1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Мәтіннен тар көлемді термин сөздер мен неологизмдерді теріп жазып, оларды жасалу тәсілі бойынша түсіндіріңіз



бет53/53
Дата28.11.2022
өлшемі0,62 Mb.
#160087
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
лекция
Лаура 04
2. Мәтіннен тар көлемді термин сөздер мен неологизмдерді теріп жазып, оларды жасалу тәсілі бойынша түсіндіріңіз:
Боллон үдерісіне ендік, халықаралық дәрежеде танылған шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнаттық. «Заман Қазақстан», 24 желтоқсан 2009 жыл. № 51. Қарақшылық аудио-бейне өнімді сатушылар сырттан келіп, уақытша тұрақтарында осы өнімдерді өткізуге күш салады. «Заман Қазақстан», 24 желтоқсан 2009 жыл. № 51. Бүгінгі таңда заң бұзушылық түрі бойынша 700 көлік құралының жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Егемен Қазақстан», 14 қараша 2008 жыл. № 345-346. Көрсетілімге қойылған әскери техникалар мен құрылғылар депутаттар көңілінен шыққандай әсер алдық. «Егемен Қазақстан», 23 мамыр 2009 ж. №181. Жуырда елордалық «Фолиант» баспасынан «Менің Отаным – Қазақстан» сериясымен журналист, көсемсөзші Сырым Бақтыгерейұлының «Ойыл» атты кітабы жарық көрген болатын. «Егемен Қазақстан», 24 ақпан 2009 ж. № 72-73. Мәселен, шілденің алғашқы онкүндігінде «Үлкен сегіздік» елдерінің басқосуында аштықтан зардап шегуі ықтимал мемлекеттерге, әсіресе, қара құрлық елдеріне 1 млрд. доллар бөлінетіндігі белгілі болды. «Егемен Қазақстан», 27 тамыз 2008 ж. № 263- 266. Бұл телехабар - сіздің шығармашылығыңыздың жемісі, төл перзентіңіз бе? «Айқын», 24 қаңтар 2009 ж. № 10. Жапонияның бүкіл трансұлттық компаниялары демпингтік жағдайда жұмыс істеуге көшті. «Айқын», 12 ақпан 2009 ж. № 23. АҚШ Иордан өзенінің батыс жағалауында «Қауіпсіздік қабырғасының» салынуына орай Израильге қарсы қаржылық ықпалшараны іске асыру туралы шешімнің әзірге қабылданып үлгермегендігін мәлімдеді. «Егемен Қазақстан, 29 тамыз 2008 ж. № 326-329. Қазақстан – үлгі аларлық үдерістері көп мемлекет. «Егемен Қазақстан, 19 мамыр 2009 жыл. № 175-176. Олимпиада мен әлем чемпионаттарында Аспанасты елінің зілтеміршілері медальдарды күреп алып жатыр. «Айқын» 14 мамыр, 2009 жыл. № 84. Одан «қара алтын» мен «көгілдір отын» саласының кілтін қалтасына басып отырған ұлттық оператор да қалысар емес. «Айқын, 3 наурыз 2009 жыл. № 36.



.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет