1. Қазақстанда Президент институтының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау


«Интеллектуалды ұлт-2020» Бағдарламасының жүзеге асырылуы



бет5/26
Дата21.11.2022
өлшемі189,27 Kb.
#159130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
ТАРИХ №2РК аралық бақылауы жауаптарымен106АБ

«Интеллектуалды ұлт-2020» Бағдарламасының жүзеге асырылуы.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты -қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру. Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек.
Екінші басым бағыты- ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.
Үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек.
«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі.
Сонымен, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың нақты міндеттері Қазақстан Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы халыққа жолдауында айқындалды. Жолдауда 2003 жыл индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырудың алғашқы жылы болғандығы және 2003 жылы тәуелсіз ел ретіндегі даму кезеңінде алғаш рет өңдеуші, яғни дайын өнім шығаратын өндірістің даму қарқыны өндіруші кәсіпорындарының даму қарқынынан асып түскендігі атап көрсетілді



  1. Қазақстандағы нарықтық экономикаға көшудің ерекшеліктері мен жүру барысы. Экономикалық дамудың басты құжаттары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет