3-Тарихи жад ұрпақтардың мәдени сабақтастығының негізі ретінде және ұлттық-азаматтық бірегейлік
4. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру ісінің қарқын алуы және қазақ жерінде өнеркәсіптің қалыптасу ерекшеліктері.
ХХ ғ. басында Қазақстанның шаруашылық құрылысы екі фактормен анықталады: капитализмнің кең көлемде дамуы және қазақ жерлерін отарлау.
Ресей империясының отаршылдық саясаты барлық әлеуметтік қарама-қайшылықты, аграрлық сұрақта жаппай көшіру қозғалысы белсенді жүргізілді. Ресей империясының жаппай көшуінің жаңа курсы Дала облысы, Түркістан аймағының жергілікті билік органдары жағынан қандай да құқық регламентациясыз этникалық және әлеуметтік топқа қарамай, барлығын көшіруге еркіндігін қабылдады. Қазақ халқының қатігездікпен және заңсыз түрде жерлерін тартып алу нәтижесінде казактардың жер иеленуі күшейіп, сол жерлердің көлемі үлкейе берді.Ресейдің Қазақстандағы аграрлық саясатының жаңа кезеңі «Столыпин реформасын» жүзеге асыру болып табылады, ал ол орыс шаруаларының дайындауымен қауышынан шығу және жаппай көшіру саясатын күшейту жолымен ауыл шаруашылығының қайта өзгеруіне негізделген. Көшірілгендер үшін көмек жүйе құрылған. Бастапқыда көшірілген орыс шаруалары отбасының әрбір мүшесіне 30 десятина жер алды, сосын 15 десятинадан, ал ХХ ғ. басында 10 десятина жер.
Орыс шаруаларын Қазақстанға көшіру жергілікті халықтың жерін тартып алу жолымен жүргізілді. Егер 1906-1912 жж. қазақтардан 17 млн десятинадан астам жер тартып алынса, 1917ж.-45 млн. десятинадан астам алынды, яғни бұл аймақтық жалпы жердің ауданының 20% -ын құрды. Осыдан көшірілмелі жердік фондтар құрыла бастады.
Н.Е. Бекмаханованың есептеуінше ХХ ғ. басында проваславиелік халықтың жылдық өсімі 2,7 % құрады, ал қазақтарда–1,5%. Жалпы алғанда, Қазақстанда табиғи өсім деңгейі төмен болып қала берді (1907-1916 жж.-15,3%.) және империя бойынша орташа өсімге орын берді -15,6%. Біріннші дүниежүзілік соғыстың алдында Қазақстан халқының жалпы саны 1897 ж. салыстырғанда біраз өсті және демографтардың берген мәліметтері бойынша 5,4 млн адамды құрады.
ХХ ғ. басында капитализмнің дамуы тауарлы-ақшалық қатынасты күшейтумен және банктік капиталды құрумен байланысты. Қазақстанда кредиттік жүйе, кредиттік жаңа формалары және капиталистік кредит құртыла бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында, қазыналықты санамағанда қарапайым банктік операцияларды және 345 кредиттік пен соттық жинақтық серіктестіктерді жүзеге асыратын 44 банктік мекемелер қызмет атқарды. Қазақстан территориясында негізгі банк Мемлекеттік банк болды, сонымен қатар қалалық қоғамдық банктер жұмыс істеді, ал жинақтық кассалар үлкен дамуға ие болды. Революцияға дейінгі Қазақстанда негізінде өндірістің екі түрі дамыды –тау кең өндіру, тау–кең заводы, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу өндірісі. Ғасырдың басында аймақта берілген өндіріс бойынша 7297 жұмыс күші бар 690 кәсіпорын болды. Жалпы Ресейлік 15% шамасында құрайтын алтын өндіру дамыды. Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір орындары жетілдірілді. Батыс Қазақстанда, Орал-Ембі аудандарында мұнай өндірді, онымен «Батыс Орал мұнай қоғамы» және «Орал-Ембі қоғамы» айналысты, және олардың негізгі капиталы 36 млн сомды құрады. Бұлардың көбісі шетел кәсіпкерлерінің қолында қалды.
Мал шаруашылық шикізатымен және пайдалы қазбалармен бай Қазақстан бірте-бірте Ресейдің ірі рыногына айнала бастады, бұнда темір жол құрылысы маңызды рөл атқарды. Өтімнің негізгі магистралы 1656 км. Ұзындығымен Оренбург-Ташкент теміржолы болды. Темір жолдың құрылысы ауыл шаруашылық тауарларының өсуіне, өндірістің дамуына, ал ең бастысы аймақтағы жұмыс қорларының қалыптасуына себеп болды.
1913 жылы жұмысшылар саны 75 мың адамды құрады. Аймақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды, төменгі жалақы, көптеген салықтар болды. Бірақ ең ауыр жағдайда қазақ жұмысшылары болды, оларда кәсіби біліктілігі болған жоқ, және ең ауыры төменгі ақылы жұмыстарды орындады. Осының бәрі жұмысшыларды өздерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларының жақсаруына күреске итермеледі.
Әлеуметтік-жағдай XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:Түркістан генерал-губернаторлығы (Орталығы - Ташкент)Сырдария облысыЖетісу облысы,,,Дала генерал-губернаторлығы(Орталығы -- Омбы)Ақмола облысыСемей облысыОрал облысыТөрғай облысы
Қала халқының көбеюі жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.
Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.
Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.
1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.
1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың улесі:
Ақмола облысы – 36,6%
Семей облысы - 73%
Жетісу облысы – 60,5%
Сырдария облысы – 63,3%
Төрғай облысы – 58,7%
Орал облысы – 56,9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.
XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
Темір жол.
1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.
Өндіріс орындары және жұмысшылар.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.
Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.
Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.
XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.
Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
Достарыңызбен бөлісу: |