1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары



бет37/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
ДӘРІС.

14. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРГЕ
ПЕДАГОГ-МАМАНДАР ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ
Мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесі көптеген ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талданған. Мәселен, мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру туралы классикалық педагогика өкілдері Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко және қазақ ағартушылары А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, Ш.Құдайбердиевтің, Ш.Уәлихановтың педагогикалық мұраларында қарастырылған. Сонымен қатар Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлы және қазақтың біртуар зиялы азаматтары да мұғалімдердің білімін көтеруіне, әдістемелік дайындығына атсалысқаны белгілі. Әр ғалым педагогикалық зерттеу барысында тұлға қалыптастырудағы педагогикалық практиканың мәніне тоқтала отырып, әртүрлі анықтама береді. Мәселен, Б.А.Әлмұхамбетов өз зерттеулерінде біліктілікті арттыру жүйесінің тарихы мен даму болашағын еліміздің біліктілікті арттыру мәселесін шетелдік тәжірибелермен салыстыра көрсеткен. Біліктілікті арттырудың сапасын арттыру, деңгейін көтеруге ықпал ететін жолдарды ұсынады. Б.А.Тұрғынбаева осы саладағы ғылыми зерттеулерінде шығармашылық әлеует адамды кәсіби әрекеттің биігіне шығаратын сапа деп тұжырымдайды. Ұстаздың акме жағдайға жетуі оның өз бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі жетілдіруіне және осының бәрін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты екендігін ғылыми негіздеген.
Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар педагогикалық процеске жүйелі өзгерістер енгізуде.Мұғалімдерді дайындау және қайта даярлау әдістемелік бірлестіктерде, жасмұғалімдер мектебінде, біліктілікті арттыру курстарында жүргізіліп отырды. Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі бұл үлгідегі мектеп мұғалімдері өз біліктіліктерін жүйелі түрде арттырып отыру қажет.Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінде көптеген қиындықтар кездеседі, атап айтсақ: кейбір мұғалімдердің өзіне қолайлы педагогикалық технологиянықолдануда қиындықтарға тап болуы;педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мектепбасшылары тарапынан әдістемелік көмектің жеткіліксіздігі;ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі; педагогикалық технология негіздерін болашақ мұғалімдердің жоғары оқуорнында толықтай меңгермеуінен жас маманның педагогикалықтехнологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;мектептің озат мұғалімдері өз тәжірибесінде инновациялық технологияны ғылыми тұрғыдан негіздей алмауы;жаңа білім технологиялары саласында жеткілікті ақпарат алмауы; оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастыруда қиындықтар туындауы;таңдау (элективті) курстарын жоспарлау және ұйымдастыру саласында білімдерінің жетіспеуі, т.б.
Осыған орай, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптегенжауапкершілікті талап етеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары күрделеніп,оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдарыжәне педагогикалық әсер етудің объектісі – оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы мұғалімнің педагогикалық кәсіби шеберлігініңдеңгейін жоғарылатуды көздейді. Оқу үрдісі жаңаруының басты шарты – кезкелген педагогикалық жүйенің тұлғасы болып табылатын мұғалімдердіңпедагогикалық шеберлігін арттыру.
Білім беруге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын таңдау принциптері. Оқулықтағы мәтіндердің күрделенуі,ақпараттың шамадан тыс болуы оқушылардың оқуға деген ынтасыныңтөмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеледі. Шағын жинақты мектеп мұғалімі тұлғасының қалыптасуынапедагогикалық практика кезінде атқаратын жұмыстар мен сол жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді. Ондай жұмыстар қатарынамына төмендегі мәселелерді айтуға болады: оқытылатын пәндердің бағдарламалық талаптарын жете білу; шағын жинақты мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін меңгеру; оқушылармен жұмыс істеу икемділігінің, білім, қарым-қатынас,адамгершілік сапаларының қалыптасуы; ұйымдастырушылық шеберліктерінің болуы; тәрбие мәселелері мен оны ұйымдастырудың жолдарымен әдіс-тәсілдерін білу; сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерін меңгеру. Оған көптегеникемдіктер енеді: сабақты жоспарлай білу; тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау; жаңатехнологияны қолдану шеберліктері; сабақ барысында оқушылардың өздігіненатқаратын жұмыстарды іріктей білуі; оқушылардың шығармашылығына жағдайтуғызу; оқушылардың тілін; ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу; сабақбарысында оқушылар белсенділігін ұйымдастыру, т.б.
Ұйымдастырушылық қабілеті, педагогикалық ойы, шешімділігі меншапшаңдығы, кез келген жағдайда тиімді шешім табуға қабілеттілігі –бұлардың бәрі мұғалім тұлғасының сапасына енеді. Ал коммуникативтік – бұлтұлғаның адамгершілік, интеллектуалдық деңгейінің нәтижесі. Сол арқылыкішіні де, үлкенді де сыйлаумен қатар, кез келген ортада өзін орынды ұстап,қарым-қатысқа өз деңгейінде түсе білуі. Бұл жағдай тұлғаның ерекшепедагогикалық, психологиялық ой-өрісін көрсетеді. Дегенмен, педагогикалық білім беру теориясына сүйене келе, мектептәжірибесінен және шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің іс-әрекетінен байқағанымыздай, мұғалім әлі де болса күннен күнге жаңарып отырған білімберу міндеттерін шешуге дайын еместігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар шағынжинақты мектептің оқыту іс-тәжірибесіне жүргізілген талдау соңғы жылдарыоқушылардың көбі мектеп бітірер алдында өткізілетін бірыңғай ұлттықтестілеуден нәтижеге қол жеткізетіндігіне сенімсіздігі мен дайындықтың өздәрежесінде болмауынан колледждерге, техникалық мектептерге көптеп кетіпжатуы, білімнің негізгі сатысы мен жоғары сыныптарда талап етілетін білімгесай болмай отырғанын байқатады. Мұның тағы бір себебі, бейінді сыныпмұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, яғни олардыңпәндерді оқытуды тек бағдарламалық материалдарды беру деп түсінуі, әрпәннің мәнін ұқтырып, оны өз дәрежесінде оқытудағы мұғалімнің теориялықжәне әдістемелік дайындығының төмендігі.
Шағын жинақты мектеп жағдайындамұғалімдерді бейіндеп даярлаудың технологиясы мынадайкезеңдерден тұрады:мұғалімді даярлау және мұғалім тұлғасының үлгілері; ғылыми және әдістемелік даярлығын кеңейту; оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу (оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, т.б.); жоспарланатын жұмысқа мұғалім дайындығының деңгейін объективтікөрсететін критерийлер мен көрсеткіштерді таңдау.
Мұғалімді даярлау үлгісінің теориялық-әдіснамалық негіздерін таңдаукезінде мұғалімді бейінді оқытуға даярлауда тек жоғары деңгейдегі маманретінде ғана емес, сондай-ақ білім үдерісінің вариативті бағдарын; оқушылардың бейіндік өзін-өзі анықтауын; жоғары сынып оқушыларыныңтиісті салада білімін жалғастыру үшін қажетті қабілеттері менқұзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан жүйелідайындық пәндік-білімдік және әдістемелік дайындықтың (мақсаты, жағдайы,ұйымдастырушылық әрекеті мен нәтижені қоса алғанда) бірлігі мен өзарабайланысына құрылған құрылымдық-функционалдық үлгілер, деңгейлік жәнекезеңдік бағдарламалар негізінде іске асырылады. Мұғалімдердің қиындық көретін мәселелерін зерттеу мен талдаубарысында, оның басты себебі оқушылардың өз бетімен жұмыс істеудағдыларын қалыптастыру, оқу үрдісінің ырғағын айқындау мен есепке алуғабайланысты болды. Бұл қиындықтар олардың кәсіби педагогикалықдаярлықтарының жетіспеуінде жатыр. Тірек мектебі (ресурстық орталық)оқушыларының оқуға деген қызығушылықтары мен ынтасын қалыптастыружұмысына мұғалімдерді даярлау деңгейі педагогикалық оқу орындарының оқуқұралдарында, оқыту процесінде жатыр.
Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті,құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн – мұғалімніңбіліктілігін арттыруды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігітуған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басыүшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімніңөз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайдакеңірек қарастырған жөн. Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өміргедайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміздұрыс. «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естігенжәне аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірінұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, асақанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін,қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», – деп, шығыстыңұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ұстаз болмысын осылай айқындаған екен.
Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің өз білімдерін жүйелі көтеріпотырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгіфактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі – бұлүлгідегі мектеп мұғалімдері өз біліктіліктерін жүйелі түрде арттырып отыруқажеттілігі.Жас мұғалімдер оқушылардың өздігіненәрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру, оның қарқынын зерттеу,оқушылардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мәселелерінде, сондай-ақоқушылардың пән мазмұны бойынша білімді меңгеруінен емес, сол бойыншажұмыс істету әдістерінен қиындық көреді. Сонымен бірге мұғалімдер оқумақсаттарын қою, міндеттерін белгілеу және оның нәтижесін жоспарлау,қиындықты жеңу әдістерін іздестіру бойынша да қиындықтар көретіндігібайқалады. Мұғалімдердің көпшілігі оқушылардың оқу әрекетінұйымдастыруда олардың даму деңгейлеріне жете мән бермейді, мысалы, белгілібір тапсырманы орындатуда әр сынып оқушыларына бірдей әдіс қолданады. Мұндай жағдайлар болашақ мұғалімді кәсіби даярлаудағы мәселемен байланысты.Ұлттық білім берудің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгіқұндылығы ретінде танып, оның рухани баюына, саяси көзқарасы меншығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына толық мүмкіндік беру, жағдай жасау. Сондықтан жас маманның бойында үш түрлібіліктілік қалыптасуы қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет