66. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру туралы баяндаңыз. ҚР-дың индустрия және сауда министрі Болат Смағұловтың айтуынша , келісімді бекіту төрт ел экономикасын өзара кіріктіруге заңдық база қалыптастыруға мүмкіндік береді. « Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы Еуразияшылдық идеясының нақты жүзеге асуы болашақ» - деді. Б. Смағұлов. Ал сенат депутаты Тасбай Симамбаев өз сөзінде : Экономикалық кеңістік құру туралы келісімді парламенттің бекітуі тарихи факт болмақ, өйткені ол « ТМД аясындағы жетекші мемлекеттерге экономикалық интеграцияның алғышарттары туралы кесімді әрі нақты әңгімеге алғаш рет бұруға мүмкіндік береді»-деді.
Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту туралы заң Елбасының қол қоюына жіберілді.Бұдан бұрын да айтқандай, Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге Қазақстан, Беларусь, Украина және Ресей президенттері 2003- жылдың 19 қыркүйегінде Ялта қаласында қол қойған. Келісімде қандай бір шектеу немесе тәркілеуден ? еркін сауда –саттық аймағын құру , өзара сауда-саттық саласында демпингке қарсы , компенсациялық немесе арнаулы қорғаныс шараларын қолданбау , тарифтікжәне тарифтік емес реттеу саласында біртұтас саясатқа бағыну және өзара бәсекелестік субсидия мен басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланудың біртұтас ережелерін ұстану көзделген. Сондай-ақ тауар,қызмет,капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге жағдай жасамақшы .Қазіргі жағдаймен Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді Ресей және Украина парламенттері бекітті. Таяу уақыттарда келісімді Беларусь парламенті де бекітеді деп күтілуде.