1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН МОДЕЛЬДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет22/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

9. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН МОДЕЛЬДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Шағын жинақты мектептегі сабаққа қойылатын талаптаржалпы білім беретін мектептердегі сабаққа қойылатын талаптармен бірдей. Осыған орай, жаңа білім, іскерліктерді меңгертудің жетекші түрлері төмендегідей:

  • мұғалім басшылығымен жұмыс;

  • оқушылардың өздік жұмыстары.

Бұлжұмыстар сабақ уақытының 80-90%-ын алады.Ынтымақтастық бiрiккен iс-әрекет ретiнде, өзара әрекеттесушiсубъектiлердiң белсендiлiгiн ұйымдастырушы жүйе ретiнде:
1) кеңiстiкжәне уақыттың қатар болуымен;
2) мақсаттардың бiрлiгiмен;
3) iс-әрекеттiұйымдастыру және басқарумен;
4) функцияларды, әрекеттердi,операцияларды бөлiсумен;
5) позитивтi тұлға аралық қатынастардыңболуымен сипатталады.
Ынтымақтастыққа талдау жүргiзуде, бiрiншiден, мұғалім – оқушы(лар) бағыты, әдетте, оқушы+оқушы бағыты бойынша өзараәрекетпен толықтырылатынын атап өту маңызды, бұл оқу iс-әрекетiнiңтоптық сипатымен ерекшеленеді. Екiншiден, негiзгi зерттеулерынтымақтастықтың үйренушiнiң (үйренушiлердiң) тұлғалық дамуына,оның (олардың) оқу iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiне ықпалын бiлуге бағытталған. Нәтижесiнде, оқудағы оқушы – оқушы ынтымақтастығы, оқытудыңұйымдастырушы формасы ретiнде, тек нақты бiр оқу пәнi бойыншаоқытудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ғана емес, сондай-ақ шәкiрттұлғасының дамуы, қалыптасуы үшiн де елеулi маңызға ие болады.Бұл жерде ұжымдық iс-әрекет принципi үштұрғыдан жүзеге асады: үйренушiлердiң ұжымдық шығармашылыққадеген ұстанымымен, әр шәкiрттiң қойылған мiндеттi орындауға белсендiқатынасуымен және әр шәкiрттiң iс-әрекет тұлғалық-мәндi пәнiнтаңдауымен, яғни, осы пәндi белгiлеу құралдарын, оның көрiнуi және оныартық көру тәсiлдерiн бiлу мағынасында, мұның өзi оқу процесiнiңдараландырылуын қамтамасыз етедi.
Бiрiккен оқу әрекетiн өзгеше оқу жағдайы ретiнде бағалай отырып, оның келесi талаптарға жауап беруi атап өтіледi: мақсаттыңортақтығы, әр қатысушының өзiнiң даралық әрекетiн орындауы,барлығының барлығымен үйлестiрiлуi, аддитивтiксiз, яғни, iс-әрекеттердiжай ғана қосу емес, ортақ нәтиженi алу. Осы талаптар жағын жинақты мектептегі сыныптағыоқушылардың ұжымдық коммуникативтiк iс-әрекетiн ұйымдастырудажүзеге асырылады. Мысалы,ең алдымен, оқушылар тобыныңалдына ойлау тапсырмалары қойылады, оны тек ұжыммен ғана орындауғаболады. Сонымен бiрге, тапсырманы орындау бойынша жалпы топтық iс-әрекет жалпы топтық нәтижеге ие, мысалы, топтың барлығының ой-пiкiрлерi ұжымдық монолог немесе полилогиялық пiкiрлер. Бұл жердеоқушылардың жеке пiкiрлерiнiң бүкiл сынып үшiн ортақ мағынасы бар.Оқушылар мазмұндау барысында белгiлi бiр логиканы ұстанса, ондаосылайша оқу мәтiнiн де құрастыруға болады. Бұл жерде әр оқушының жауабы мұғалімнің ынталандыруымен, жағымды қолпаштауыменқуатталынып отырады. Мұғалім сипатталып отырған пәннiң, жағдайдыңтолық сипаттамасын жасау үшiн әр шәкiрттiң жауабының маңыздылығынесепке алу қажет. Шағын жинақты мектептегі ұжымдық оқу iс-әрекетiнебүкiл топтың қатысуы – үйренушiлердiң әрқайсысында қанағаттанусезiмiн, оларда өз iс-әрекеттерiнiң пайдалылығы, қажеттiлiгi,дұрыстығының әсерiн туғызады. Ол оқытудың бастапқы сатысының өзiндеiс-әрекеттi жүзеге асыру мүмкiндiгiне сенiмдiлiк бередi. Мұның бәрiоқушы орындаған әрекетті, iс-әрекеттi жағымды эмоционалдық қуаттауболып келедi және нәтижесiнде оқыту процесiнiң, жалпы қарым-қатынастыңтабыстылығына алып келедi.
Оқушылардың өздерi бiрлескен iс-әрекетке түрлiше қарайтынын атап өту маңызды. Мысалға, ең төменгi бiрiншi деңгей оқушылардың оқудағытапсырмаларды бiрлесе орындауға деген терiс қатынасымен сипатталады.Оқушылар бiрлескен жұмыстың артықшылықтарын көрмейдi жәнетүсiнбейдi, олар сабақтың мұндай формасы қойылған мiндеттердiорындауды бiрталай қиындатады, ал ынтымақтастық тек кедергi жасайды деп түсінеді. Оқуға деген калыптасқан қатынастың тек жоғарғы деңгейiнде мектеп оқушылары ынтымақтастыққа қосылады жәнеоның артықшылығын бағалайды.Шағын жинақты мектепте оқудағы ынтымақтастық түрлiтәсілдердiң, амалдардың көмегiмен ұйымдастырылады, олар шәкiрттердi iс-әрекеттiң белгiлi ережелеріне бағындырады. Оқу мiндетiн орындаудағы,оқудағы ынтымақтастықтың неғұрлым кең таралған тәсiлi дискуссия,талқылау, проблемалық сұрақ болып табылады. Оқудағы ынтымақтастық жағдайында мiндеттi бiрлесе орындауоқкшылардың пәндiк-танымдық, пәндiк-коммуникативтiк және пәндiк-рефлексивтiк тұрғыдағы шағын мiндеттердi орындауына жағдай туғызады.Бiрiншiлерi тiкелей топқа ұсынылған тапсырманы шешудi iздеуменбайланысты;екiншiлерi қарым-қатынас пен бiрiккен iс-әрекеттiұйымдастырумен; үшiншiлерi бiрiккен iс-әрекетке қатысушылардыңәрқайсысыныңсанасында олардың серiктестерiнiң мiндеттер пән меншарттарын қалай түсiнетiнi жайлы сәйкес түсiнiктердiң қалыптасуымен байланысты.
Мiндеттердi орындау үш сатылы кезеңдерден өтедi:шарттармен танысу, шешу және бақылау.Үйренушiлер неғұрлымересек болса, соғұрлым нағыз бiрлескен iс-әрекет жасалу жолыжылдамырақ өтiледi және оқу-тәрбие процесiнде тек серiктестiк, субъект-субъектiлiк өзара әрекетке жылдамырақ жетедi деп ұйғаруға болады.Қарым-қатынасты оқыту құралы мен мақсаты ретiнде қарастырсақ, оныигеру төрт кезең ретiнде берiлген, олардың iшiнде алғашқы екеуi ерекшеқызықты. Мысалы, бiрiншi кезеңде оқушыны өз ойын айтып, нақтыжеткiзуге үйрету. Екiншi кезеңде оқушы қарым-қатынас серiгiне әсеретудi, соның iшiнде дәлелдеу мен аргумент келтiрудi үйрену керек.Басқаша айтқанда, осы кезеңдерде шәкiрт белгiлi бiр коммуникативтiкмiндеттi орындауды үйренуi керек. Педагогикалық қарым-қатынас жағдайында оқушыпозициясынан келесi коммуникативтiк мiндеттер шығады: «түсiну», «естесақтау», «жаттау», «меңгеру», «қорытынды жасау», «жауап беру», «терiскешығару», «дәлелдеу». Бұл мiндеттер бiртектi емес: бiрi күрделiрек(«дәлелдеу»), екiншiсi қарапайымдау («жаттау») екенi анық. Коммуникативтiк ұстаным – «хабарды алу және басқаға беру» – барлық жас топтарында қабылданған материалдың неғұрлым көпсақталуын қамтамасыз етедi. Мұны мұғалiм қарым-қатынасты, оқытудыұйымдастыруда және оқу-тiлдiк нұсқауларды, мiндеттердi тұжырымдаукезiнде есепке алуға тиiс.Осыған сәйкес коммуникативтiк актыныңфункционалды бiрлiгi ретiнде, коммуникативтiк мiндет, қарым-қатынастың құрылымдық бiрлiгi ретiнде бола отырып, сөйлеушi ментыңдаушы жүзеге асыратын қарым-қатынастың екi жақты бiрлiгi ретiндеқарастырылады.Функциялар төрт тоқа бөлінедi:
1) ынталандырушы;2) елеп ескерушi, оған : а)бағалаушы және б) түзетулер енгiзушi жатады; 3) қадағалаушы; 4)ұйымдастырушы, оған: а) оқушы зейiнiн қабылдауға, есте сақтауға және қайта жаңғыртуға бағыттаушы; б) оқушының алдыңғы мәтiнмен, суретпен,фильммен жұмысқа дайындығын қамтамасыз етушi, в) мiндеттердi,нұсқауларды орындаудың бiрiздiлiгi мен сапасын сiлтеушi, г) сабақ үстiндегiхорлық, жұптық, топтық, даралық жұмыстарды ұйымдастырушы; д)оқушының сабақ кезiндегi тәртiбiн реттеушi функциялар жатады.
Жалпы коммуникативтік міндет баяндау және ынталандыруданқұрылады. Баяндау түрлері: өзінің баяндауы, рапорт және т.б.Ынталандыру түрлері: бұйрық, талап ету, ескерту, ақыл беру, тапсырма,шақыру, өтініш, уағыздау және т.б.Өзіне көңіл аударту кезеңі әртүрлі тәсілдердің көмегімен жүзегеасырылады. Олар мына варианттарға бөлінеді: сөздік-вербальды қарым-қатынас, өзіне көңіл аударудың ішкі белсенді талабы мен үзіліс, белгі-кестелерді, көрнекілікті ілу, тақтаға жазу.
Нақтылау кезеңінде педагог алдыңғы кезеңдерде жинақталғанқарым-қатынас жағдайын және мүмкін болатын міндеттерді нақтылайды.Өнімді қарым-қатынас деңгейін анықтауға тырысады.Коммуникативтік міндетті шешудің негізгі кезеңі – вербальдықарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынастың жетістігіпедагогтің жақсы вербальдық еске сақтауына байланысты, жарқын нақтысөйлеу, тілдік әдістерді дұрыс таңдай білуі, ақпаратты беру мәтінінлогикалық түрде құрастыра білуі, интонациясына байланысты.Коммуникативтік міндетті шешудің ең соңғы кезеңі – кері мазмұндыжәне эмоциональды байланысты ұйымдастыру. Кері мазмұнды байланысқатысушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі туралы ақпарат береді.Ол фронтальды және шұғыл жеке сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау арқылы жүзеге асырылады. Өзара әрекеттің дамуы үшін іс-әрекет жүйесін өзгерту қажет. Оны тудыратындай әрекетке көшкен дұрыс.Оны қалай жасауға болады?
Біріншіден, оқушыларды олар үшін жаңа әрекетке қатыстыруарқылы. Бұл жол оқушыға өзара әрекеттің мүмкіндіктеріне жақындауға,жаңа іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, оқушы айналысатын іс-әрекет құрылымын өзгертуарқылы. Осылайша педагогтардың жаңа мақсат пен міндеттерді қоюы іс-әрекеттің өзгеруіне әкеледі және оқушыларға жаңа өзара әрекеттерді ашуғамүмкіндік береді.Өзара әрекеттің өзгеруінің тағы бір тәсілі тұлғаның әлеуметтікпозициясының ауысуы болып табылады.Қандай да бір іс-әрекеттің аспектісін моделдеуші әртүрлі ойынжағдайлары өзара әрекетті дамыту құралы бола алады. Рөлдік ойындаойын іс-әрекетінің тұлғалық мағынасы жеңіл ашылады. Соңғы кезде ойын жағдаяттары балаларды оқытуда да,ересектерді оқытуда да кең қолданыс табуда. Өйткені олар тек білім беріпқана қоймайды, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік рөлдерді адамныңойнауы арқылы әлеуметтік позициясының өзгеруіне, іс-әрекет мәнініңөзгеруіне алып келеді.Өзара әрекетті дамытудың тағы бір жолы – шығармашылық жұмыс.Өзара әрекетті дамытуды тек шығармашылық жұмыспен ғана емес,сондай-ақ гуманитарлық мәтін арқылы да жүргізуге болады.Барлық өзара әрекетті дамыту жолдары диалогтік сипатқа ие болады. Педагогтің міндеті –оқушыға қарым-қатынасмәдениетін түсінуді жеңілдету.
Шағын жинақты мектепте оқушытапсырманы орындаушы, тексеруші, басқарушы және бақылаушырөлдерінің бірін таңдауына зор мүмкіндігі бар. Өзара әрекетті дамытуда сыни жағдайлар ерекше қызықты. Сынижағдай «мүмкін еместік жағдай», яғни «субъект өз ұмтылыстарын,түрткілерін, құндылықтарын және оның өмірінің ішкі қажеттіліктері депаталатын барлығының жүзеге аспауымен түйіседі» деген ғылыми тұжырым қалыптасқан. Мүмкін емес жағдайда субъекті мағына табуды мінез-құлқын реттеуде жоғары мағыналық деңгейде көрсетеді. Осылайша, адам өз өмірін немесе белгілі бір жағдайдағы әрекетінайқындайды, әртүрлі әрекеттердің арасынан таңдау жасай алады,шығармашылық іс-әрекетте жаңа әрекеттер тудыра алады. Өзара әрекеттің дамуының жоғарғы деңгейі тұлғаның өзара әрекетті өзіреттеуі, оның қалыптасуы адамға өз өміріндегі қиын және сынижағдайларда өздігінен әрекеттесуге мүмкіндік береді. Шағын жинақты мектептегі оқушының өзараәрекетін дамыту талаптарына әртүрлі іс-әрекет түрлерін игеру барысында тек жаңаәлеуметтік мәнді әрекеттесуді игеруі ғана емес, сонымен қатар мінез-құлықты өз бетті реттеудің жоғары деңгейіне ауысуы қамтиды, бұл алынғанбілім мен білікті шығармашылық түсіну және қолдану, адамның жаңамақсаттарды өздігінен қоюы мен олардың жаңа іс-әрекетті ашуы болып табылады.
Шағын жинақты мектептердегі «Ана тілі» пәні бағдарламасында негізгі 3 блокты бөліп көрсетугеболады:
1. Мәселелік мәтін құрау кезінде қиялын белсендендіру тәсілдері;
2. Мұғалім мен оқушылардың және олардың бір-бірімен оқудағыынтымақтасуы мен өзара әрекет формалары;
3. Өзара әрекеттесуді тәрбие жұмыстары кезінде ұйымдастырунегіздері.
Бұл пәнді оқыту барысында бірлескен өнімді әрекет мектептегімұғалім мен оқушының өзара әрекетін ұйымдастырудың тәсілдері менәдістерін игеру пәні және оқыту әдісі ретінде қарастырылды. Мәселелік мәтін құрау кезінде қиялды белсендендіру тәсілдерін қолдануға болады. Бұл тәсілді Д.Родари «тас лақтыру (брошенный камень)» деп атаған екен. Мұғалім бір сөз айтады, ол лақтырылған тастай адамдардыңсанасында ой толқынын, ассоциация, еске түсірулер тудырады. Мәтінқұрауда ол жақсы материалдар бере алады, ал оның әсерін күшейту үшінсын есім қосуға болады, бұл айтылған сөзге әр берердей ой қозғау салады.Мысалы, адамдардың қасиеттері, мамандықтар т.б. Бұл тәсілді RWСTжобасының «Ассоциация» стратегиясымен безендіруге болады. Ол күншапағына орналасқан ойлардың жиынтығы түрінде бейне алады. Бұлстратегияны тақырыпқа ой қозғау салуда ең қарапайым стратегия түріндеқолдануға болады. Сондай-ақ оны әртүрлі сұрақтармен күрделендіругеболады.
Екінші тәсіл – «Қиял биномы» – бұл да Д.Родариден алынды. Оныңмәні оқушыларға бірнеше әртүрлі мағынадағы сөздер қатары беріледі,олардың арасында мағына жағы қашық, күнделікті логика қатарыменқарасақ ешқандай байланыс жоқ. Оларды бір контекске келтіру үшін,қиялдың ерекше жұмысы қажет. Онда белгілі бір заттысипаттауда осы нәрсені ең алғаш көріп тұрған адамдай, ол неге қажетекенін білмейтіндей сөздермен сипаттау қажет. Мағынасы жағынан неғұрлым сөздер алшақ болса, соғұрлым олар «биномқиялында» қиялды стимулдайды.«Қиял биномдары» алдынала даярлануы да мүмкін, бірақ егер оларсабақ барысында туындаса тіптен жақсы. Ол үшін екі оқушыға сөздеройлап тауып, жазу ұсынылады. Сосын олардан кезектесе отырып оқуысұралады. Егер ойлап табылған сөздер бір-бірінен мағынасы жағынаналшақ болса, оларды жұпта байланыстыру қажетті әсер береді.Мысалы, сәтті «биномдарға» ұстаз – сарқырама, мектеп – сұрақ, т.б. сөздерді ұсынуға болады. Мұндай«биномдарды» оқушылар сабақта ойлап шығарады. Олар қызықтымәселелік мәтіндер құрауға негіз бола алды.«Қиял биномы» құралатын материалдарды іріктеу мүмкіндігінеоқушылардың назары ауады. Екі сөздің орнына екі айқын суретті, екі фотосуретті, екі әуенді қолдануға болады. Мұнда ең маңыздысы бір бірінеұқсамайтын екі түрлі заттың болуы. Сонда олардың бір мәтінде кездесуіжәне бірігуі мәтін авторына қызықты, тартымды міндет болмақ. Бұл тәсілқиялды дамытудың ең қарапайым да, тиімді тәсілі болып табылады.
Үшінші тәсіл – танымал мәтінді жаңа элементтер қосу арқылы өңдеу.Танымал мәтіннің құрылымына бөтен компоненттің қосылуы оның барлықлогикасының қайта өзгеруін талап етеді және оны қайта қарастыруға,құруға көмекші құрал болады.
Төртінші тәсіл – сөз бен сын есімдердің ерекше қолданылуы.Қарапайым сөздерге: тәрбие, білім, бала, ата-ана т.б. кездейсоқ ретпенәртүрлі сын есімдер қосылады мини, макси, супер, анти, қарсы, жоғары, т.б.Осындай жұмыстың нәтижесінде алынған сөз тіркестері заттықмағынаға ие, сиқырлы, ерекше қасиеті бар болады. Мұндай сиқырлы сөздер жаңамәтін құрауға негіз болады.
Бесінші тәсіл – «магиялы егер де...». Бұл тәсіл К.С.Станиславский(1938) жүйесінің құрамында орын алған болатын. Оның мәні субъект өзінемесе өзгелерді реальды жағдайдан таңдалған жағдайға шығарады жәнеосы жағдайда мәтінді құрайды, сұраққа жауап береді, мәселені шешугетырысады. Мұндай тәсілді тәжірибелі ғалымдар көп қолданады.«Магиялы егер де...» типіндегі пікірлердің құрылымы екі элементтентұрады: біріншісі «магиялы егер де..» формуласынан, екіншісі оныңжалғасы. «Егерсиқырлы таяқ берілсе, сен не істер едің?», «қалам тапсырманы өзі жазса неболады?» т.б. Мұндай тақырыптар мұғалімге оқушыларды жақын білуге,оның арманын, мұратын, сезімін білуге мүмкіндік береді.Оқу бағдарламасына қиял мен мәтінді құрастырудың негізгітәсілдері, түрлері қамтылған және оларды әртүрлі жас кезеңіндеқолдануға болады. Екінші және бесінші тәсіл сабақ кезіндегі жұмыста міндеттітүрде қолдануға арналған, ал қалған үш тәсіл мәтін құраудажәне үй тапсырмасы ретінде беруге ұсынылды.
Алтыншы тәсіл – ашық тапсырма. Бұл оқушыларға жауап бергендееркін таңдауға мүмкіндік беретін тапсырма. Басқаша айтқанда, мұндайсұрақтарға жауаптар алдын ала белгіленбеген, сондай-ақ жаттандылықты талап етпейді және оған жалғыз, әрі дұрыс жауап болмайды. Бұндайтапсырмалар оқушының өз түсінігін өзінің тәжірибесі мен ойы негізінде құруына бағытталған. RWСT жобасының көптегенстратегияларын осы алтыншы тәсілдің түрлі нұсқасы ретінде қолдануғаболады. Оларға: эссе жазу, РАФТ т.б. жатады.
Оқушылардың мәселелік мәтінқұрауы негізінен екі формада өтеді – топтық және жекелік. Топтық форманың бірнеше нұсқасы бар: 1) Оқушылардың тобы (4-6 адам) бір мәтін құрайды, бірақ топтыңәрбір мүшесі оны жазудың өз нұсқасын ұсынады.2) Топ (4-6 адам) мәтін жазуды бірлесе бастайды, ал оныжалғастыруды барлық оқушылар жеке дара орындайды.
Топтық жұмыстың бұл екі нұсқасын қолдану оқушыларда жазбашапікір тудыруға және онымен жұмысістеуге мүмкіндік береді.Топтық жұмыстың көрсетілген нұсқасы 4-6 адамнан тұратыноқушылардың шағын тобын қалыптастыруға және бірлесіп жұмыстану үрдісіне икемделуге мүмкіндік туғызады. Алайда оқушылар барлық қиын жағдайда оқытушыныңкөмегіне сүйене алады, ол кез-келген шағын топтың жұмысына араласаалады.Топтың өзара әрекетінталдау оқушыларға әртүрлі рөлдердің ерекшелігін көруге және бірлескеніс-әрекетте өз позициясын түсінуге мүмкіндік береді. Топтық жұмыстың төртінші нұсқасы «шеңбер бойынша мәтін» депаталды, ол оқушылар тобының өзара әрекетін арнайы реттеуге мүмкіндікбереді. Бұл мәтінді бірлесе шығару үшін арнайы айқынсуреттерді даярлау қажет. Әр оқушыға мұндай 2-3 суретті үйден даярлаутапсырмасын беруге болады. «Шеңбер бойынша мәтін» шығаруда барлықоқушылар тобы үлкен үстелдің айналасына отырады, олардың әрқайсысыоқушыларға қарап мәтіннің кішкене бөлігін шығарды. Алдымен біріншіоқушы басын бастайды, қалғандары оның жалғасын жалғастырады. Бұл тапсырмаға шағын жинақты мектеп жағдайындағы қатар сыныптарды: төменсыныптан жоғары сыныпқа дейін барлық оқушыны қатыстыруға болады.Ал соңғы оқушы оның аяғын ойлап шығаруы қажет. Мұғалім оқушылармен бір шеңберде отырып, олармен бірге тапсырманыорындауға болады. «Шеңбер бойынша мәтін» тәсілі оқушыларға мәтінгедеген әрқайсысының үлесін, ойын теңестіріп және осы топтағытұлғааралық қатынастың кейбір ерекшеліктерін біршама анық бақылауғамүмкіндік береді.«Шеңбер бойынша мәтін» тәсілі оқушылардың инициативасы мен жекеүлесін теңестіруге, пассивті оқушыларға қозғау салып және осы топтағыолардың тұлғааралық кейбір ерекшеліктеріне бақылау жасауға мүмкіндікбереді. Топтағы өзара әрекетті ұйымдастырудың жоғарыдағы ұқсас тәсілінсурет салу негізінде жүзеге асыруға болады. Оқушылар тобына «шеңбербойынша сурет» салу ұсынылады. Барлық топқа ортақ қағаз парағына әроқушы кезек бойынша болашақ суреттің бөлігін салады. Алдын аласуреттің тақырыбы бойынша келісілмейді, қағаз бір-біріне үндемейберіледі. Егер топ тату және сурет салушылар суреттің ойын дамытқысыкелсе, сурет толығымен шығады. Егер топ дау-жанжалды және суретсалушылар әрекетінде келісім болмаса, онда мұндай жұмыстың нәтижесі«абстрактылық сурет» туындысы болып келеді (суреттің ортақ ойы жоқ).Мұндай сипат «шеңбер бойынша мәтін» тәсілінде де топтық өзараәрекетке тән. Сондықтан да «шеңбер бойынша мәтін» және «шеңбербойынша сурет» тәсілдерін топтағы тұлғаралық қатынастың ерекшелігіндиагностикалау мақсатында және топ мүшелерін ортақ өнім жасаубірлігінде жаттықтыру мақсатында бірге қолдануға болады.
Оқушылардың оқу барысында біргуі мен өзара әрекетінің әртүрлітүрлерімен танысуы олардың ұғымдарының кеңуіне және жекетәжірибеде бірлесе оқу тапсырмасына байланысты қиындықтар менартықшылықтарын түсінуге болады.Жеке тұлғаның дамуының, мәдениаралық алмасулардың, пікірінеркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл,өз кезегінде, жас ұрпақтың талаптары мен қызығушылығына барынша жауапберетін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет