1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-1-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу



бет160/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   255
Байланысты:
Ескерту

221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу
Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың айрықша нысаны болып табылады.
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары
1. Жұмыс беруші қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Қызметкер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі қызметкермен келісім бойынша белгіленеді.
Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерге жұмыс беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және т.б.) өтелуі мүмкін.
2. Қызметкердің жұмыс берушімен жұмыс істеу байланыстарының тәсілдері мен кезеңділігі еңбек шартында айқындалады.
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жағдайлары
Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлерге осы Кодексте белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылаудың ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.
Жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылаудың ерекшеліктері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және қызметкер үшін осы жағдайларды сақтау жөніндегі шарттар еңбек шартында айқындалады.
24-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет