150-бап. Медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер үшін кепілдіктер Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшін кепілдіктер Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.
Ескерту. 151-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.16. N 186-IV Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.