыста). 
7. Болған іске ..... берік бол (болаттай). 
8. Аспанда ай әкім болса, Жердегі адамның әкімі ...... (күміс). 
9. Ақыл арымас ..... шірімес (алтын).
Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп өну, ілгерілеу жоқ. Халықтың оқу-
тәрбиесінің негізгі мақсаты – жалпы адамды, ең алдымен баланы сұлулық дүниесімен 
хабардар ете отырып тәрбиелейді. Оқу мен тәрбие алдында ата-ана да, тәрбиеші мен ұстаз 
да, адамды қоршаған ұжым да, тіпті көшедегі кездейсоқ халық та жауапты. Сол себепті 
химия пәнін оқытуға мысалды алыстан іздемей-ақ халқымыздың пайдаланып келген ұлттық 
құрал-саймандарын, ұлттық атауларын қолдануға болады. «Жігітке жеті өнерде аз», 
«Шебердің қолы ортақ» сынды мақал-мәтелдерді кейінгі ұрпақтарына мирас еткен қазақ 
халқында өнердің түрі де сан алуан. Солардың бірі - халық ерте кезден-ақ темірді, күмісті, 
алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін оқушыларға түсіндіре отырып, 
бірте келе олар өз технологияларын жетілдіріп, тамаша бұйымдар болат темірден жасалған 
қару-жарақтар, темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа 
қаңылтырдың бетін безерлендіру нағыз еңбектің жұмыстары екендігін атап өтуіміз керек. 
Қазақ халқының мал шаруашылық өмірінде, әсіресе ат үсті қимылдары мен 
ойындарында жылқыдан қалса – қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман, жүген-құрық кем 
болса болмайтын маңызды құралдар есептеледі. «Жайдақ мінгеннің жаны әлсіз», «Ерге 
мінген жігітке – он кісілік күш бітеді», «Қарусыз батыр қапыда кетеді», «Қылышты жігітті 
көргенде, жүз қорқақтың құты қашады», «Арқансыз жылқышы – ерін жаяу арқалайды», 
«Жүгенсіз ат мінгеннің жүрегі қобалжиды», «Қырық кісіден – бір құрал күшті», - деп 
күнделік тыныс-тіршіліктері мен ат үсті ойындарында ат әбзелдері мен қару-жараққа ерекше 
мән береді, әрі оны табыс пен сәтсіздіктің, жеңіс пен жеңілістің кілті деп қарайды. Осы ретте 
төмендегі «Қобыланды батыр» жырының жолдарынан ат әбзелдерін дайындауға қажетті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет