1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Мәтіннен көркем әдебиет стиліне тән сөз қолданыстарын, айшықты, бейнелі сөздерді тауып, олардың басқа стильдерден ерекшелігін, жасалу жолдарын талдаңыздар



бет45/53
Дата28.11.2022
өлшемі0,62 Mb.
#160087
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Байланысты:
лекция
Лаура 04
4. Мәтіннен көркем әдебиет стиліне тән сөз қолданыстарын, айшықты, бейнелі сөздерді тауып, олардың басқа стильдерден ерекшелігін, жасалу жолдарын талдаңыздар.
Бірақ жылт-жылт сығалап отырған көздерге сыр алдырғысы келмей, үйреншікті сұп-сұр қалпына түсіп алды... Елшінің көз алдына қашан көрсең де бір қалпында тұратын сұп-сұр жүзі, тұнжыр жанары мен салыңқы қабағы келді. Бұның бәрі бұрын оған қайдағы жоқ сұмдықтарды ойлап отыратын ішмерездік қана сияқты көрінуші еді, енді байқаса, ішіндегі қара қазандай бұрқ-сарқ қайнап жатқан әлем-тапырық көңілін байқатқысы келмеген ерекше бір ұстам, сабыр екен ғой (Ә.Кекілбаев). Көл суын таңбалықтан кеше пырылдап, айнадай жарқыраған су бетіне сансыз әжім тастаған жылқылар жаңа ғана тыныштық тауып маужырай бастаған түн тірлігін беймазалап, гүрп-гүрп тарпиды суды. Ай астында көлге жүзіп тұрған құлындардың жон арқасы түнгі сағымдай жылтылдап су періштесіне оқшасады. Ойда жоқта пайда болған түс сынды таңғажайып сурет ішінен, ай астында жылтылдап көл кешіп тұрған жылқыдан мен өз арманым − қара қасқа құлынды іздедім, амал не, жоқ... Мүмкін, кейінгі биелерден ондай қара қасқа құлын қайтып тумайтын шығар... (О.Бөкей). Айнала аппақ қар, сеңдей сіресіп тұтаса қатқан суық дүние. Көк тәңірісінде еркін жүзген ай астында аяз сорып, маңқайған бітеу таудың ортасында тұтқын болып − қозыдай қарайып қауқарсыз трактор тұр. Буланып барып, суық ұрған темірін қырау тұтып, түртіп қалсаң қарып түсетін ашу−пошым алып адамның қартайып, қайғы ойлағанда ақырғы рет сілтеніп, түйіліп қалған дәу жұдырығындай кекті бітім. Ұшқан құс, жүгірген аң, қыбыр етер тірлік иесін аяз шалып, үсіп өліп қалғандай − өлі тыныштық. Сазарған ақ түннің, әйтеуір, бір тұсынан атом ғасырының аш қасқыры ұлыды ма, өлім үніндей − қорқынышты ұлу естіледі еміс-еміс. Тек сол ұлу ғана бүгінгі зәрлі түннің жаршысы. Міне, аш ішекше шұбатылып таусылып бітпейтін қыстың ұзақ түнінде қардан жасап алған үйшікте бүк түсіп, ой еміп жатқан үш жігіттің әдемі қиялы қанша сипалап жылытқанымен, маужыратып апарып − үсік үйіне әлдилеп, алдап-сулап кіргізе берген (О.Бөкей).
Аққасқа Қасен даусын ести сала, ойға қарай жұлқи бұрап қалғанда − көк шолақтың белі бұраң етіп барып, дүрс етіп құлап түсті. Ауыздары бір-бірінен айырылған жоқ. Екеуінде де үн жоқ. Шайнасу үстінде желімдей қайнасып қатып қалған сияқты. Ең аяғы, болымсыз болса да, тыныс алған дыбыс та білінбейді. −А, құдай!... А, құдай!... Я, сәт! Я, аруақ! Я, ақсарбас!... − дей бере екі атты үстеріне жығыла-жығыла үйіле түсті. Аттар босанып шықты.
−Ойпыр-ай! Ойпыр-ай!... Аузын! − деп келіп, Қасен жуан қамшының сабын Көксеректің көмекейіне тығып жіберіп, мықтап басып тұрып, жауының тұмсығын жоғары қарай қайырып жіберді. Аққасқаның қан басқан тұмсығынан көк шолақтың тістері бір-бірлеп шығып кетті. Аққасқа сонда ғана бүйірінен тартып тыныс алды (М.Әуезов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет