148-бап. Еңбек делдалдығы Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:
1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы хабардар ету;
2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету;
3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушіге жолдама беру;
4) еңбек нарығы жөніндегі деректер базасын қалыптастыру;
5) өтініш білдірген азаматтарды есепке алу мен тіркеу;
6) кәсіптік бағдар жасауда қызметтер көрсету;
7) жұмыс берушілермен шарттар негізінде жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады.
13-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ
149-бап. Қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған кезде берілетін кепілдіктер 1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарындакөзделген жағдайларда қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.
2. Қызметкерлерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін аталған міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен емес жалақы төленеді.
3. Әскерге шақыру және мерзімді әскери қызмет уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014 N 212-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).