152-бап. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін кепілдіктер мен өтемақы төлемдері 1. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.
2. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
3. Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің талаптары мен мерзімдері еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
4. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу осы Кодекстің 183, 187, 226-баптарында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.