1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары



бет159/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   255
Байланысты:
Ескерту

220-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары
1. Үйде істелетін жұмыс қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы келмейтін және оларды орындау үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қамтамасыз етілген жағдайда ғана орындалуы мүмкін.
2. Үйде істелетін жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында:
1) жұмысты қызметкерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып орындау;
2) қызметкерді жұмысты орындау үшін шикізатпен, материалдармен, жартылай дайын өнімдермен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері;
3) дайын өнімді алып шығу тәртібі мен мерзімдері;
4) қызметкерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар міндетті түрде көзделуге тиіс.
221-бап. Үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбек қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз ету жағдайлары
Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жұмыс берушінің қызметкердің жұмыс уақыты режимін сақтауын бақылау ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және үйде жұмыс істейтін қызметкер үшін осы талаптардың сақталуы жөніндегі жағдайлар еңбек шартында белгіленеді.
23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
Ескерту. Кодекс 23-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет