1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Дәріс тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер



бет47/53
Дата28.11.2022
өлшемі0,62 Mb.
#160087
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53
Байланысты:
лекция
Лаура 04
Дәріс тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен көнерген сөздер


Дәріс жоспары:
1. Неологизмдер және олардың жасалу жолдары.
2.Неологизмдердің қолданыстық түрлері.
3. Сөзжасамдағы өнімді үлгілердің неологизмдерге қатысы.
4. Көнерген сөздер, олардың түрлері, стилистикалық қызметі.


Дәріс мазмұны

1. Қазақ тілінің функционалды қолданысының артуына байланысты тілдің лексикалық құрамы үнемі өзгеріс үстінде болады. Тілдік жүйеге, сөйлеу процесіне енген жаңа атау және оның жаңа қолданыс екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды. Неологизмдердің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңашылдығымен өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп, әлеуметтік сипатты иеленеді. Енді бірі неологизм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды аңғартатындығында болса керек. Тілдегі, бұқаралық ақпарат құралдар тіліндегі жаңа қолданыстарды жинақтап, оларды сараптамадан өткізіп, жариялап отыру мәселесіне тіл мамандары тарапынан көңіл бөлініп отырады. Мәселен, «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» деген жинақ (Құрастырғандар: Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Ө.Айтбаев, А.Алдашева, Н.Уәлиев, 1985) және осы жинақтың толықтырылған екінші басылымы «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» (Құрастырғандар: Р.Сыздықова, Ш. Сарыбаев, Ғ.Әнесов, А. Алдашева, Н.Уәлиев, 1990) деген атпен жарық көрді. Академик Р.Сыздықованың «Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар, 2009» атты еңбегінде лексикалық ескі бірліктер мен лексикалық жаңа бірліктердің теориялық негіздері мен принциптеріне тоқталып, қазақ тіліндегі жаңа бірліктердің қалыптасуы мен дамуының кезеңдік сипатына, олардың типтері мен әдеби тіл нормасына ену әлеуетіне, прагматикалық сипатына ғылыми‐танымдық тұрғыдан зерттеу жүргізілген. Сонымен қатар қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген жаңа атауларды жинақтап, тақырыптық топтарға жіктеп, оларға лингвистикалық талдау жасаған Ш.Құрманбайұлының «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқарған сөздер, 2009» еңбегін атауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет