7 ХХ ғ. басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы және қазақ депутаттарының I-II Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы (Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, Б.Қаратаев, т.б.). Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады. XX ғ. Басында қазақ зиялыларына әрине көп болған жоқ. Оның себебі орта білімдері мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищидер болмаса, арнайы оқу орындары жоқ ееді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша үкіметі үшін қазақ халқының мәдениеті қараңғылықта ұстау тиімді болған. ХІХ ғ. Екінші жартысы мен ХХ ғ. Басында қазақ халқы үшін Қазан, Мәскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейін жүз жиырма ға жуық қазақ жоғары оқу орнын бітіргендігі жайлы диплом алған. Олардың қатарында: Бөкейханов, Тынышбаев, Қаратаев, Досмұхамедов, Шоқай, Ақбаев және т.б. 1 топ қазақ жастары білім алған еді. Аталған білім алушылар білім алып қоймай ХХғ. Басында ұлт мәселесін жеке дара мемлекет мәселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды. ХХ ғ. Бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 ж. Қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген Қазақ газеті 1913 ж. Басында шығ бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасқ органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшсі Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов басқарды. ХХ ғ. Бсында орыс отаршылдығының оззбырлығы барғн сайн арта түскен шақта ұлтшыл азаматтр арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеясынту етіп бас көтерген. Сол тұстағы зиялылардың алдыңғы сатысында қазақтың жалпытүрік тұтастық идеясын көтерген М.Шоқай «Қалғанша жарты жаңқам менсенікі пайдалан шаруаң жараса, Алаш!» деп ұлтын оятқан М. Дулатов, ұлт көсемі Байтұрсынов, Жұмабаев тан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Әлімхан Ермеков « Алаш туы асиында күш сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Торайғыров тұрды. Қуғын сүргінде азап лагерьлерінде, түрме тозығында, тергеу камераларында өздерін нағыз ер азамат сияқты ұстады. Халқымыздың еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өшпес із қалдырған қайраткерлеріміздың бірі Бөкейханов. Бөкейханов пен оның серіктестері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе ұлттың теңдік ж/е саяси бостандығы.
І және ІІ Мемлекеттік Думаға сайлаған қазақ депутаттары
Аталған тақырыпқа қазақтың айтулы тұлғалары қалам қозғады, солардың бірігейі мыналар: Сейітов Э.Т. Бөкейханов тарихшы және қоғамдық-саяси қайраткер Алматы, 1996 ж, Малтұсынов С.Н. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы және Мемлекеттік Дума. Алматы, 1981 ж, Озғанбай О. Ресейдің Мемлекеттік Думасы және Қазақстан. Алматы, 2000 және тағы басқа. Ең алғаш қазақ даласындағы І Думаның сайлау бөлімі өз жұмысын 1906 жылдың сәуір айының соңынан бастау алып дереу жұмысқа кірісіп кетті. Негізгі сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары Дала өлкесінің Омбы, Ақмола, Семей, Петропавл,Өскемен қалаларында қызу қарқынмен жүргізілді.
І Думаға алғашқы шақырылғандардың бірі Ә.Бөкейханов Петербургке 1906 жылы 3 шілдеде аяқ тіреді. Бірақ 9 шілде күні аяқ астынан І Дума таратылып шақырылған депутаттарға кері қайту бұйырылды. Осы жерде әділетсіздікке көнбеген депуттар өздері жиналып құпия кеңес өткізіп император мен халыққа арнайы өздерінің ойын қалай жеткізетінін ақылдасты. Патша І Думаны өктемдікпен таратқанда оған сайланған депутаттар қарсылық білдіріп, Выборг қаласына жиналады. 182 депутат қатысқан бұл оппозициялық жиын тарихта «Выборг үндеуі» деген атаумен қалды. Жиналғандар патшаның әділетсіз шешімін айыптап, оның жүгенсіз істерін әшкерелеуге тырысты. Қазақ зиялысы Ә.Бөкейхановта халық жанашыры ретінде мәселеден шетін қалмады одан өзге 1906-1907 жылдары Омбының «Иртиш», «Омич», «Голос степи» газеттерімен әріптестік жұмыс жүргізіп өз шығармаларымен қатар, жергілікті конституциялық-демократиялық партияға өз идеяларын ұсынып бірлесіп қызмет атқарды. Ақмола облысында І Мемлекеттік Думаға депутат сайлау жұмысының өз шырғалаңы болды. Сайлау 1906 жылы 15 маусымда Көкшетауда болды. Таласқа 6 адам түсті. Сайлау нәтижесінде депутат 36 жастағы молда Шаймерден Қосшығұлов (1874-1937 жж) сайланды. Ш.Қосшығұлов өз халқы жер үшін күрес, залық еркіндігі мен теңдігі үшін күресте алдыңғы қатарлы азамат ретінде танымал. Сайлау біткен соң арыз-шағымды қарау барысында Қосшығұловтың орыс тілін білмейтіндігін алға тартқан шағыс түседі де осы жерде мәселе күрделене түседі. Себебі заң бойынша елді басқаратын қызметкер оның ішінде депутат міндетті түрде орыс тілін білуі тиісті. Бірақ заң бойынша Қосшығұловты депутаттық мандатынан Мемлекеттік Думаның шешімімен босатылуы тиіс, ол үшін іс алдымен жоғарыға жіберіліп арнайы отырыста талқылануы тиіс, Мемлекеттік дума өз жұмысын бастап кетуіне байланысты Қосшығұловтың ісі қараусыз қалды, ол өз мандатын атқаруға кірісіп кетті. ІІ Мемлекеттік думаға сайлау Дала өлкесінде де Ресеймен бірге 1907 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтті.
ІІ Мемлекеттік думаға Дала өлкесінен: Ақмола –Ш.Қосшығұлов, Семей- Т.Нүрекенов, ал орыс өкілдерінен Ақмола- А.К.Виноградов, Семей – Н.Я.Коншин сайланды. ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған Шаймерден Қосшығұлов қызметін адал атқарып қана қоймай, қазақ халқының көзін ашып, санасын ояту мақсатында зор пайдалы істер атқарды. Нақты айтқанда империя астанасы Петербургтен шығып тұратын татар тіліндегі «Улфат» газетінің редакторы Әбдірашид Ибрагимовпен келісіп, қаржыны өз қалтасынан көтеріп «Серке» атты газет шығарылды, газетті сол кездегі зиялы өкілдердің бірі Міржақып Дулатов басқарды. «Серке» газетінің алғашқы саны 1907 жылы наурызда жарық көрді. Тарихшылардың басты қызығушылығын тудырған газет бетіне жарияланған Арғын өлеңі (негізгі атауы «Жастарға»), авторы М.Дулатов, аталған өлеңде елдің ертеңі туралы сөз қозғалған, қазақ халқы езгіде арылатын уақыт келді, ояныңдар, жастар жиналыңдар, жұмылыңдар деген үндеулермен. Өкінішке орай көп ұзамай газет сынға ұшырап, жоғары жақ өкілдерінің газет мазмұнына үңілуіне алып келді. Нәтижесінде 1907 жылы маусымда газет жабылды. І және ІІ Мемлекеттік Дума жұмысы кезінде Дала өлкесі депутаттары кірген фракциялар мен түрлі жұмыс топтары құрылып, қалыптасты. Оның ішінде белсенділері еңбек тобы, мұсылмандық фракция, Сібір депутаттарының тобы т.б. Мұсылмандық фракция өз жұмысын І Мемлекеттік Дума жұмысы кезінде бастағанмен толық түрде ІІ-ші думада қалыптасты. Фракцияның мақсаты мұсылман өкілдерінің мүдделерін қорғау, атап айтқанда жер мәселесіне келгенде, фракция мүшелері «Иттифак-аль-муслимин» партиясымен біріге отырып аграрлық реформаларда өз жобаларын ұсынып, бірігіп жұмыс атқарды. Екінші мәселе Дала өлкесіне сырттан келімсектердің санын азайтуды алға тартты. Бұл жолда да өз қоныстандыру атүсті жүргізілетіні, жергілікті халықтың мүддесін ойлау қажеттігін жоғарыға жеткізе білді. ІІ Мемлекеттік Дума өз жұмысын 1907 жылы 20 ақпанда бастады. Сайлау нәтижесінде 518 депутат сайланды. Ажыратып қарастырсақ, ІІ сайлауда кадеттер жеңілістің ащы дәмін татып өздерінің 80 орнынан айырылды, еңбекшілерден 104, эсерлерден 37, халық социолистерінен 16, социал-демократтардан 65 депутат сайланды. ІІ думадағы кең талқыланған айтулы мәселе аграрлық болды. Жер мәселесінің қазақ депуттарын жанайқайға салатындай жөні бар, қазақ жерін тартып алу мен қатар ол жерлерді басқа ұлт өкілдеріне тегін беруі қазақ жанашырларының жанына қатты батты. Тек қана тоғыз жылдың өзінде 1893-1901 жылдары 1,5 млн десятина жер тартып алынған. Осы мәселеге байланысты Дума отырысында қазақ депутаттары арасынан Орал облысынан сайланған Б.Қаратаев сөз сөйлеп, қазақтардың жері ашық түрде отарланып жатыр, халықтың ең басты күнкөрісі жермен байланысты сондықтанда жер мәселесі шұғыл шешетін сұрақ екендігін алға тартты, оған осы өңірдің орыс өкілдері атынан сайланған Космодемьян¬скийде қосылды. І және ІІ Мемлекетттік думаға Дала өлкесінен сайланған қазақ депутаттары мінберден сөз сөйлеп елдің көкейкесті проблемаларын көтеріп, шешу жолында ел үмітін ақтағандар қатарында Ә.Бөкейханов, Ш.Қосшығұлов, Б.Қаратаев, А.Бірімжанұлы, Т.Нүрекенов, М.Тынышбаев, А.Қалменұлы болды. І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру.
Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу. Ал мұндай жер реформасы, Алаш жетекшілерінің ұсынуынша, империя халқының экономикалық өмірін де, отаршыл патшалық мемлекеттің құрылымын да толығымен өзгертеді. Ондай өзгеріс, өз кезегінде, жекеменшікті жер институтын тамырымен жояды, ұсақ жер иелерімен бірге патшалық абсолютизмнің тірегі болып келген ірі дворян-помещиктер тап ретінде тарих сахнасынан біржола кетеді, ал саяси билік – өзінен өзі халықтың қолына өтеді [11, 1-б.]. Қазақ өкілдерінің жер мәселесінен кейінгі екінші көздегені – қазақтың барлық 9 облысы мен Астрахан гүбернесіне қарайтын Бөкей ордасына, сондай-ақ Алтай өңірінің Бийскі және Змеиногорск болыстарына – Дума мақұлдаған заң жүзінде генерал-губернаторлық, ояз және крестьян бастықтары институттарын жауып, оның орнына жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін – земство енгізу болды. Оның себебі: егер Ресейдің ішкі еуропалық бөлігінде земствоға ұқсаған мекемелер болса, Сібір мен Дала облыстарында әлі күнге дейін қоғамдық өзін-өзі басқарудың сағымы да болған жоқ.
І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды. Думаның қазақ депутаттары 1906 жылдан бастап Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлерінің үлгісімен дербес әскери қолбасшылығы бар ұлттық атты әскер жасақтау, «Қарқаралы құзырхатында» жазылғандай, қазақ тілінде цензурасыз мерзімді баспасөз пен баспахана ашу, жергілікті әкімшілік (земство жиналысы, басқармасы) пен соттың ісқағаздарын және ұлттық мектеп-медреселерде оқу жергілікті ұлт тілінде жүргізу, қазақтың ұл-қыздарын кәсіби оқу орындары (гимназия, училище, семинария, т.б.) мен ЖОО-да оқыту үшін «қазақ капиталы» есебінен стипендиялар тағайындау, жатақханалар (пансиондар) салу және т.б. маңызды мәселелерді, әсіресе жер мәселесін көтеріп, заң жүзінде шешуге ұмтылды. Ең маңыздысы: І және ІІ Думада осы ұлттық мәселелердің көпшілігін, әсіресе жер, земство мәселесін шешуге толық мүмкіндік болды. Өйткені І Думада кадет партиясының 161 депутаты, Еңбекшілер партиясының 107, поляк колосы, украин, эстон, латыш, литва және т.б. ұлт топтарын қамтитын автономистердің 70 депутаты, түркі-мұсылман халықтарының 25 депутаты болды. Ашығын айтқанда І Думадағы 511 дауыстың кемінде 338-і – самодержавиеге қарсы партиялар мен ұлттық топтардың үлесінде болды. Ә.Н. Бөкейханның 1905 жылдан кадет партиясының мүшесі, 1906 жылдың маусымында І Думаға кадеттердің Семей облыстық қазақ бөлімінен сайланғанын, І және ІІ Думадада түркі-мұсылман халықтарының депутаттары мұсылман фракциясына бірігіп, кадет партиясының фракциясына қосылғанын ұмытпау керек [17, 16-б.]. І Думаның спикері (төрағасы), оның екі орынбасары әрі хатшысы болып Ә.Н. Бөкейханның партияластары әрі достары С.А. Муромцев (№16 фото), князь П.Д. Долгоруков, Н.А. Гредескул және князь Д.И. Шаховской сайланды
Алайда аталған мәселелердің бірі де жүзеге аспады. Себебі 5 жылға сайланған Мемлекеттік Думаның 1906 және 1907 жылдарғы І және ІІ шақырымдары 72 және 102 күн ғана жұмыс істеп, біріншісі 1906 жылы 8 шілдеде, екіншісі 1907 жылы 3 маусымда күштеп таратылды. ІІ Дума таратылған күні император ІІ Николай өзі шығарған «Негізгі мемлекеттік заңдардың» 87-бабын өрескел бұзып, сайлау ережесінің жаңа нұсқасын шығарды [19]. Ресейдің либералдық қауымы жаңа ережені «3 маусым төңкерісі» деп бағалады. Екі Думаның мезгілсіз таратуының бар сырын Қыр баласы (Ә. Бөкейхан) сайлау құқынан айрылған халқына жалпақ тілмен түсіндіріп берді: «Себебі, бұл екі Дума да мұжыққа орыс дворяны жерінен жер бермек болды. ІІІ Дума депутаты сайланатын жол жасағанда мұжық депутатын неше қайтара бұрынғадан азайтты. Орыс патшалығы панасындағы жұрттың әрбір 100-іне 85 орыс мұжығы болады, қалған 15-тің ішінде поляк, еврей, татар, қазақ һәм уақ жұрттар. Орыстың қаласынан «3-інші июнь» законымен сайланған адамдардың мұжық депутаты 10-нан 1-ақ, Думада мұжық депуттары 40-50 - 442 депутат ішінде. Орыстың патшалығын арқалап асырап отырған мұжыққа мұны қылғанда - аз, бытыраңқы, «надан» қазақты не қылсын?! Думадан шығарды да тастады» Ұлттық саяси партиялар: мақсаттары мен міндеттері.XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды.Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын-аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды.Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр болды. Мұндай қадамға бара отырып, ол жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын канағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал-губернаторлык кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандыктар бойынша білім алды. Мәселен, тек Қазан университеті мен мал дәрігерлік институтын 1917 жылға шейін 35 (20 және 15) қазақ жастары аяктап шыққан.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище, мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С. Торайғыров, Ғұмар Қарашев сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді.
Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі орталықтарда оқып, саяси оқиғаларға тікелей араласуы, орыс демократиясының ыкпалында болуы оның қоғамдық көзқарасының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей коймады.
Саяси қызметке араласу тек ірі қалаларда оқитын студенттерге ғана тиесілі құбылыс емес-тін. Қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға ден қою, түрлі саяси үйірмелер ісіне араласу Омбы, Семей, Орал сияқты жергілікті орталықтарда оқып жүрген жастарға да тән әрекет еді.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары қоғамдық-саяси қызметке даярлықпен келді, ал олардың дербес саяси күш ретінде белсенді әрекетке көшуі 1905 жылғы революциялық оқиғаларға тұспа-тұс келді. Оған қазақ халкының орыс отаршыл әкімшілігіне тәуелділігі және қоғамдық дамуда ортағасырлық деңгейде қалып қоюы түрткі болған еді. Саяси қызметі тура осы мезгілде басталған Міржақып Дулатұлы 1929 жылы кеңестік абақтыда тергеушілерге берген жауабында жалпы ұлт зиялыларына ортақ мынадай пікір білдірді:
«...Ол жылдардағы қазақ халқының қараңғылығы мен надандығын айтып жеткізу қиын. Қазақ бұқарасы губернаторлар мен уезд бастықтарын айтпағанда, ең төменгі урядниктің алдында діріл қағып, адам төзгісіз қорлыққа шыдады, оның бұл халге жетуіне өз арасынан шыққан надан тілмаш шенеуніктер, болыс басқарушылары және басқалары өз үлестерін қосып, ауыр салық, зорлық, парақорлық, құпия өсектер үйреншікті көрініске айналды; қазақ әйелі күң жағдайында болды, ең құнарлы жерлер ешқандай есепсіз қоныс аударушыларға алынып берілді, ал қазақтар шөлге ығыстырылды; патша үкіметі мектептер аштыруға бас-көз қамқоршы болудың орнына, қазақтарға өздері жиған қаржыға мектеп салуға тыйым салды; мектеп ашуға әрекет жасағандар Якут облысына жер аударылды (мысалы, Қосшығұлов, Науан хазірет, т.б.), дәрігерлік көмек жөнінде халықта түсінік те болған емес... Қазақ елі, міне, осындай түнекте ғұмыр кешті. Патша үкіметінің отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетті. Осының бәрін көре түрып өзімнің азын-аулақ біліміме қарамастан, қолымдағы барыммен ар-намысы аяқ асты болған сорлы халқыма көмектесуді өз борышым санадым». 1905 жылғы жазға қарай Қазақстанның барлык өңіріндегі жәрмеңкелерде қазақ жұртының мұқтаждықтарын талқылаған съездер өте бастады. Бірден жандарм мекемелерінің назарына іліккен бұл жиындарда патшаға, ортақ билік орындарына арналған арыз-тілектер жазылды; Жетісу және Семей облыстары атынан жазылған шағымдарды талқылауға 25 мыңнан астам адам қатысты.
Бұл талап-тілектерде қазақ елінің қоғамдық өмірдегі ең негізгі мұқтаждықтары, яғни жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру, ұждан және дін бостандығы, бақылаусыз газет шығару және баспахана ашуға рұксат беру, қазақ елінің жоғарғы заң шығарушы орындарға депутат сайлау кұқын мойындау және басқа сол сияқты аса маңызды мәселелер көтерілді.
Барлык арыз-тілектерде жоғарғы билік алдына қойылған үлкен де өзекті мәселе, әрине, жер мәселесі болды. Арыз-тілек авторлары «әкелер қанының өтеуімен азат етілген атамекенін» орыс үкіметінің ешқандай да дәлел-себепсіз мемлекеттік меншік деп жариялап, соған сүйеніп ең кұнарлы жерлер мен тұщы су кездерінің қоныс аударушыларға өтіп жатқандығына наразылықтарын білдірді.
Арыз-тілек науқаны ұлт-азаттық козғалысында өзара айырмашығы бар екі ағымның қалыптасып келе жатқандығын аңғартты. Оның бір жағында қазақ жұртының болашағын еуропалық өркениеттің жетістіктерімен байланыста қарап, дін ісін екінші кезекке ығыстырған зиялылар тұрса, оған қарсы екінші бетте қоғамдық дамуда ұлттық-діни ерекшеліктерді негізгі құндылық ретінде бағалаған топ тұрды. Ә.Бөкейханов алғашқы ағымдағыларды батысшылдар, ал соңғы ағымдағыларды түрікшілдер деп атады.
1905 жылғы 6 тамызда жарияланған манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Дума жұмысына белсене араласу арқылы үкіметтің Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесіне ықпал етуге болады деп түсінді. Бірақ сайлау қарсаңындағы қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын өз бағдарламасы бар саяси партия жоқ болатын. Уақыттың тарлығына байланысты және баска даярлыктың жоқтығын түсінген ұлт зиялыларының басым бөлігі ресейлік конституциялық демократиялық партияның (кадеттер) бағдарламасын мойындап, қазақ облыстарында осы партияның бөлімшелерін құрып, осы ұйымның атынан депутаттыққа түсті.
I—II Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясы жұмысына белсенді араласқан қазақ зиялылары үкіметтен Қазақстанға ішкі Ресейден қоныс аударушыларды жіберуді, жергілікті халықты егіншілікке жарамды жерлерден ығыстыруды тоқтатуды талап етті. Қазақ депутаттарының бұл талабын қазақстандық Т. И. Седельников және сібірлік Н.Л. Скалозубов бастаған демократиялық бағыттағы орыс және баска ұлт депутаттары да қолдады.
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 1980 жылдың аяғы-1990 жылдың басындағы экономикалық, əлеуметтік жəне саяси салалардағы реформалар əртүрлі əлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді құруға ынталандырды.1991ж. 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» жəне «Саяси партиялар туралы» Заңдары, 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы қабылданды.Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Социалистік партиясы,Қазақстанның Республикалық партиясы жəне «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Əділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды. Айырмашылықтары: Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, əлеуметтік, экономикалық, мəдени салаларға байланысты көзқарастарын білдіретін, мүдделерін қорғайтын бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін.Ал, ұйым кей жағдайда өзге мəселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дəнекерлеуші буын қызметін атқара алады.Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.Партиялық жүйе қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту үрдістерінде маңызды рөл атқарады. Ұқсастықтары:Қандай салада құрылмасын ең алдымен халықтың мүддесін көздейді, қоғамдағы белгілі-бір мəселелерді шешуге бағытталады.Оны алдарына қойған мақсаттары мен партиялардың бағдарламаларынан аңғаруға болады.Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастарды, көптүрлілікті, демократияландыруды дамытуға үлестерін қосады. Маңызы:Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мəдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.