1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары


Азаматтық-патриоттық тәрбие беру –



бет29/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

Азаматтық-патриоттық тәрбие беру –Қазақстан азаматы менпатриоты тұлғасын қалыптастыру және дамыту, Отанының тағдырынажауаппен қарау, оны бейбіт өмір мен соғыс уақытында қорғауға дайын болу. Рухани-адамгершілік тәрбие беру жан-жақты жетілген тұлғаның дамужүйесіндегі жетекші компонент, адамгершілік сана, ізгілік мұраттарды,адамгершілік және этникалық құндылықтарды, нормаларды, зор адамгершіліксезімдерді меңгеру көзделеді; гуманизм, ар-ұят, ождан сақтау, намыс, борыш,жолдастық, қайырымдылық, кішпейілділік, инабаттылық, сыпайыгершілік,принципшілдік, діни құндылықтарды игеру, қоғамның адамгершілігі молжауапты мүшесін қалыптастыру, оқушыларды ана тіліне, мемлекеттік қазақтіліне деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, ынтымақтастық, ұлттық келісім,басқа да халықтардың дәстүрі мен тілін, мәдениетін құрметтеу және сыйлау.Тәрбие беру мазмұнында рухани-адамгершiлiк тәрбиесі педагогикалықпроцестiң iзгiлендiру идеясын ұсынады. Мемлекеттiк идеологияның негiзiндерухани-адамгершілікке тәрбиелеу мазмұны қарастырылады.Кәсіби және еңбек тәрбиесі –кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнінқалыптастыруды, қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениетпен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды. Балалардың,жасөспірімдердің және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін жәнедағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылықжәне жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігінқалыптастырады.Экологиялық тәрбие –адамның бойында табиғатқа әдепті көзқарастыңжәне оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардыңжағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін жобалайды. Экологиялық тәрбиенінің негізі алдымен, қоршағанортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдайтуралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулықтықорғаушы ортаны қалыптастыру –жастардың бойына психикалықтұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететінсалауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдыналушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасыныңмүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшіліктерін болжау, адамның физикалық,психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай- ақ,тәрбиеленушілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолыменағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзегеасырылады.Отбасылық тәрбие оқушылардың отбасының адамгершілік негіздерінигеруге бағытталған, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру,ұлттық отбасылық дәстүрлер, толыққанды отбасын құру үшін денсаулықтыңайрықша құндылығын сезіну, балаларға тәрбиенің ықпалын қамтамасыз етуүшін ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру, ата-аналардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ету. «Баланың құқығы жөніндегіконвенцияда» (1989ж.) отбасында баланың құқығын қорғау оған қамқорлықжасау көрсетілген. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң жобасының 35-бабында да ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардыңденсаулықтарын, рухани, әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігіжағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті екені көрсетілген. Ұлттық тәрбие адам тұлғасын өз ұлтына, өз халқына лайықты өкіліретінде қалыптастырады, өз тілін қадірлейтін, тарихын, адамгершілік, рухани,отбасылық, құндылықтарын, еңбек дәстүрлерін меңгерген, басқахалықтардың мәдениетін білетін және құрметтейтін адам, сұхбатқа дайынжәне басқа да ұлттардың өкілдерімен өзара ықпалдасу, жас ұрпаққа тәрбиеберуде туған жеріне сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге ықпал ету, үлкендердісыйлау, табиғатты қорғау деген ұғымды білдіреді.
Шағын жинақты мектептердің өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерінсаралай келе нарықтық экономика жағдайындағы ауыл мектептерін дамытудатөмендегідей шаралар атқарылуы тиіс:
1. Мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзарасабақтастық, үйлесімділік болу.
2. Ата-аналарды ұлттық тәрбие тәжірибелерін мектептерде насихаттауғабейімдеу.
3. Педагогикалық тұрғыдан оқушылардың ұлттық сана сезімдерін тұрақты тәрбиелеу, әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз ету.
Шағын жинақты мектептегі тәрбие үдерісінің үш арнасының –адамгершілік-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі және еңбек тәрбиесінің – теориялық негіздерінің әрқайсысының ішкі мазмұнының өзіндік ерекшелігі бар.Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:адамгершілік сананы қалыптастыру;адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;адамгершілік мінез-құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.
Шағын жинақты мектептердегі сабақ барысындағы адамгершілік тәрбиенің тиімділігі сабақ мазмұныныңғылымилығы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-эмоциялық сипатқа ие болуы, сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасындақалыптасатын өзара түсіністікке құрылған қарым-қатынас стилі, мұғалімніңадамгершілік келбеті негізінде мүмкін болады. Эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлішығармашылық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады, эстетикалықмұраттарды қалыптастырды, оларға әсемдікті түсінуді, бағалауды жәнежасауды бойға сіңіруге, қоршаған ортадағы жағымсыз қылықтарға төзбестікпенқарауды дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарына мектепте табиғаттың қоршағанортаның, еңбектің, көркем өнердің, әдебиеттің ролі ерекше.Табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда алатын рөлін көрнектіпедагог В.А.Сухомолинский: «Мен балдырғандарды өздерін қоршаған дүниегеолар әр күн сайын әлденендей бір жаңалық ашатындай етіп, біздің әрбірқадамымыз ғажайып табиғат сұлулықтарына – ойлау мен сөздің қайнар көзінесаяхат болатындай етіп енгіземін, мен кітапты ашудан, алғашқы сөзді буынғабөліп оқудан бұрын балалар дүниедегі ең ғажайып кітаптың – табиғаткітабының беттерін оқитын болуына күш салдым», – деп табиғат эстетикалықтәрбие берудің беташары, қайнар көзі екенін ұстаз өз еңбегі арқылы дәлелдейді.Эстетикалық тәрбие беру мектепте ең алдымен, сабақта жеке пәндердегіоқыту жүйесінде іске асады. Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әртүрлідамиды, оның өзі баланың белгілі бір нәрсеге әсерлену сезімімен байланысты. Еңбек тәрбиесі. Балаларды еңбекке баулу және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мәселесінеәрбір тарихи кезеңде әртүрлі баға берілсе де еліміздің эконмикасыныңдамуына орай, бұл мәселенің өзектілігі күн сайын артуда. Баланыеңбексүйгіштік қасиетке баулуда жалпы халықтың еңбек тәрбиесін жан-жақтықарастырған дана ойшылдар әл-Фараби, Қ.А.Яссауи, М.Қашқари, М.Х.Дулати өз еңбектерінде атап көрсеткен. Ғұламалардың шығармаларындағыұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке, өнер-білімге шақырған насихаттарыныңтәрбиелік мәні зор. Баланы жастайынан еңбекке үйрету, еңбектің адамөміріндегі орны туралы айтылған ой-пікірлер XIX ғасырдың екіншіжартысында Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердіұлы мұраларында жалғасын тапты. Сонымен қатар, бұлмәселелерді қазіргі таңдағы зерттеулер де маңыздылығы жоғары: еңбектәрбиесінің тарихи-педагогикалық негіздері (Г.Уманов, А.Сейтешев, Ә.Мүсілімов); еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде еңбекке тәрбиелеумәселелеріне арналған зерттеулер (К.Қожахметова, К.Құнантаева, О.Сатқанов,Ж.Әбиев, С.Әлімбекова); қазақ этнопедагогикасы негізінде еңбекке тәрбиелеугебайланысты зерттеу жұмыстары (К.Ақышев, Қ.Шалғынбаева, С.Жиенбаева, М.Бұлақбаева); еңбек іс-әрекетіне педагогтар даярлау мәселесі (К.Дүйсенбаев, С.Жолдасбеков); бастауыш сынып оқушыларының еңбек іс-әрекетітәжірибесін қалыптастыру (С.Жиенбаева) педагогика ғылымында әр қырынан қарастырылып жүр.Оқушы еңбексүйгіштікке тәрбиелену арқылы: ұқыпты болуға тырысады;еңбекті бағалауды үйренеді; мақсат қоя біледі; тәні мен денесі шынығады;еңбек етуге қабілеті шыңдалады; намысқа тырысады; жігерленеді; өзінесенімділігі қалыптасады; ой-өрісі дамиды; адамдармен қарым-қатынасыреттеледі; әсемдікке ұмтылады; өнерді құрметтейді; білімге, білуге құштар;іскерлекке, кәсіпкерлікке бейім; елгезек; төзімді;жаман әдеттерден қашықболады; этномәдениеттік бағдары бар халықтық тағылыммен қаруланған тұлғаболуға қалыптасады. Дене тәрбиесі. Жеке тұлғаның дамуында негізгі орын алатын дене тәрбиесі. Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, жүзу, секіру, шаңғы, велисопед тебу,жаттығулар. Жас баланың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Дене шынықтыру сабағы жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеудіңбелсенді құралы ретінде, жалпыға бірдей орта білім беру идеяларын іскеасырады, соның нәтижесінде қоғамдық пайдалы еңбекке араласу мен Отанқорғау ісіндегі жүйелі тәрбиенің негізін құрайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасы жас ұрпаққа салауатты өмір сүруге үйретуміндетін атап көрсетті. Дене тәрбиесі ерік-жігерді, тәртіпті, батылдықты, белсенділікті қалыптастырып, өз Отанын қорғауға әзір азаматтардытәрбиелеуге көмектеседі.Дене тәрбиесі сабақтары негізгі принциптер мен заңдылықтарға сәйкесқұрылады.Дене тәрбиесінің міндеттері:оқушылардың дене сапасын, өмірге қажетті іскерлікті жақсарту, спортқақызығушылығын анықтау;дене шынықтыру және спорттық біліммен қамтамасыз ету;қимыл, іс-әрекет дағдыларын және іскерлігін игеру; адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдық, тәртіптілік, шыншылдық ептілік, коллектившілдік, жігерлілік т.б.); эстетикалық сапаны қалыптастыру(жүріс-тұрыс,қозғалу тәртібі т.б.; дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға дағдылану; гигиеналық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет