26.Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ж\е мәдени-рухани ахуал. Соғысқа дейінгі жылдарда репрессияға қарамастан Қазақстан мәдениетті жетіліп, дами түсті.1926 ж қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М Әуезов, Ж Шанин, С Қожамқұлов, Қ Қуанышбаев, З Атабаева, ж\е басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер, актерлер жұмыс істеді. Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә Қастеев керемет туындылар жазды. Сонымен бірге соғысқа дейінгі кезеңде Ә Ысмайлов, ж\е Қ Қожықовтар, Б Сәрсенбаев,О Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Соғыс жылдарында Қазақстанда ұлттық көркемсурет өнерінің дамуына зор үлес қосқан Украина, Белорусь, Ленинград ж\е Мәскеуден келген суретшілер жұмыс істеді. 1930-32 ж аштық салдарынан балалар саны күрт азайып, жетімдер көбейді. 1932 жылдың күзінде балалар үйіне 68мың бала орналастырылды. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың қаржысына салынған интернаттар жұмыс істеді. Мұғалімдер саны артты. Оғыс қарсаныңда жүздеген мұғалімдер ордендермен ж\е медальдармен марапатталды. «Қазақ КСР інің еңбек сіңірген мұғалімі» атанған алғашқы ұстаздар: С Көбеев, С Ақышев, А Ақатов, Ш Сарыбаев т.б Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны пед. институт 1928 ж ашылып,оған Абай есімі берілді.1929-31ж Алматы зоотехникалық малдәрігерлік жоғары оқу орны, 1931-32ж Орал ж\е Қызылорда пед. институттары ашылды. 1934 ж С.М.Киров ат. Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды. Кейіннеен Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер институттары ашылды.
Ұлы отан соғысы қарсаныңда 20 жоғ. оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40мыңдай адам оқыды. 1930 ж өзге республикалардың жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды. 1926ж М.Массон ежелгі Тараз қаласының орнына қазба жұмыстарын жүргізді.1932 ж КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалы құрылды. Алғашқыда оның құрамында зоология ж\е ботаника секторлары, Алматыдағы Ботаника бағы болды. 1935ж геология ж\е тарих секторлары құрылды. Кейін Қазақ ұлттық өнер ғылыми зерттеу институты қосылды 1935ж С. Асфендияров жазған «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының» -1 бөлімі жарыққа шықты. 1920-30ж С.Сейфуллин, С Мұқанов, А. Байтұрсынұлы,Қ. Жұбанов қазақ тілі білімі мен әдебиеттану мәселесі жөнінде еңбек жазды. Ұлы отан соғысы қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700ден астам ғылыми еңбек еткен.