Үшінші ереже. Интерактив технологиясында білім алушылардыңсаны көп болмауы қажет. Оқушылардың саны мен оқыту сапасытікелей бағыныштылықта болуы мүмкін. Тек осы жағдайда шағынтоптағы жұмыс өнімді болары сөзсіз.Өйткені мәселе бойынша әрбіреуін тыңдау,әрбір топтың шығуы маңызды.
Төртінші ереже. Жұмысқа арналған орынды даярлауға көңіл бөлукерек. Сынып бөлмесі оқушылардың үлкен және шағын топтардағыжұмысқа ауысуы жеңіл болатындай есепте даярлануы қажет. Яғниоқушыларға физикалық қолайлылық тудырылуы қажет.
Бесінші ереже. Жүру барысы мен тәртібіне аса мән беру қажет.Мұны алдын ала келісіп алып, оны бұзбауға тырысу қажет. Мысалы,барлық қатысушылардың кез-келген көзқарасқа шыдамдылық танытуын,әр оқушының сөз бостандығына деген, өзіне деген құқын сыйлауға мүмкіндік жасалуы пайдалы.
Алтыншы ереже. Оқушылардың топқа бөлінуіне үлкен көңіл бөлуқажет. Алдымен оны еріктілік негізде жүргізген жақсы. Кейінкездейсоқтық таңдау принципін қолданған дұрыс.
Ұжымдық өзара оқытудың зерттеуші А.Г.Ривин ұсынған бірнеше тәсілдері бар: ұйымдастырылған диалог,байланыстырушы диалог, оқудың ұжымдық тәсілі, оқушылардың жұппен жұмысы. Мұндай технологияда оқуматериалын дайындау, оқу мәтіндеріне қосымша және анықтама сабақтақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнынмеңгеру бірлігіне бөлу, мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үйтапсырмаларын жасау жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады:
дайындық, қажетті жалпы оқулық біліктер мен дағдылардықалыптастыру және өңдеу мақсатындағы; кеңістікте бағдарлау;жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада жұмысістеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын қолдану; белгілікейіпкерді сөзге және сөзді кейіпке айналдыру. Бұл біліктер арнайытренингтік сабақтар кезінде іске асады;
таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін» меңгеру,мақсатты ұстанымды хабарлау, өңдеу, нұсқау жєне оқуқорытындысын есептеу тәсілі болып табылатын әртүрлі модификациялар.
Шағын жинақты мектептерде оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнына, оқу материалының көлемімен оны меңгеруге кететін уақытына қарай, таңдалған технология нұсқасына байланысты әртүрлі өтуі мүмкін. Ұжымдық өзара оқытутехнологиясы келесі сатылардан тұрады:
әрбір оқушы өзінің іс-әрекетін анықтайды (бұл әріп, буын, сөз,сөйлем, мәтін бөлігі, суреттеме, мінездеме, буын немесе оқулық тарауы,тарихи документтер және т.с.с болуы мүмкін);
қасындағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын «мұғалім – оқушы» ережесі бойынша. Рөлдер ауыстыру міндетті түрде қажет.Оқытушы жаңа сабақ тақырыбының өз нұсқасын, өзінің жоспарынұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау сұрақтарын немесетапсырмалар және т.с.с ұсынады. Бұл саты білім алмастырумен аяқталады.
жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу және өзара оқытуға жаңажолдас іздеу және т.с.с.
Ұжымдық өзара оқыту технологиясы жағдайында әрбір оқушы өзінеркін ұстайды, жекеше түрде жұмыс істейді. Онда тек қана өзініңжетістіктеріне ғана жауап бермей, сонымен қатар ұжымдық еңбекқорытындысына да жауапкершілігі жоғарылайды, тұлғалық өзін-өзібағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері мәртебесі менжұтаңдығын бағалау қалыптасады. Бір ақпараттыбірнеше ауыстырмалы жұптарымен талқылау, ассоциативті байланыстарсанын көбейтеді, ол неғұрлым тереңірек меңгеруге әкеледі.
Эталонға жеткенін бекіту үшін оқушыға нақты іс-әрекеттер мен операциялар арқылы мақсаттар қалыптасады. Танымдық іс-әрекет мақсатына жататындар:
білім – оқушы нақты оқу бірлігін есіне сақтап, өндіреді (термин,факт, түсінік, қағида, әрекет және т.с.с);
түсінік – оқушы оқу материалын айтудың бір түрінекінші түріне өзгертеді, түсіндіреді, қысқаша айтады ары қарай болатынқұбылыс, жағдай және т.с.с дамуын болжайды;
қолдану – оқушы оқылған материалды нақты бір жағдайларда жәнежаңа бір оқиғада қолдануды жасап көрсетеді;
талдау-оқушы бүтінніңбөліктерін мүшелейді, олардың арасындағы өзара байланысын табады,бүтіннің құрылу қағидаларын түсінеді;
жинақтау – оқушы жаңашылығы бар бүтінді алу үшін элементтердідәл келтіру іскерлігін келтіреді, мысалы, шығарма жазады, тәжірибежоспарын ұсынады, проблема шешімін ұсынады;
бағалау – оқушы берілген нақты мақсат үшін оқу материалын ұжымдық оқытуда дәстүрлі жеке жұмыс түрі, жұппен және топтықжұмыс түрлерінде қолданады.
Соңғы жылдары пайдаланып жүрген сабақтың жаңа түрлерінің бірі – шағын жинақты мектептердегі сабақтағы жұмыстың топтың түрі, яғни ұжымдық тәсіл. Топтық жұмыскезінде шәкірттер бірінің білмегендерін екіншісінен біледі, біріне-біріайтады, сыныпта өзінің қабілеттерін көрсетеді. Мұғалімнің іс-әрекетісабақта оқушылардың жұмыстарын ұйымдастырушы ретінде мақсатқажету жолында жаңа, озық әңгімелерді кеңінен қолданып, оқу-тәрбие ісінің ұтымдылығынарттырады, нақты жағдайларды ескеріп түрлендіріпотыруға үйретеді.
Мұғалім сабақтарда оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастыра жәнежүзеге асыра келе, белгілі мақсаттарға жете отырып, бірнеше қағидалы мәселелерді шешеді. Олар мынандай қағидаларға жіктеледі:
1. Пәндерді оқыту барысында сабақтағы топтың әртүрлімүмкіндіктері бар екендігін ескеру қажеттілігін көрсетеді, атап айтқанда:
оқу материалдарын талдауға, салыстыруға және бірін-бірітолықтыруға қатысты тапсырмалар таңдай білу;
жаттығулар мен есептеулер жүргізілетін тапсырмалар;
бірнеше варианттық жауаптарынан дұрысын дәлелдеулер арқылыақиқатын анықтау;
2. Бірін-бірі түсінетін, бірігіп оқу материалдарын пысықтайтын,қайталайтын жауаптарына дәлелдер келтіріп, талдау жүргізіп, сапалыеңбек ететін топты ұйымдастыру. Бұл арада оқушылармен ақылдаса, білімдеңгейлерін ескеріп, жеке психологиялық ерекшеліктерін, мүмкіндіктерімен қабілеттерін ұмытпаған абзал.
3. Оқушылардың білімдері мен қағидаларына бағалау жасаудаолардың оқу, еңбек ету, талпыну – ұмтылуларын есепке алып, басқа пәнмұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен ақылдасып, еңбек нәтижелерінсалыстыру арқылы тапсырмаларды жүйелі жалғастыру.
Шағын жинақты мектеп жағдайында әрбір топта үлгірімдері әртүрлі, талаптары, ынталары түрліше, ержәне қыз балалар екі және үштен алынып,бірге ойласа жауап беретінсұрақтар жауаптары тыңдалып, сапалы сұрыптау, талдау жасалып,түсініктеме беріліп, топтардағы табыстарына қажетті шарттарына талдаужүргізіліп, қорытынды тұжырымдар жасалады.Үйге берілген тапсырма және жаңа сабақ материалдары негізіндедайындалған үшсұрақтан тұратын тапсырмаларға төрт оқушыдан топтасып, 10-15 минут бойына бірлесе отыра, жазбаша жауаптарын даярлайды.Әрбір топтың жауаптарын басқа топ мүшелері оқып, бүкіл сынып болыпталдап, қорытындылай келе бағалайды. Ұжымдық жұмыс барысындабасты нәтиже: күнделікті оқып, қайталауға мәжбүр болып, жүйелі оқуғақалыптасады, тәрбиесі жақсарады.
Сабақта топтық оқытудың педагогикалық мақсаты оқушылардың өз бетінше, әрбір оқушының жеке өзінің оқуын жүзеге асыруда, олардыңтанымдық белсенділігін арттыру, әрбір жеткіншектің қайырымдылығындамыта түсу, бірін-бірі түсінуге жеткізіп, сезімталдықтарын жетілдіріп, қолұшын беруге әзір екендігін күшейте беру.Қандай әдіс-тәсіл болса да, әр оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге,оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға тиіс. Өз ойыментұйықталған баланың ойлау қабілеті еркін дамымайды.Сондықтан жоғарыда айтылған сабақтағы топтық жұмыс, ұжымдықтәсіл ең тиімді. Себебі оқушыларды тегіс сабаққа қатыстыруғакөмектеседі.
Ұжымдық оқыту әдістемесін әртүрлі пайдалануға болады. Қарым-қатынасқұрылымына сәйкес оқытуды ұйымдастырудыңкөптеген түрлері бар. Олар: 1. Жеке-дара (жанама түрдегі қатынас); 2. Жұптық (тұрақты жұптағы қатынас);3. Топтық (топтық қатынастың құрылымы). Ол қатысушылардың санына қарай екі түрге бөлінеді: а) жалпы сыныптық (фронтальдық); б) звено-бригадалық;4. Ұжымдық (ауыспалы жұптағы қатынас).
Оқытудың ұжымдық тәсілінің ерекшелігі келесі үрдістердіңсақталуына байланысты:
оқушылардың жұптарының ауысып отыруы;
олардың өзін-өзі оқытуы;
өзара бақылау;өзара басқару.
А.Г.Ривин әртүрлі жағдайларда қолданылатын оқытудың ұжымдықтәсілінің бірнеше әдістемесін атап көрсетті:
кез-келген оқу пәні бойынша мәтіндік материалды оқу;
мәтінді өзара алмасу;
тапсырмаларды өзара алмасу;
оқулық бойынша есеп пен мысалдарды шығару;
өзара диктанттар;
жұптасқан түрде өлең, тақпақтар жаттау;
жұптасқан түрде жаттығуларды орындау;
сауалнама бойынша жұмыс;
Шағын жинақты мектептерде кез-келген оқу пәні бойынша оқудың мәтіндік материалдарыноқытудың өзіндік ерекшелігі бар:
1. Кез-келген пәннен оқулық бойынша мәтіндік оқу материалыноқыту жоспарланады.Ол үшін берілген оқу материалы бірнеше бөліккебөлінеді. Төменгі сыныптарда мәтін көлемі аз болуы керек. Әр оқушы өзбетінше жеке жұмыс істейді.
2. Бір партада отырған екі оқушы бірігіп мәтіннің бірінші бөлігіноқуға кіріседі. Біреуі мәтінді ақырын дауыспен оқыса, екіншісі мәтінніңдұрыс оқылуын қадағалап отырады. Содан соң екеуі бірігіп мәтінніңмазмұнын талдайды, демек, біреуі мазмұнын айтып, екіншісі толықтырыпотырады. Сонымен қатар басқа оқу материалдарынан да үзінділеркелтіруге болады. Балалар мәтіннің осы бөлігіне ат қойып, оның жоспарынқұрады.Жоспар құру барысында талас туындап, мәтін жан-жақты талданып,оқушылардың ойлау қабілетіне жағымды жағдай туады. Содан соңоқушылар мәтіннің бөлігіне қойылған атын және қарастырылған жоспардыдәптерлеріне жазып, тарасады. Мәтіннің екінші бөлігін талдау үшінәрқайсысы өзіне жаңа жұп таңдайды. Егер мұғалім өзінің оқушыларыныңқабілетін жақсы білетін болса, онда кіммен бірігіп жұмыс істеугеболатынын айта алады. Бірақ бұл міндетті емес.
3. Жаңа жұптарда оқушылар бірінші бөлімнің қысқаша мазмұнынқайталайды. Олар жоспарды салыстырып, өзгертіп, түзетеді. Біреуі біріншібөлімнің мазмұнын айтса, екіншісі айтып отырған баланың дәптерінеқарап, қажет кезінде түзетіп, толықтырады. Содан соң олар біріншіжолғыдай мәтіннің екінші бөлімін талдайды.Осылайша мәтін аяқталғаншажұптарын ауыстыра отырып, жұмыс істейді.
4. Мәтінді талдау барысында ақырғы жұптың жұмысы маңызды.Мәтіннің ақырғы бөлігін талдаған жұп кезекшіге немесе мұғалімгежұмысты аяқтағаны жөнінде айтады. Осылайша оқушы оқылған тақырыпбойынша кіші немесе үлкен топта жұмыс істеуге дайын.
5. Мәтіннің барлық бөлімін талдаған оқушылар 4-6 адамнан кішітоптар құрайды. Олар өздеріне жүргізушілер тағайындайды. Жүргізушіөзіне және әр оқушыға материалды айтып шығу үшін сөз береді. Топ әроқушыға баға қояды.
Жүргізуші баға қойылған қағазды мұғалімге береді.Мұғалім өз кезегінде 2-3 оқушының білімін тексеруі мүмкін. Оқушылар өзжолдастарының білімін дұрыс бағалайтындықтан мұғалімнің бағасыментура келіп отырады. Барлық бағалар сынып журналына қойылады.Тапсырмалармен өзара алмасу – бірыңғай тапсырмаларды орындаубарысында білім-білік дағдыларын игеруде таптырмайтын әдіс.Әрбір оқушы өзінің тапсырмасын орындап, ауыспалы жұптарданбасқа тапсырмаларды шешуді үйреніп, басқаларды үйретуге дайын болғанкезде ұжымдық оқыту түрі енгізілді деп есептеледі. Егер қандай да біртапсырманы орындай алмаған жағдайда мұғалім түсіндіру жұмысынжүргізеді. Тапсырмаларды орындау кезінде білім-білік дағдыларыноқушының игергенін мұғалім белгілеп отырады.Әр фамилияныңқарсысында тапсырманың нөмірлері жазылған графаға нүкте қойылады.Бұл нүкте оқушы осы тапсырма бойынша тапсырманың орындалу жолынтүсіндіре алады деген сөз. Жұптық жұмыс аяқталған кезде нүктеніңорнына «+» таңбасы қойылады. Әр оқушы әртүрлі оқушымен берілгенбарлық тапсырманы орындап шығады.Ең алдымен 5-7 оқушыдан тұратын бірнеше топтарұйымдастырылады. Бұл топтар карточкадағы тапсырмалар бойыншажұмыс істейді. Біраз уақыттан кейін әр топтан барлық тапсырмалардыигереген оқушылар бөлініп шығады. Олардан басқа карточкалардағытапсырмаларды орындайтын жаңа шағын топтар пайда болады.Оқушылардың іс-әрекетін бақылайтын карта жеке, топтық немесесыныптық болуы мүмкін. Тапсырма алған оқушының карточкадағыфамилиясының тұсына нүкте, тапсырманы орындап болған соң бағақойылады.
Ұжымдық оқыту әдісінің артықшылығы – оқушы мен мұғалімарасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Ұжымдық оқытудың мақсаты: адамды жан-жақты тәрбиелеу (танымүрдістері, жан құбылыстары). Ал оның көрсеткіштері – рухани дүниесініңбаюы, оқуға деген құштарлығының артуы, ауызша, жазбаша тілмәдениетінің дамуы, ойлау, елестете алу қабілетінің қалыптасуы,көзқарасының тереңдеуі, өзінше бағалап, пайымдай білуге дағдылануы;сезім сергектігі, эмоциялық мәдениеттілігі, ойын еркін жеткізуі, талдайбілуі, танымдылық оқу ауқымының кеңуі, өмір мен өзіндік ойының байланысының нығаюы, шығармашылық ізденісіне жол ашылуы.
Интерактивті оқыту оқушылардың ұжымдық ойлау, өзара көмекжәне қолдау, ұйымдастыру, кеңес беру, бақылау, бағалау, жоспарлау,мақсат қою, шешім қабылдау сынды іскерліктерін қалыптастыруға ықпалетеді.Оқушылардың негізгі іс-әрекеті қарым-қатынас болып табылады,сондықтан қарым-қатынасқа негізделген технологиялар (топтық оқыту,интерактивті әдістер, т.б.) арқылы ұсыналатын оқу материалын қабылдаукезінде айрықша көрсетіліп, интонациямен айтылған, пікірталасбарысында туындаған ақпарат оқушының жадында қалады.Топта жұмыс жасау, тиісті топтың ерекшеліктерін білу,ынтымақтастық ахуалын ұстай білу, мәселені шешу мақсатында тиімдіқарым-қатынастар құру, түрлі өзгерістерге дайындық оқушының еркінсөйлеуін, қарым-қатынас мәдениетін, шыдамдылықты жетілдіругемүмкіндік береді.
Интерактивті оқытуды ұйымдастыру барысында оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады. Шығармашылық қарым-қатынас, өзіндік жұмыс жасауды жоспарлау, бақылау, бағалау іскерліктері қалыптасады, қарым-қатынасқа түсу дағдысы өрбиді, топта пікірталас жүргізу, өз ойын жазбаша және ауызша білдіру дағдылары қалыптасып, адамдармен жұмыс жасау дағдылары жетіле түседі. Интерактивті оқыту кезінде төмендегі жағдайлар жүзеге асады:
меңгерiлiп отырған материалдың көлемi және түсiну тереңдiгiұлғаяды;
танымдық белсендiлiгi мен шығармашылық деңгейi өседi;
бiлiм мен iскерлiктi қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады;
бiлiмнен көбiрек қанағат алады, өздерiн еркiнсезiнедi;
қатысушылардың арасындағы өзара қатынас сипаты өзгередi;
топтың бiрлiгi күрт өседi, өзара сыйласу өзiнiң және өзгелердiң мүмкiндiктерiн сәйкес бағалайалу қабiлетiмен қатар өседi;
маңызды әлеуметтiк дағдыларға ие болады: жауапкершiлiк,басқалардың позициясын есепке ала отырып, өз мiнез-құлқынқалыптастыру iскерлiгi, қарым-қатынастың гуманистiк түрткiлерi қалыптасады;
мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейiмдiлiктерiн, олардыңдайындық деңгейлерiн, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуддараландыру мүмкiндiгiн алады;
мұғалімнің тәрбиелiк жұмысы топтық оқыту үшiн қажеттi шарт болабастайды.
Интерактивті технологияларды қолдану кезінде мұғалім оқушылардың дербес белсенді қызметін ұйымдастырушы, білікті кеңесші және көмекші рөлінде болады, оқушылар жақын, тең дәрежелі қарым-қатынастар орнату мүмкіндігі пайда болады, дұрыс, дұрыс емес жауапты ешқандайқысылмай, еркін айту мүмкіндігі туады. Оқушылар топта, үштікте, жұптажұмыс жасай отырып, өз біліміндегі, қарым-қатынасындағыкемшіліктер мен қателерді өзімен бірдей адамнан қабылдай отырып,коммуникативтік міндетті дұрыс шешуге тырысады.Топтық оқыту білім мазмұнының практикалық мәнін ашуға әсеретеді, себебі оқушы білімді күнделікті өзіне үйреншікті қарым-қатынасәрекетінде алады, топта жұмыс жасау ережелері қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |