1. Пәндік біліктілік. Пән бойынша алған теориялық білімі мен іскерлігіжатады. Теориялық білім пән арқылы беріледі.
2.Педагогтік біліктілік. Педагогиканың негізін, ұстанымдарын, әдіс-тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың негізгі нысандарын білуі тиіс;
3. Технологиялық біліктілік. Білім берудің сапасын көтеру, өз бетіменіздену қабілетін қалыптастыру.
Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты – маманның бойында іргеліде жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пенеркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, ал шағынжинақты мектеп жағдайында білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (біліммазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалықтехнология) мәселелерін шешуге бағытталған.Шағын жинақты мектеп мұғалімі өз қызметін тиісті дәрежеде атқара алуыоның гностикалық, педагогтік, қоғамдық-экономикалық, коммуникативтік біліктілігіне байланысты.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі – өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақтыбүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өздігінен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі шағын жинақты мектепке қоғамның қарқынды дамуына ілесеалатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті,педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру процесімұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігіненшығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерістегі педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр. Сондықтанмұғалімдерді жаңа заманға бейім болуға жағдай жасайтындай, мүмкіндік туғызатындай кәсіби білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарыныңмазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындауы заңдылық. Яғни тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдері өзін-өзі дамытуына және өздігіненбілім алуына мүмкіндік алады. Мұғалімдердің жоғарыдағы сапаларға жетуіүшін төмендегідей міндеттерді белгілеуге болады:
1. Шығармашылықпен еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызу.
2. Заман талабы, қоғам сұранысына, қажеттігіне сәйкес әлемдегі жәнеотандық озат іс-тәжірибелер, жаңа технологиялар, инновациялық әдістерменұдайы қаруландырып отыру.
3. Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды ізгілендіру мақсатындағы талап, тілектерінің орындалуына, өзіндік іс-тәжірибесін таратуға мүмкіндік туғызу.
4. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті бағыт-бағдар беру.
5. Кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіп тұру.
6. Тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімінің қоғамдағы белсенділігінің артуы үшін кәсіптік мәртебесі мен әлеуметтік беделіне үнемікөңіл бөлу.
Шағын жинақты мектеп мұғалімі тек өз бейініне жәнемамандығына сәйкес келетін жоғары деңгейдегі маман болып қана қоймай, оқу үдерісінің көпнұсқалылығын және тұлғалық бағдарлануын (жеке білім берутраекториясын жобалау), интерактивтік, іс-әрекеттік компоненттерді енгізуарқылы оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын (жобалау, зерттеу жәнекоммуникативтік әдістерді меңгеру), бейінді өзін-өзі анықтаудың аяқталуынжәне білім алуды әрі қарай жалғастыруы үшін қажетті қабілеттер менқұзырлылықтарды қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мұғалімдердің кәсіби шеберлігімәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпыжәне рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Көптеген еңбектердепедагогикалық шеберлікке берілетін анықтама бойынша мұғалім өз тарапынанбалаларды сүюге, тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғарыдеңгейде жаңалап отыруға тиіс. Педагог – өз ісінің шебері. Бұл дегеніміз – жоғары мәдениетті, өз пәнінтерең білетін, өзіне тиісті ғылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс,психологиялық мәселелерін тәжірибелік түрде талдай білетін, тәрбиелеу менбілім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалықшеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі,педагогикалық ерекшеліктері және педагогикалық техникасы жатады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі – маманның соңғы қол жеткізетіндайындық деңгейі. Ол – өмірлік тәжірибелер негізінде қалыптасып жүзеге асырылатын үрдіс.
Мектептегі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, тірек мектебі(ресурстық орталық) мұғалімі өзіне тән психологиялық, педагогикалықерекшеліктерді білуі міндетті. Оқыту үрдісінің басты құралы – оқытудыңмақсаты мен мазмұны. Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудыңғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту үрдісінің заңдылықтары туралы психологиялық тұжырымдармен, белгілі теориялармен қаруландыру қажет.
ХХІ ғасыр білім беру жүйесінің нақтыкешендерін ескере отырып, қазіргі заманғы мұғалім өзгермелі оқытутехнологиясын тез арада жүзеге асыруға, балалармен инновациялық оқу үрдісінжылдам ұйымдастыруға қабілетті болуы қажет.