63. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз. Қазақстандағы тайпалық одақтар (б.з.б. 7-4 ғасыр) – қазақ жерінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қола дәуіріндегі тайпалар б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында қоғамдық құрылымның ескі рулық түрін алмастырды. Б.з.д 1-мыңжылдықтың орта шенінде Қазақстан жерінде сақтар деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары мекендеді. Ахемен әулеті кезеңіндегі сына жазуларында олардың үш тобы туралы сөз болды: хаумаварга-сақтар , тиграхауда –сақтар , парадарайя. Зертеушілердің пікіріне сенсек , тиграхауда мен хаумаварга сақтардың салт-тегі шекарасы Қазақстанның оңтүстік аймақтарын , батыста арал-Каспий алабынан , шығыста Жоңғар Алатауына дейінгі жерлерді қамтыса парадарайя сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Әсудария төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей бетінде орын тепкен. Исседон тайпалары Орталық Қазақстанда немесе оңтүстік Жайық өңірі мен Батыс Қазақстанды, ал Солтүстік-Шығыс Қазақстанды аримаспы тайпалары мекендеген. Сырдарияның төменгі бойы мен арал маңын, Каспий теңізінің шығыс жағалауын дайлар қоныстанған. Батыс Қазақстанның Орал-АҚТӨБЕ далаларын басқа , яғни савромат бірлестігіне кірген тайпалар имеденген. Археологиялық зертеулер сақтардың , массагеттердің , дахтар мен савроматтардың материалдық ортақтығы бар екенін дәлелдеді. Сөйтіп жазбаша деректер бойынша б.з.б. 7-4 ғасырлардығы Қазақстан аумағында оның Оңтүстікөшығыс жіне орталық аудандарын мекендеген тайпалардың көбі сақ тайпалық одағына , ал оның Батыс және ішінара Солтүстік ауданддарындағылары савромат тайпалар бірлестігіне кірген. Б.з.б ғасырдың аяқ шенінде қоғам өміріндегі шаруашылық және саяси өзгерістердің нәтижесінде бұл одақтар неғұрлым күрделі құрылымдарға – Үйсін және Қаңлы тайпалық одақтарына орын берді.