13. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ ҮРДІСІ МЕНОҚУ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім беру саласында аймақтық деңгейде жаңа үрдістер қалыптасады, олар бір жағынан әлемдік педагогикалық процесс заңдылықтарын, екінші жағынан тарихи, демографиялық, экономикалық, этномәдени факторлармен анықталған аймақтың ерекшеліктерін айқындайды. Шағын жинақты мектептердегі білім берудің регионалдық компоненті өзінің құрамында ұлттық-аймақтық мәдениеттің, салт-дәстүрдің, рухани байлықтардың барлық құндылықтарын қамтиды. Пәндерді қоршаған ортамен байланыстыра отырып оқу, оқушыларды адамзат мәдениетіне тартуға мүмкіндік береді. Ізденіс, шығармашылық әрекет оқушы үшін пәннің мазмұнының тұлғалық-маңыздылыққа ие болуын қамтамасыз етеді. Демек, білім беруде регионалдық принципті қолданудың қажеттілігі мен қазіргі кездегі мектепте материалдық базаның болмауының салдарынан оның мардымсыз жүзеге асырылуының арасында қайшылықтар бар. Айтылған қайшылықты шешуге жағдай жасайтын тиімді дидактикалық құралдарды іздеу және әзірлеу, маңызды мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешу үшін, мазмұнында регионалдық компоненті бар тақырыптар мен тапсырмалар, есептеуге арналған есептер жүйесін мұғалімдер өз күштерімен әзірлейді. Мазмұнында регионалдық компоненті бар арнайы іріктеліп алынған есептерді, жаттығуларды сабақтарда үнемі және мақсатты қолдану, оқушыларды өз өлкесін неғұрлым терең оқып-зерттеуге тартуға мүмкіндік береді. Әсіресе аймақтың экономикалық салаларымен байланыс өте тиімді болып табылады. Өлкетану материалдарын оқу уақытының басым бөлігі, практикалық іс- әрекетке: өнеркәсіптерді зерттеуге, экскурсиялар ұйымдастыруға, әр түрлі есептер шығаруға, жаттығулар орындауға жұмсалады. Бұл оқушылардың практикалық біліктілігін, туған өлкенің тірі және өлі табиғаты туралы түсінігін, азаматтық жауапкершілігін, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Регионалдық компонентті жетілдірудің тәрбиелік мақсаты зор, ол оқушылардың қоғамдық және азаматтық белсенділігін, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын дамытуға әсер етеді. Регионалдық компонент білім берудің бір-бірімен тығыз байланысты теориялық және практикалық екі бөлігін қатар сақтауға мүмкіндік береді. Теориялық бөлігі құбылыстарды (табиғи, әлеуметтік, экономикалық т.б.), ал практикалық бөлігі бұл құбылыстарға қарасты көзқарасты және оларды қолдану не олар қолайсыз болған жағдайда өзгерту шеберлігін қалыптастыруды қарастырады. Оқушылар география, тарих, әдебиет, биология, физика, химия, музыка және басқа да пәндерден бұрыннан алынған білімдері негізінде өзінің кіші Отаны туралы көзқарас қалыптастыра алады. Осы жағдайда ғана регионалдық компоненттің мазмұны білім беру мен тәрбиелеудің тиімді құралы болып табылады. Қазіргі заман мектептерінде өз аймағының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, шаруашылығы туралы өлкетанулық материалдарды білім беру деңгейлері мен оқу пәндері бойынша қорытындылай отырып, 5-сыныптан 11-сыныпқа дейін біркелкі бөлу арқылы оқуға болады және мектепте өлкетанудың кіріктірілген курстарын әзірлеуге болады. Регионалдық компонентті енгізудің келесі түрі – сабақтан тыс жұмыс. Жұмыстың бұл түрі туған өлкенің өнеркәсіп нысандарында, кәсіпорындарында, мекемелерінде оқушылардың тәжірибе түрінде физикалық біліммен танысуын қарастырады. Экскурсия жасау білім берудің теориялық бөлігін, өнеркәсіпте физика заңдары мен құбылыстарының қолданылуы туралы нақты мысалдармен толықтыруға мүмкіндік береді. Регионалдық компонентті тереңдетіп оқыту арнайы бөлінген сабақтарда да (факультатив сабақтарында, таңдауы бойынша курстарда) жүзеге асырылады. Физиканың регионалдық компоненті оқушыларды курстың бөлімдерін неғұрлым терең және кең көлемде оқуға, әсіресе болашақ мамандықты таңдауға бағыттауы тиіс.
Шағын жинақты мектептерде регионалдық компонентті жетілдіре отырып білім беру, өскелең ұрпақтың Қазақстан халықтарының мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына құрметпен қарауын, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға тиімді әсер етеді. Әсіресе, туған өлкенің шығармашыл өкілдерінің жетістіктері туралы деректер туған өлкені сүю сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. Жергілікті жердің ақын, жазушыларының шығармалары географиялық атаулардың (топонимика) ерекшеліктері, адамдар, олардың есімдері мен тегі (антропонимика) туралы білім мен жағымды көзқарас қалыптастырады.
Қазіргі заман педагогикасының маңызды мақсаты – өскелең ұрпаққа тәрбие және білім беру ісінде озық тәжірибелерді сақтап қалу және одан әрі жетілдіру болып табылады. Ұлттық ерекшеліктер мен ұлттардың әдет- ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, мәдениетін, нақты аймақтың өнерін, қолөнеріноқу және таныстыру оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді, өз елінің патриоты болуға тәрбиелейді.Қазақстан Республикасының білім беру саласында барлық деңгейдесапалы білім алуға кең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық модельді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Ең маңыздысы – мазмұнын, басқаружәне ресурстық аспектілерді жаңғырту негізінде шағын жинақты мектептердідамыту.
Шағын жинақта мектеп жағдайында жұмыс істейтін кез келген пән мұғаліміжаңаша оқытудың технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көргенғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін үйреніп, оларды шығармашылықпен өз жұмысында орынды да тиімді жемістіқолдана білуі – ХХІ ғасырдың пән мұғалімдерінің алдына қойыпотырған негізгі талабы болып табылады. Оны ойдағыдай жүзеге асыруұстаздарға үлкен міндет жүктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |