1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар



бет139/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   255
Байланысты:
Ескерту

186-бап. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар
1. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
2. Әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады.
3. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 186-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


187-бап. Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар басқа да адамдардың еңбегі мен тынығу режимінің ерекшеліктері
1. Жұмыс берушінің жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды іссапарға жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға құқығы жоқ.
2. Жұмыс берушінің:
1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;
2) егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру мүшесі медициналық қорытынды негізінде тұрақты күтім жасауға мұқтаж болса, отбасының ауру мүшелеріне күтім жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, сондай-ақ іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге құқығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет