1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары



бет28/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

11. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕГІ
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамныңсаяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңғыртуғабағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялықбағдарымен анықталады.«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясибағыты» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Болашаққа деген сенім болмаса, толыққандымемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлықбағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Өз бойымыздажәне балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмдітәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне дегенмақтаныш сезімін ұялатады», – деп атап көрсетті.Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиетұжырымдамасында білім беру мен тәрбиелеудің негізгі міндеті – өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандықпатриотизм» оқушы жастарға тәрбие берудегі маңызды мәселе екені айтылған.Ендеше болашақ ұрпақ тәрбиесінде «қазақстандық патриотизм мен ұлттықпатриотизм» оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болыптабылады.Ұлттық патриотизм, ұлттық рух ауылдан бастау алады, ұлттық болмысауылда қалыптасады десек, бұл тұжырымға ешкім дауласа қоймас. Басқахалықтарды білмейміз, ал қазақ үшін ауыл өзінің маңызды орнын ешқашанжоймақ емес, қайта оның қадір-қасиеті арта түспек. Ауыл – ата бабамыздыңкіндік қаны тамған жері, ұлтымыздың алтын бесігі, оның әлеуметтік жәнемәдени дамуының басты күретамыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер ауыл республика экономикасыдамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық-саяситұрақтылығының факторы болып есептеледі», – деген сөзі де осыны меңзесе керек. Ауылды сақтауды және дамытуды қазақ ұлтының тағдырымен, оныңбүгіні және болашағымен үндестікте қарайтын болсақ, ауыл және ұлт тағдырыбөліп-жарып қарауға келмейтін біртұтас ұғым.Сондықтан ауылды сақтап қаламыз десек, оның мектебіне үлкен қолдаукөрсетіліп, материалдық-техникалық базасын нығайтуға және кадрлармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге үлкен мән берілуі қажет.


Қазіргі ауыл мектептеріне тән ерекшелік – ондағы мектептердің шағынжинақты болуы. Ауылдағы шағын жинақты мектептердің қызметін жетілдіру,ондағы оқу-тәрбие жұмысын ииновациялық бағытта ұйымдастыру мәселесіҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарғаарналған мемлекеттік бағдарламасында басым бағыттардың бірі болыпбелгіленіп, осы мектептердің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалықбазасын жаңарту, білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудіжақсарту, мұғалімдердің біліктілігі мен әлеуметтік мәртебесін арттырубағытында кешенді іс-шараларды жүзеге асыру көзделген.Ауылдарда мәдени-демалыс орталықтарының, спорт алаңдарының,клубтардың болмауы балалардың көркем-эстетикалық, музыкалық өнертүрлерімен, спортпен айналысуына, қорытындысында шығармашылыққабілеттерінің дамуына залалын тигізеді. Сондықтан ауыл арасы жақынмаңдағы шағын жинақты мектептерді біріктіретін тірек мектептер (ресурстықорталықтар) ашу оқушыларының жан-жақты дамуына жағдай жасау, білімсапасының арттыруына мүмкіндік туғызу сияқты мәселелердің шешімі болыпотыр. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының № 78 тармағына сәйкесөңірлерде тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмыс істеуінқамтамасыз ету жолға қойылған.
Осы қағиданы ұстана отырып шағын жинақты мектептің алдына қойғанмақсаты – білім, ғылым, әлемдік-ұлттық мәдениет жүйесі арқылы жәнеқоғамдағы өзгерістер жағдайында өмір сүруге бейім тұлғаны дамыту.Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндікәрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып төмендегі міндеттердіжүзеге асыру көзделеді: оқушылардың білімге, ғылымға деген ықыласынарттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын қалыптастыру, жекебасының қасиеттерін дамытып, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға көмектесу.Олар:

  • оқушыларды жалпыадамзаттық кұндылықтарға тарту, сол құндылықтарғасәйкес мінез-құлық қалыптастыру;

  • ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру;

  • қоғамдық заң ережелерін білу, оған сый құрметпен карау, адамгершіліккежат кеселдерге қарсы күресуді әрбір оқушының күнделікті мінез-құлқынаайналдыру;

  • тәрбие барысында оқушыларға мамандықты еркін таңдауына негізделгенкәсіби бағдар жүйесін құру;

  • оқушылардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін,мүмкіндіктерін арттыру, салауатты өмір сүруге баулу;

  • жер тағдыры мен ел тағдырын аялап, оны қорғай алатын азаматтытәрбиелеу;

  • халқымыздың ерлік, жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісінқалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру, өз жерін, елінқорғай алатын елжанды ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтардытәрбиелеу, яғни оқушыларға ұлттық тәрбие беру.

К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтінтәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысыкелетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққаберілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы,мақсатты тәрбие жұмысын жүргізу керектігін айтса, Я.А. Коменский: «Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатынорнымен анықталу керек. Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасырүшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние – даналардың көптігіменбақытты», – деген ойлар айтқан болатын. Сондықтан мұғалім ең алдымен«тәрбие»ұғымының мән-мағынасын терең түсініп, тәрбие берудің негізгімақсаты мен міндеттерін анықтап алуы қажет. Олай болса, тәрбие ұғымынатоқталайық. Тәрбие дегенді қалай түсінеміз?Тәрбие – бұл өте кең ауқымды ұғым, бұл өмірлік шығармашылық.Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Бала бейнесі, адамбейнесі деген ұғымдар педагогикада соңғы жылдарға дейін өз мәнінде әрқырынан айтылмай келеді. Сондықтан біз көбіне оқушының шынайы бейнесінемес, өзіміз қалаған бейнені, оқушы идеалын білеміз. Біз баланы тәрбиесубъектісі ретінде емес, объекті ретінде көріп келдік. Тек соңғы жылдарығана оған субъект ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатынбасты қасиеттер мен сапаларды айқындауға ұмтылыстар жасалып келеді. В.С.Кукушин қасиеттерді емес, тұлғада жүретінүрдісті көрсету керек деген пікірін білдіреді. Тұлғада жүретін:өзін-өзі тану; өзін-өзі көрсету; өз-өзіне сену; өз-өзін анықтау; өзін-өзі іске асыру; өзін-өзі реттеу және т.с.с. үрдістердің мәні мен маңызы өте зор.Осыдан келіп қазіргі педагогикалық ойлаудың мәні – яғни балаға дегенсубъектілік қатынас екені түсінікті болды. Ендеше, бұл біріншіден, оқушыныңөз тәрбиелеушісімен бірге тәрбиеге қатысуы; екіншіден, ересектердің баланыңбарлық құқын мойындауы, үшіншіден балаға субъекті ретінде қараудан келіп,оның шығармашылық қабілетін дамыту, төртіншіден, бала тұлғасыныңсубъектілік қасиеттерін: өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі реттеуін, өзіндік сынынжәне т.б. дамыту қағидаларын айқындау қажеттілігі туындайды. Осыны ескере келе, тәрбие – педагогикалық әрекетті әр қырынан қарастыратын күрделімодель деуге болады. Атап айтқанда, тәрбие мәдени құбылыс ретінде;педагогикалық ықпал ретінде;балалар әрекетін ұйымдастыру ретінде;қарым-қатынас ретінде;ынтымақтастық ретінде;оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен бірлескен шығармашылығы ретінде;жалпы өмірлік шығармашылық ретінде қарастырылуы тиіс.Демек тәрбие – бұл тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс.Бұл тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің тәрбие мақсатына жетугебағдарланған арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатынөзара әрекеті.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілікдамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңдабарлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуыныңқалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Тәуелсіздікке қолжеткізген еліміздің білім, тәрбие ісіндегі басты мақсаты – рухани жан дүниесіадами құндылықтарға бай жеке тұлға қалыптастыру. Ендеше елдің ұлтжандыазаматын тәрбиелеймін деген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәденимәліметтер және құнды ата-бабалар мұраларымен қарулануы керек. Өзіненбұрын өмір сүрген даналарына кейінгі толқын ұрпақтарының қайта айналыпсоғып, жоғын іздеп, барын түгендейтіні белгілі. Іздену нәтижесінде біздің ұлытұлғаларымыздың мұралары, идеялары бүгінгі күнге жетіп отыр. Ортағасырларда өмір сүрген ғұлама Жүсіп Баласағұни былай деген екен: «... қалар мұра –сөз кісіден кісіге, сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе».Ы.Алтынсарин «Өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетінмәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады.Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өзеңбегінің қызығын, рахат-ләззатын көре білу – кісіліктің басты белгісі» – деген. Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жекетұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. М. Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәлтабатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жанытолқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы», – деп жазды.
Қазақ тағылымының негізгі бағыттары: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан,көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көптыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруденжалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқнәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кірсалмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.Сонымен дәстүрліпедагогикадағы жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты – жан-жақты үйлесімдідамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасында білім мен тәрбие берудің негізгі мақсаты– Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзінемойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, нарықтың іргетасын қалап,экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, қазақстандық патриотизмдік рухты,жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Тәрбиенің мақсатынан төмендегідей міндеттер туындайды:дүниетаным – тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным – адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағытытуралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас – ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу. Ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылымикөзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері–оқушыларды табиғат және қоғамжайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіруарқылы (абстракттілі, ой операцияларын талдау, синтез, салыстыру, жинақтау,саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзібақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері–гуманизм, адалдық, әділдік,батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет,қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеугетәрбиелеу. Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттеріоқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбектүрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу; озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие міндеттерібейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнершығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланыңсезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарынқалыптастыру;эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру;әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.Дене тәрбиесі міндеттеріоқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің Кешенді Ұлттық бағдарламасында (Жобасында)тәрбие берудің басты ұстанымдары төмендегідей айқындалған:
1. Табиғилылық ұстанымытәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдениүдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балалардытәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудіңқажеттігіне негізделеді.
2. Мәдени сәйкестілік ұстанымы тәрбие жалпы адамзаттыққұндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сайдәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктергесәйкес құрылады.
3. Мақсаттылық ұстанымы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдықсұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.
4. Тәрбие берудіңгуманистік бағыт ұстанымы адам тұлғасындагуманистік қасиеттерді қастерлеу, оның құқы мен бостандығына құрметпенқарау, тәрбиеленушінің тән саулығына, әлеуметтік және психикалық саулығынақамқорлық жасау.
5. Тәрбие берудің халытық бағыт ұстанымы тәрбие берудің негізіндәстүрлер мен ұлттық-мәдени құндылықтар, шаруашылық, халықтың руханитәжірибесімен ұштастыру.
6. Халықтың мәдени мұрасының басымдық ұстанымы патриоттық тәрбие беруді айқындайды, өз үйіне, туған өлкесіне құрметпен қарауды қалыптастыру,тәрбиеленушілерді қазақ халқының дәстүрлерін, ұлттық-мәдени жәнепедагогикалық мұрасын қастерлеуге үйрету.
7. Этностық ұстанымы мәдениет жасаушы ортаны қалыптастырукөзделеді, біріккен этностық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттіңгүлденуіне ықпал жасайтын, азаматтық келісім және үйлесімділікке, қоғамдыққатынаста табысқа жету.
8. Тәрбиенің үздіксіздік ұстанымы жеке тұлға ғұмырының барлықкезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылықәлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.
9. Демократияландыру ұстанымытәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескенавторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалықбасшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесініңқұрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиетұжырымдамасында жас ұрпаққа тәрбие берудің мынадай бағыттары көрсетілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет