Сабақ жоспары (қазақ әдебиеті, 9 «Б» -сынып) Тақырыбы: «Айтыс ұлттық құндылығымыз»



Дата01.04.2017
өлшемі61,11 Kb.
#13246
түріСабақ
«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған

мектеп-лицей-интернаты» КММ




АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

(қазақ әдебиеті, 9 «Б»-сынып)



Тақырыбы: «Айтыс – ұлттық құндылығымыз»
Мұғалімі: Ануарбекова Райхан Аскербекқызы

Өскемен қаласы,

2016 ж.

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән:

Қазақ әдебиеті

Мұғалімі:

Ануарбекова Райхан Әскербекқызы



Сынып: 9 «Б»

Күні: 16.11.2016 ж.

Барлығы: 25

Қатысқаны: 24

Тақырып:

«Айтыс – ұлттық құндылығымыз»

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, ҚР Білім беру стандарты, күнтізбелік жоспар,

«Қазіргі ақындар айтысындағы дәстүр мен жаңашылдық» ғылыми жобасы



Оқытудың

негізгі мақсаты:



Баба өнеріміздің ұлттық құндылық ретіндегі орнын көрсету, оқушылардың рухани дамуына түрткі болу

Оқытудың әдіс-тәсілдері мен формалары.

Сыныптағы әріптестік



«Ой қозғау», «Ыстық микрофон», ойтолғау, СТО, «Сана сая жолы», эссе

Дербес, жұптық, топтық жұмыстар

Түпкі нәтиже

Оқушылар айтыс өнерінің ұлттық құндылығымыз екендігін тереңінен түсінеді, сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды

Ресурстар мен техникалық құралдар

Интерактивті тақта, презентация, таратпа қағаздар, бояулар, бағалау парақтары, микрофон, домбыра, стикерлер, қоңырау

Сабақ кезеңдері, уақыты

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын

«Ән шырқау» ойсергегін ұйымдастыру.


3 мин.

Оқушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақта сәттілік тілеу.
Ел арасына көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен әндерді бірлесіп орындау керек.
Топқа бөлу. Топ ережесін тарату, таныстыру.

Айтыс түрлері жазылған парақтар бойынша 4 топқа бөлінеді.

1-топ: «Салт айтысы»

2-топ: «Қыз бен жігіт айтысы»

3-топ: «Ақындар айтысы»

4-топ: «Осы күнгі айтыстар»

Топ басшыларын анықтату, топ ережесін іштей оқып шығады.



Қызығушылықты ояту кезеңі

«Ой қозғау» стратегиясы.

Өткен материалды еске түсіру.


5 мин.


Өткен материалдарды еске түсіру. Шарты: Гиперсілтеме арқылы көрсетілген сұрақтарға жедел жауап беру.


Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.

Топ басшылары бағалайды.



«Мағынаны тану» кезеңі

Сергіту сәті

(оқушылар

айтысын тыңдау)

25 мин.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.

  • Балалар, қазіргі ақындар айтысы жайында мәліметті өткен сабақтардан да білесіздер. Енді сол білімдеріңізді қолданып әртүрлі шығармашылық тапсырмалар орындайсыздар.



1-тапсырма.

1-топ:

Шарты, қойылатын талап: «Айтыс – ұлттық құндылық» тақырыбында постер жасау, оны қорғау. (Түс үйлесімділігін ескеру, тақырыптың ашылуына көңіл бөлу).

2-топ:

Шарты, қойылатын талап:

«Ыстық микрофон» әдісі. Топ ішінен тілші, сұрақ құраушылар рөлін бөліп алу. Қазіргі ақындар айтысы жайында, оның маңыздылығы турасында 5 сұрақ құрау. Ол сұрақтарды қалған 3 топқа қою. (Сұрақтар маңызды, түсінікті, жинақы болу керек, жауап берушілер микрофон ыстық болғандықтан көп ұстамау керек, жылдам жауап қайыру керек).



3-топ:

«Айтыс және Мәңгілік Ел» тақырыбында ойтолғау жазу.

(Тақырыптың ашылуы, сөз қолданысы, тарихпен байланыстыру).

4-топ:

Шарты, қойылатын талап:

Берілген ұйқастардан айтыс жолдарын құрап, оқушылар айтысынан үзінді көрсету. (Ұйқасқа сай мағыналы жолдарды құрау, әуенге сай орындау).


Мұғалім тапсырмаларды орындау барысында барлық топтарды «Бес жұлдыз, төртбұрыш» әдісі арқылы формативті бағалайды.

Тапсырмаларды орындайды.


«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды

(4-топ 1-топты)

«Термометр әдісі» арқылы бағалайды

(1-топ 2-топты)

«Домбыра пернесі» әдісі арқылы бағалау

(2-топ 3-топты)

Қол шапалақтау арқылы

(3-топ 4-топты)



Ой-толғаныс кезеңі

СТО


5 мин.


2-тапсырма

«Сана сая жолы» (функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында) әдісі арқылы «Айтыс қажет пе?» тақырыбында пікірталас жүргізу.

Шартын түсіндіру: Сыныптағы оқушылар тең екіге бөлінеді. Бір оқушы сараптаушы болады. Екі жақтың айтқандары бойынша өз пікірін айтады (қай жақ дұрыс айтты немесе бұрыс айтты).

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Мұғалім мадақтауы бойынша формативті баалау


Мұғалімнің қорытынды сөзі

2 мин.

Бейнеслайд көрсетіледі. Сол бойынша сауалдар қою. Сабақты қорытындылау.


  • Бұл қай ақындарымыздың айтысы? (Сара мен Жандарбек, 2012 жылғы Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған айтыстан үзінді).

  • Қандай мәселе қозғалуда?

  • Міне, тіл, діл, дін мәселесін қозғайтын және олардың мәртебесін арттыратын осындай ақындарымыз барда қазақ мәңгі жасайды. Ұлттық құндылығымызды қастерлеп жүрейік!

Айтылғаннан ой түйеді.



Бағалау

2 мин.

Топ басшысының бағалауын ескере отырып оқушылардың еңбегін қорытынды бағалау.

Топ басшысы оқушыларды бағалайды.

Үй тапсырмасы



2 мин

«Сабақ жайлы эссе»

Күнделіктеріне жазады.

Кері байланыс

1 мин.

Шығу парағын тарату беру, оқушыларға толтырту.

Кері байланыс жасайды


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет