дейін созылды. Қазақ өлкесінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ә. Жангелдин,
О.Жандосов, Т.Бокин, С.Сейфуллин, Ә.Майкөтов, А.Асылбеков, А.Иманов, Т.Рысқұлов,
П.Виноградов, Л.Емелев, Я.Ушанов, Ә.Айтиев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев тағы да басқалары
белсенді қатысты. Кеңес өкіметі Перовскіде (Қызылорда) 1917 жылдың 30 қазанында,
Шымкент қаласында қараша айында, Түркістан, Әулиеата, Қазалы жерінде желтоқсан
айында орнады. Петропавлда жұмысшы-шаруа депутаттары Кеңесі темір жол
жұмысшыларымен бірлесе отырып, 1917 жылдың 12 қарашасында өз билігін орнатты, ал
Өскемен, Семей, Атбасар, Көкшетау, Павлодар жерінде Кеңес өкіметі казак-орыстар мен
билеуші топтардың қарсылығына тап болып, қиыншылықтарға кездесті. Семей өлкесіндегі
Кеңес өкметі 1918 жылдың ақпанының 17-де орнады. Торғай, Қостанай, Ақтөбе жерлерінде
Кеңес өкіметі 1917 жылдың желтоқсанынан 1918 жылғы наурыз айының аралығында
Достарыңызбен бөлісу: |