1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІ ДАМЫТУДЫҢӘЛЕУМЕТТІК ШАРТТАРЫ



бет31/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

12. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІ ДАМЫТУДЫҢӘЛЕУМЕТТІК ШАРТТАРЫ

Шағын жинақты мектептердің пайда болу себептерінің бірі – ауыл тұрғындарының елді мекенде орналасу тығыздығының біркелкі болмауы. Оған себеп – ауылдық елді мекендерде өндірістік инфроқұрылымның жоқтығы, жұмыссыз қалған ауыл тұрғындарының қалаға, ауданға көшіп кетуіне байланысты болуы. Шағын жинақты мектептерде оқытудың негізгі кемшіліктері: оқушылар санының аздығы, сыныптардың комплектіге жинақталуының, жоспарлау технологиясы мен сабақ кестесі құрылуының әртүрлілігі, кадрлық және материалды-техникалық базаның нашар қамтамасыз етілуі, әртүрлі жастағы оқушы ұжымын бір сынып-комплектісінде, бір және әртүрлі пән сабақтарының біріктіріліп оқытылуы.Шағын жинақты мектептің рөлі көбінесе нақты елдің немесе оның аймағының демографиялық, экономикалық және саяси жағдайларымен анықталады. Оқушылар саны аз шағын жинақты мектептегі сабақта, оқушы тығызбайланыс жағдайында өзін сыни тұрғыдан бағалауға, оқылатын тақырып бойынша білімін тереңдетуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар жас шамалары әртүрлі сынып оқушыларының бір сыныпта отырып оқуы, олардың жалпы танымдық әрекетін кеңейтуге және мұғалімнің тақырыптарды оқытудағы өзара жалғастырушылықты жүзеге асыруына мүмкіндік береді.Шағын жинақты мектепте өтетін сабақ регионалды компонентпентолықтырылатын болса, оқушылардың өз өлкесі жайлы білімін жетілдіреді,біліктілікті қалыптастырады, оқытумен қатар тәрбиелейді және болашақмамандығын таңдауға жетелейді.


Шағын жинақты мектептердің5-11 сыныптарындағы мектеп пәндерінің мазмұнына туған өлкенің тарихи,әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, мәдени ерекшеліктері жайлыдеректерді енгізу арқылы, регионалдық компонентті жүзеге асырудың маңызы зор болмақ.Еліміздің шағын елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық және ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, жеткіншектерге білім беру мен тәрбиелеуде ұлттық және регионалдық мүмкіндіктерді қолдану қазіргі кезде білім беруді дамытудың ерекшелігі болып табылады.
Қазақстан азаматтарының өз халқының, мемлекетінің тарихын, өлкесінің табиғи ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, экономикалық даму келешегін білуге деген қызығушылығын арттыруда мектепте туған өлке жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің маңызы зор. Сондықтан, мектеп пәндері мазмұнындағы регионалдық компонентті жетілдіру маңызды педагогикалық үдеріс болып табылады.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында орта білім беру саласындағы басым міндеттердің бірі республикада шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасын шешу негізгі мәселе болып отыр.Шағын жинақты мектеп – ол, халқы аз елді мекендердің (ауылдардың) оқу-тәрбиелік және көпшілік жағдайда мәдени де орталығы. Мұндай мектепте балалар мен ересек тұрғындардың жан-жақты ынтымақтастық іс-әрекеттері ұйымдастырылады, жалпы бір үлкен отбасылық жағдай қалыптасады. Шағын елді мекендегі мектепте болып жатқан оқиғалар ауыл халқының назарынан тыс қалмайды. Шағын жинақты мектеп ауылдың әр отбасының өмірімен тығыз байланыста өмір сүреді, балаларды өнегелік және материалдық мәдениетке, ауыл өмірінің жалпыға ортақ әдет-ғұрпына үйретеді. Қала балаларына қарағанда ауыл балалары мектепке жиі келеді, кешкілік уақытта олар спорт залында дене шынықтыру түрлерімен айналысады, әртүрлі үйірмелерге қатысады, ауылдың мектебінде өтетін іс-шараларға дайындалады.
Мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының регионалдық компонентін жетілдірудің өзіндік міндеттері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет