Білімдік міндеттері:
өз елді мекенінің, өлкесінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен, экономикасымен таныстыру;
туған өлкенің табиғи ортасының алуан түрлілігі жайлы көзқарас қалыптастыру;
өз елді мекенінің, ауданы мен облысының қазіргі кездегі өмірі және экономикасымен таныстару;
туған өлкесінің дамуы проблемаларын оқып-білуге жетелеу.
Тәрбиелік міндеттері:
өзінің «кіші Отанына», туған елі Қазақстанға деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
төзімділікті, өлкенің көпұлттылық және көпмәдениеттілік жағдайында төзімді мінез-құлық қалыптастыру;
отбасылық қарым-қатынасты нығайту, пәннің мазмұнымен тек оқушыны ғана емес, оның ата-анасын да қызықтыру, отбасылық мұрағаттар, аталар мен әжелердің басқа да туыстардың әңгімелері арқылы өлкенің тарихы жайлы білімді тереңдету;
отбасы мүшелерімен бірге өлке туралы әдебиет оқу, фильмдер, бейнефильдер тамашалау;
өлкенің табиғатын, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру жұмыстарына оқушылармен қатар ата-аналарды да қатыстыру;
жергілікті халықтың алдында тұрған проблемаларды шешуге ата- аналармен бірге оқушыларды да қатыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |