1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары



бет20/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

Спорттық іс-әрекет. Бұл іс-әрекет баланың денсаулығын бекітуге және күш-қуатын шынықтыруға бағытталады. Қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі – денсаулығы зор жас ұрпақты тәрбиелеу. Бастауыш мектепте оқушылардың спорттық іс-әрекет үйірмелер жұмыстарын, қимыл ойындарын, оқушылар қатарларының байқауын, т.б. өткізуге лайықты гигиеналық жағдай жасаумен байланысты. Спорттық іс-әрекетке қатынасу барысында балалардың бой түзеп өсуі қалыптасады, гигиеналық дағдылар бойына сіңіріледі, еркі мен төзімділігін тәрбиелейді. Баcтауыш мектеп жасындағы оқушылардың спорттық іс-әрекеті спорттық мекемелерді, әскери-спорттық ойындарды, көпшілік жарыстарын қамтиды. Спорттық жұмыстардың басым көпшілігіне ойынның қатынасы бар. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары оқушылар қатарларының және әндерінің байқауына зор ынтамен дайындалады және қатынасады. Мектепте таза ауада спорттық ойындар өткізіледі. Оқушылар бастауыш сынып мұғаліміне спорттық іс-әрекеттерді ұйымдастыруға көмектеседі.
Сонымен, мектеп сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып, баланың қоғамдық мәнін мақсатты, жан-жақты және үйлесімді дамытады. Мектептегі сыныптан тыс тәрбие іс-әрекеттің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістеріне қойылатын талаптарды бейнелейтін тәрбиенің жалпы принциптері негізінде құрылады. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысының өзіндік принциптері бар. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі – оған оқушылардың өз ырқымен қатынасуы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі бағыттары мен ұйымдастыру түрлері бар. Балалардың өз ынтасы мен қабілеттерімен сәйкес істерді таңдап алу мүмкіндіктері бар. Бірақ бастауыш мектеп жасындағы балалар өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайды. Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие барысының ішкі қарама-қайшылықтарын айқын көруге болады. Мұғалімдер, оқушылар ұжымы жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата-аналар балаларға өзін көрсете алатын іс әрекет түрлерін таңдап алу қажет екендігіне кеңес бере алады. Сыныптан тыс жұмыста балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу принциптерінің мәні зор. Осыған сай сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мұғалімнің тәрбие жұмысы жоспарында орын алу керек. Мысалы, 1-2-сыныптарда кітап оқу, кино және диафильмдер көру, кітап және кинофильм үзінділерін сахнаға дайындау; 3-4-сыныптарда табиғатқа, өндіріске экскурсиялар, модельдеу, мектеп компьютерлерімен, құрылыс материалдарымен, металмен жұмыс, викториналарға, конкурстарға қатынасу. Осылардың барысында оқушының қылығы мен пікіріндегі жаңа құрылымды есепке ала отырып, мұғалім балалардың ерекшеліктерін тұрақты зерттейді. Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олардың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым-қатынасын реттеуге болады. Сыныптан тыс оқушылардың бастамаларын және өзіндік іс-әрекетері болу принципін есепке алу арқылы да жүргізіледі. Осы принципті еске ала отырып, мұғалім, ата-аналар, жұртшылық өкілдері, қамқоршы оқушылар іс-әрекет түрлерін ұсынады. Ұсыну қызықты істерді оқушылар өз бастамасына сай таңдап алатындай болып шығуы керек. Сыныптан тыс жұмыстың өзі де ұдайы дамиды. Бұл оқушылар құрамын, олардың қызығуын есепке алып отыруға жағдай жасайды.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылар ұйымдарының іс-әрекетімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқушылардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, жасампаздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді.Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігінің төмендегідей жалпы педагогикалық шарттар бар:

  • сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси-идеялық мазмұны бай болуы керек;

  • олардың іс-әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;

  • кез келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, әр баланың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;

  • мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;

  • жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.

Шағын жинақты мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың да өзіндік ерекшелігі бар. Шағын жинақтымектептегі тәрбие процесінің ерекшелігін төмендегідей саралауға болады:

  • үлкен қалалардан алыстығы;

  • адамдар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастар;

  • басқа мәдени ошақтардың болмауы;

  • байланыстың (теледидар, пошта, интернет желісі, т.б.) тұрақсыздығы.

Шағын жинақты мектептегі тәрбие үрдісі – бұл бірдей мақсатқа бағынушы тәрбиелік жағдайлардың (тәрбиелік жұмыстың) дамушы тізбегі. Ол ортақ принциптерге сүйеніп, ортақ заңдылықтарға бағынады.
Тәрбиелік жұмыстардың сапасына елді мекеннің аз ғана бөлігі мұғалімдермен оқушылар ғана әсер етеді. Сыныптан тыс үйірмелердің жұмысын ұйымдастырушы қызметкерлер жоқ. Осыған орай, мектеп балалармен және ересек тұрғындармен тәрбиелік жұмыс атқаратын орталыққа айналады, ал мұғалім – оны ұйымдастырушы және өткізуші болып табылады. Шалғай ауылдарда өскен балалар өмірмен тәрбиеленген болып келеді. Оларда қалалық жерде қалыптасуы қиын қасиеттер қалыптасады. Бұл жерде барлық балалар мен ересектер бірін-бірі таниды. Тәрбиелік жұмыстарды жартылай жоюшы ананимділік пен немқұрайлылық жоқ. Балалар жылы шырайлылықпен, ашықтықпен, қарым-қатынасшылдықпен ерекшеленеді.
Шағын жинақты мектептерде тәрбие жұмысы 3 топтан құралады: 1) Сабақтағы тәрбие жұмысы; 2) Сыныптан тыс және сабақтан тыс тәрбие жұмысы; 3) Елдімекендегі қоғамдық орта.
Тәрбие жұмысы тәрбие ісі формасында жүргізіледі. Осының негізінде әрекетті және комплекстік екі тұрғы белгілі. Біріншісі, әртүрлі жағдайдағы оқушылар арасында ұйымдастыру, танымдық, еңбек, қоғамдық, спорттық және еркін қарым-қатынас, ал екіншісі барлық әрекеттердің бірігуін қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысы әдептілік, әдемілік, ақыл-ой, еңбекті өзінің құрамына біріктіреді. Тәрбие мақсатында басымдылық нақты істерді анықтайды. Негізгі ой тәрбиенің бағыттарымен: ақыл-ой, денелік, еңбек және т.б. анықталады. Жалпымектептік тәрбие ісі жылға 3-4 жұмыстан, яғни, қанағаттанарлық көрсеткіштен аспауы керек. Жұмыс бірлесіп жасалады. Оқытушы оқушылармен бірге жоспар құрады, міндеттерін бөледі. Егер бұл белгілі бір оқиғаға арналған мереке болса, онда ол өте айқын және есте қаларлықтай болуы керек. Мерекенің символдары мен ұрандары құрастырылып, сыйлықтар әзірленеді. Оқытушы оқушыларға тек көмек береді, бәрін оқушылар істейді. Бәрі бірдей өте әдемі болмағанмен, оқушылардың өз қолдарымен істегені жақсы. Нақты тәрбие ісі кезінде мысалы, емдік шөптер жинау, теректер, гүлдер отырғызуда оқытушы жергілікті мамандардың атап айтқанда, медбике, агроном, орманшы, механизатор, т.б. көмегіне жүгінеді.Тәрбие жұмысы бір кешенді мектепте бір оқытушымен жүргізіледі, ал көп кешенді мектепте екі оқытушымен міндеттері бөлінеді. Бұл түсінікті және келісімді ортақ жұмыс жоспарын қажет етеді. Тәрбие ісі жоспары еркін түрде немесе аумақтық тәрбие ісінің ұсынысымен жүргізіледі. Жоспар күнделікті, айлық немесе жарты жылдық болады. Жоспар болашақтағы мақсат, ұмтылыс үшін керек. Бірақ ең бастысы, жақсы құрылған жоспарда емес, нақты істерде. Бала мектепке келді. Оны тәрбиелеу – ойлау, уайымдау, қызығушылықтары мен мақсат, идеялдарының бірлікте болуы, жүйелі түрде тәрбиеленуші мен тәрбиешінің біріккен әрекеттерінде көрінді. Ең басты бағыт — ақыл-ой тәрбиесі, 1-сыныпта жүйелі оқытуға әзірлік. Бұл қиын кезеңде мектепке бейімделу, мектептік еңбекке әзірлік жүргізіледі. Басты шарт — қоғамның балаға сенім білдіруі, оның денелік жай-күйіне және көңіл-күйіне қамқорлық көрсету. Бір жүйедегі педагогикалық әрекет пен отбасындағы және мектептегі бір талаптың болуы, оның мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әкеледі. Бұдан балада оқу үрдісін, еңбек әрекетін, қарым- қатынас ережесін оңай игеруде аз қиындық көреді. Әдеп тәрбиесінде кіші мектеп оқушыларының әдепті түйсіну мен жайлы мінез әрекетін құрастыру жолға қойылады. Бұл арнайы жаттығулардың көмегімен жүзеге асады. Оқушылардың әдептілік қырларын көрсететін жағдаяттар жасалынады. Мысалы: адалдық, қамқорлық, тілалғыштық, ұқыптылық, мейірімділік тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрінетіндей. Еңбек тәрбиесінің ең басты мақсаты - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекті, адамдардың еңбегін құрметтеу, мамандықтар туралы көзқарастардың кеңеюі.
Шағын жинақты мектептердегі маңызды да мағынаға ие сыныптан тыс және мектепке дейінгі әрекет. Тәжірибеге мынадай әдістер енеді: әңгімелесу, дауыстап оқу, таңғы сенбіліктер, ойын-саяхат. Балалар еңбек жұмыстарына атсалысады, әсіресе мектептің аумағын тазалау, ауылды жасылдандыру, гүлдерге, жылыжайларға қарап, көмек көрсету. Ауылдық елді мекендерде экологиялық мәселелер маңызды іс болып саналады. Ол еңбек, эстетикалық, ақылдылық, денелік тәрбие арқылы көптеген мәселелерді шешуге пайдалы. Біріншіден, бұл экскурсияда табиғат объектілерін қорғауды қажет етеді. Балалар сарамандық кезде өсімдіктер мен жануарларды қорғауын бақылайды. Эстетикалық талғам күнделікті өмірде дамиды. Экскурсияға шығу табиғатты, ауыл көшелерін аралау – балаларды тәрбиелеудің қайнар көзі. Эстетикалық тәрбие мәдениетпен тығыз байланысты. Әдебиет, музыка, сурет, халықтық шығармашылық мектеп кезінде қалыптасу қажет. Осындай мақсатта шағын мектептерде тәрбиелік жұмыс мынадай бағыттарды ұстанады: ата-анамен тығыз қарым қатынаста болу, салт-дәстүрлер көрсету, табиғатқа жақын болу. Осылардың арқасында балаларда ақылдылық, денелік, еңбекқорлық, моральдық, эмоциялық тәрбие дамиды.
Бүгінгі таңда ұлттық мәдениет әдебиетінің, тілдің, әдет-ғұрып, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Тәрбиедегі басты бағыт – әрбір адам ең алдымен өз халқының Президенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір, ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек. Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кішіре білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет