1. Қазақстан тарих пәнінің оқытудың мақсаты,міндеттері және күтілетін нәтижелері. Тарихнамасы және дереккөздері Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


Қазақстан аумағында тас дәуірінде жартасқа сурет салу өнері петроглифтер



бет5/5
Дата19.11.2022
өлшемі40,53 Kb.
#158960
1   2   3   4   5
Байланысты:
Фараби құжаттар

5.Қазақстан аумағында тас дәуірінде жартасқа сурет салу өнері петроглифтер (Мыңшұңқыр,Өлеңті, Еңбек,Тесіктас,Шатыртас,Ақбидайық,Ақбауыр,Баянжүрек)
Петрогриф–тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі Петроглифтер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Мұндай суреттер Швеция мен Норвегия (Богуслен, Таннум), Солтүстік Италия (Велкамоника), Португалия мен Испания жерлерінен, Солтүстік Африкадан Араб жарты аралынан табылған. Жартас суреттері Үндістан мен Пәкстан, Қытай, Корея мен Жапонияда да бар. Америка құрлығында жартас өнерінің ескерткіштері Канада, АҚШ, Аргентина, Чили мен Бразилияда кездеседі. Олар Австралияда да көп.
Мұның өзі Петроглифтар жалпы адамзат мәдениетінде маңызды құбылыс болғандығын айғақтайды. Қазіргі ТМД елдерінің жерінен де Петроглифтер көптеп табылған. Олар Кавказда, Орталық Азияда, Сібірде, Орал-да, Қиыр Шығыста шоғырланған. Ескерткіштердегі суреттер сан алуан тәсілдермен шекіліп, бедерленген. Әр өңірдегі мұндай өнер өнер туындылары тас ғасырынан кейінгі орта ғасырларға дейінгі адамдардың шаруашылығынан, тұрмыс-салты мен жолоралғыларынан, дүниетанымынан, хабар береді. Суреттер қызыл охрамен және тастың бетін қашап, шекіп салу тәсілдерімен түсірілген. Соңғы тәсіл көп жерлерде кеңінен пайдаланылды. Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып отыр. Солардың ішінде жан-жақты зерттеліп, ғыл. айналымға түскендері: Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Таңбалы, Теректі-Әулие, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет