1– Тапсырма. Жер-ана туралы экологиялық қанатты сөздерді жадыңызда сақтаңыз!
1. Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқар таулары – біздің басты байлығымыз. Ы. Алтынсарин.
2. Жер туралы көрген зорлық көп. Жер десе дірілдемей болмайды. Сонда да жер мәселесі – негізгі өмір мәселесінің ең зоры. Жер ісін ақылмен, сабырмен шешкен дұрыс. Әлихан Бөкейхан
3. Мен үшін қазақ жерінің, Жаманы мен жаты жоқ.
Мен үшін қазақ жерінің, «Ана»-дан басқа аты жоқ.
Жұбан Молдағалиев. 4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5. Тұғырына саңғыған
Сұңқар оңбас,
6. Үйірінен қаңғыған
Тұлпар оңбас.
7. Елінен безген ер оңбас.
Көлінен безген қаз оңбас.
3– тапсырма. Мәтінді пайдаланып, біресе , бірде, кейде деген жалғаулықтар арқылы өзіңіз сөйлем құрыңыз, өз ойыңызды баяндаңыз.
Адам және табиғат
Ортаның ластануынан адамға және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне орасан зор шығындар келеді. Өндіріс процесі мен адам қоғамының тұтынуы барысында пайда болатын қыруар қалдықтарды табиғатқа қайтару мөлшері 1970 жылы 1млрд. тонна, ХХ ғасырдың соңында 100 млрд. тоннаға дейін өсті.
Қазіргі кезде адамдар да, ғалымдар да жер табиғатын таза ұстау, оны күту, аялау үшін күресуде. Экологиялық мәселелер – мәселелердің мәселесі. Республиканың барлық аймақтарында, облыстарда, аудандарда экологияны қорғау орталықтары құрылуда.
Жер – адамзат үйі, оны күтіп аялауымыз керек.
4-тапсырма. Мәтінді кезек-кезек оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.
Жер-Ананы аяла
«Жер» деген сөздің көп мағынасы бар. Жер дегеніміз – ел, Отан, халық. Адамдар үшін жерде жұмыс істеуден, өз жерін қорғаудан маңызды ештеңе болмаған.
Көпке дейін адамдар табиғатты, жерді өзіне бағындырғысы, табындырғысы келді. Жауды бағындырады, ал адамзаттың тіршілік көзі болған Жер-Ананы бағындыра алмайды! Шындыққа тура қарайтын уақыт келді, Жер-Ана қазір жаралы ...
Ядролық жарылыстар – жер үшін ең қорқынышты қауіп-қатер. Семейде алғашқы жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалыпты. Ал соңғысы 1989 жылдың 19 қыркүйегінде болды. Осы 40 жыл ішінде 470 ядролық жарылыс жасалған. Олардың 90-ы әуеде, 26-сы жер бетінде, қалғаны жер астында өткізілген. Оған қоса 175 химиялық қару сынағы өткізілген. Бір ғана Абыралы аймағы қаншама зардап шеккен. Ойлап қарасаңыз, Байқоңыр да сынақ алаңы. Бұларға Аралдың қасыретін қосыңыз.
Қазақстанның барлық аймағы көмекке зәру. Емдейтін, қорғайтын, аялайтын уақыт келді. Осы тұңғиықтан шығуға бола ма? Бүгінгі ұрпақ, бұл сіздердің азаматтық көзқарастарыңызға байланысты.
Сөздік
бағындыру – властвование Арал қасыреті – трагедия Арала
мағына – смысл, значение жарылыс – взрыв
бағындыру – подчинить зардап шегу – жгучая боль
тіршілік көзі – источник жизни тұңғиық – бездна
қауіп-қатер – опасность көзқарас – взгляд
көмекке зәру – нуждается в помощи азаматтық көзқарас – гражданская сынақ алаңы – полигон позиция
Есіңізде сақтаңыз!
Жамандықтың үлкені – пайдакүнемдік. Пайда қуған адам шышыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды.
В.А.Сухомлинский
Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды. А.Жүйнеки
Сараңдық күш алса, қуаныш азаяды. Ж. Баласағұни
Пайдакүнемдік адамды ең аяулы сезімдерден – Отанға деген сүйіспеншіліктен, отбасына, ізгілік пен тазалыққа деген сүйіспеншіліктен ада қылады.
Г.Саллюсти
5-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінен синонимдік қатарларды тауып жазыңыз.
Жер, қоршаған орта, мезгіл, аялау, зиян, жаралы, табындыру, біздің планетамыз, уақыт, емге зәру, қорғау, зардап, әлем, табиғат, бағындыру, мерзім, тіршілік ортасы.
6-тапсырма. Мына сөздерді пайдаланып, кезектес мәнді сөйлем құрыңыз. ластану – бір тал кессең –
табиғи – қорғау –
зиян – бүгінгі –
қасырет – азаю –
7-тапсырма. Жер туралы мақал-мәтелдерді оң жақта берілген нұсқасымен толықтырып жазыңыз.
Туған жердей жер болмас, ... Елі азғанның ері азады.
Жері азғанның елі азады, ... Өз еліңде ұлтан бол.
Өзге елде сұлтан болғанша, ... Өз жеріңдей қайда бар.
Ер туған жеріне, ... Туған елдей ел болмас.
Туған жердің қадірін ... Ит тойған жеріне.
Пәлен жерде пайда бар, ... Шетте жүргенде білерсің.
8-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
1.Жер – ең басты ...............................
а) құндылық
ә) өмір
б) планета
2. Жер – ата-бабадан қалған .......................
а) зат
ә) мұра, байлық
б) өсиет
3. Жер – елдіктің, мемлекеттің ......................
а)белгісі
ә) шарты
б) ережесі
4. Берілген мақал-мәтелдің қайсысы жерге қатысты ?
а) Денсаулық – зор байлық.
ә) Әркімнің өз жері – жұмақ
б) Судың да сұрауы бар.
5. Берілген қанатты сөздердің қайсысы жерге қатысты ?
а) «Балам дейтін жұрт болмаса, елім, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» А.Байтұрсынов.
ә) «Отан – өз бесігің, өз үйің»
В.Сухомлинский
б) «Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой»
Ш.Айтматов.
9-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Арал экологиясы туралы әңгімелеңіз.
Арал
Барша адамзат Арал теңізі десе, экологиялық апатты еске түсіреді. Қайраңда қараусыз қалған, тат басқан кемелер...
Жер шарындағы болашақ ұрпақ, өкінішке орай, Арал теңізінің қандай болғанын біле бермейді. Бір кездері Арал маңы – балығы тайдай тулаған бай өлке еді. Өткен ғасырдың басында Арал қаласына орыс көпестері орналасып, Хиуа хандығымен сауда-саттық жасаған. Олар мақта, мата әкеліп, балық т.б. тауарлар тасып отырған. ХХ ғасырда Арал теңізімен алып кемелер мен көп қабатты баржалар жүрген, кеме жасау зауыты да салынған.
Арал әлемде көлемі жағынан 3- ішкі теңіз болды. Мұнда сазан да, ақбалық та, қаяз да, итбалықтар да болған. Бұл өлке тұз ресурсына да бай.
60- жылдардың басында «данагөй» кеңес билеушісінің басына Аралға құятын Әмудария мен Сырдарияның арнасын Өзбекстандағы мақта мен күріш алқаптарына бұру туралы ой келеді. Содан кейін теңіз деңгейі 22 метрге төмендейді. Жағалау 200 метрге шегінеді. Мұнда жаңбыр сирек жауып, құмды, тұзды дауыл жиі соғатын болды. Арал суының тұздылығынан балықтар да азая бастады. Арал маңы елсіз қу тақырға айналды. Бұл өңір экологиялық апат аймағы болып жарияланды.
Леся Сокол.
10-тапсырма. Мәтінді қазақшаға аударыңыз. Қарамен жазылған сөйлемдердің орысша және қазақша нұсқасын дәптеріңізге жазып алыңыз.
Земля у всего человечества одна на всех а, может быть, она только одна такая во всей Галактике. И мы должны понять, что Земля – одна, ее ничем не заменишь, не подремонтируешь. Да, с точки зрения простого человека, она кажется огромной, но это не так. Земля – наша самая маленькая планета в Солнечной системе, нежная, хрупкая. Она нуждается в нашей любви. Мы должны любить и беречь ее.
Вот почему в последние десятки лет ученые-экологи забили тревогу, чтобы она дошла до наших умов. Это было сделано руками человека: биологические ракеты, полигоны истребление животных и птиц. Неужели все это было сделано во имя наживы ? Ведь это аукнулось изменением климата, возросшим количеством заболеваний людей, проблемами Арала, изчезновением некоторых видов рыб, миграцией населения и т. д.
Поэтому я призываю относиться к нашей планете по-доброму, по-человечески ! Земля – наш общий дом.
11-тапсырма. Мәтін бойынша ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстанның табиғаты қандай?
2. Қазақстанда табиғаты әсем жерлер бар ма?
3. Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс туралы не айтасыз?
4. Экологиясы нашар аймақ, елдер туралы не білесіздер?
12-тапсырма. Төмендегі пікірмен келісесіз бе? Әлде қарсы пікір айтасыз ба?
1. Қазіргі кезде экология туралы көп айтады, жазады, бірақ нәтиже жоқ.
2.Экологиялық апат адамдардың әрекетіне байланысты емес.
3. Жерде табиғат ресурстары шектеусіз.
4. Адамдар табиғат берген байлықты тиімді, үнемдеп пайдаланады.
5.Экологиялық трагедия – экологиялық апат болған жердегі адамдардың трагедиясы.
6. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қошаған ортаға тек қана зиян әкеледі.
7. Жер шарын экологиялық апаттардан құтқару үшін адамдар табиғатпен тіл табысуы керек.
8. Жерді Ана деп айта алмаймын.
9. Көшпенділіктің жерге пайдасы мол.
13-тапсырма. Жер туралы мақал-мәтелдерді оң жақта берілген нұсқалармен толықтырып жазыңыз.
Туған жердей жер болмас, ... Елі азғанның ері азады.
Жері азғанның елі азады, ... Өз еліңде ұлтан бол.
Өзге елде сұлтан болғанша, ... Өз жеріңдей қайда бар.
Ер туған жеріне, ... Туған елдей ел болмас.
Туған жердің қадірін, ... Ит тойған жеріне.
Пәлен жерде пайда бар, ... Шетте жүргенде білерсің.
14-тапсырма. Мәтінді оқыңыз,өзіңіз тұрған жердің экологиясы туралы әңгімелеңіз.
Бурабай туралы аңыз
Ескі аңыз-әңгіме бойынша Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суымен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын-шіркейлері тіршілік етеді. Табиғаттың осы бір көркем де сұлу таңғажайып бұрышын қазақтар ежелден-ақ Бурабай деп атаған. Бұл бура деген сөзден шыққан (түйенің атауы). Халық Көкшетау өңірінде өмір сүрген түйелер туралы да аңыз сақтап қалған. Ол тау етегінде жайылып жүріп жау әскерінің жақындағанын сезіп, халықтың басына төніп тұрған қауіпті өзінің түйеге тән даусымен халыққа ескертіп отырған. Осы аңызға сәйкес Көкшетау тауларының бірінде екі өркешті түйенің бейнесі сақталған. Жергілікті жердің биік шыңы – Көкшетау. Панорамалық көріністің бірі – оңтүстікке қарай орналасқан Бурабай тауы (690 м). Одан оңтүстікке қарай Шучье қыраты орналасқан, оның ең биік нүктесі «Жеке батыр» (826 м) деп аталады.
Оқжетпес
Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен:Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты. Оқжетпестің дәл қарсысында, Бурабай көлінің ақ жазықты шығанағында, судың нақ ортасында тағы бір жартас Жұмбақтас тұр. Жұмбақтас десе жұмбақ тас.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.
Халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
Табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда Таза болса табиғат – аман болар
Біз, жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.
Тапсырманы орындаңыз:
1. Мәтінді оқып, толықтырыңыз.
2. « Таза болса табиғат – аман болар адамзат» деген мақалды қалай түсінесіз?
3.Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.
4. Адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде қандай мән жатыр?
7 - сабақ. Аралық бақылау.
$$$ 1
Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз.
Мен ойланып отырмын.
А. Жақсыз
В. Жақты
С. Жалаң
D. Атаулы
Е. Толымды
$$$ 2
Бастауыш, баяндауыш арасына қойылатын сызықша қатарын көрсетіңіз.
А. Оспан барған-ды
В. Плащ - палатка.
С. Отан - өз үйің.
D. Естілер - естілмес.
Е. – Жазған ба?
$$$ 3
Қайттім? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін белгілеңіз.
А. Баяндауыш
В. Пысықтауыш
С. Анықтауыш
D. Толықтауыш
Е. Бастауыш
$$$ 4
Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.
А. Әлде, болмаса, өйткені.
В. Бірақ, неге десең, егер.
С. Алайда, себебі, онда.
D. Я, немесе, біресе.
Е. Мен, да, және.
$$$ 5
Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.
А. Балалар далада ойнап жүр.
В. Жауап берсең ше.
С. Сен қашан келесің.
D. Келгеніңе қанша болды.
Е. Әттең, кешігіп қалдың-ау.
$$$ 6
«Атқа отыр» қандай байланысу формасына жатады?
А. Меңгеру
В Қиысу
С. Қабысу
D. Жанасу
Е. Матасу
$$$ 7
Жақсыз сөйлемді табыңыз:
А. Жүз жиырма бес үй.
В. Күз келді.
С. Бізге көбірек оқу керек.
D. Құлаққа ұрған тападай.
Е. Сылқ-сылқ күліп жіберді.
$$$ 8
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз:
А. Есім сөздер
В. Бастауыш, баяндауыш
С. Одағай,шылау
D. Анықтауыш,қыстарма сөз.
$$$ 9
Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А. Ата-ананың – ақ тілеуі ақ жол.
В. Ата-ананың ақ тілеуі – ақ жол.
С. Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
D. Білім адамның – қанаты.
Е. Бозбаламын – мен де енді.
$$$ 10
Қай мысалда үтір қойылуы қажет?
Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.
Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды
Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр
Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол - өнімді адал еңбек
Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды
$$$ 11
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз
Ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрме, жарықтығым
Сөйлей бер, ақ домбырам күмбірлеген
Жоғары, шық Төке
Мен –қазақпын жан Отан – бел балаңмын!
Ботам-ай өңің қашып кетіпті ғой!
$$$ 12
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз
Досын сатқан жандардан жиренемін: Отанын да ондайлар сата алады
Түсінгені соншалық; барлығы ойында сайрап тұр
Асан, Айгүл, Әйгерім: үшеуіміз кітапханаға бардық
Сізді ешкім шақырған жоқ: сондықтан сіз де бармайсыз
$$$ 14
Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз
Мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас сөйлемдер арасында
Айтылмақшы ой аяқталмай қалғанда
Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда
Ойға қатысты басқа бір ойды жолжөлнекей түсіндіргенде
Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз болғанда
$$$ 15
Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?
Бұлар Асан мен Омар – сабаққа бармады
Асан және Омар екеуі сабаққа бармады
Сабаққа бармағандар Асан мен Омар
Сабақта жоқ оқушылар Асан мен Омар
Сабаққа бармаған мыналар Асан мен Омар
$$$ 16
Қай сөйлемде екі жерде нүкте қойылады?
Тәртіпсіздікке жол бермеу керек деген менің әкем
Тәртіпке бас иген кұл болмайды (Б. Момышұлы)
Мен келдім деп ол ішке кірді
Мыналар наурыз, сәуір көктем айлары
Мылтық тарс етті құс жалп етті
$$$ 17
Қос нүктенің орнын табыңыз
«Мен бардым» деді Ораз
Ораз мен бардым деді
Ораз өзі барғандығын айтты
Ораз мен бардым деді ме?
Ораз барған ба?
$$$ 18
Қай сөйлемде қос нүкте қойылмайды?
Асан айтты «Ертеңжоғла шықпай-ақ қойсақ қайтеді?»
Абай «Ғылым таппай мақтанба» деді
Мына өзендер Жейхун мен Сейхун Аралға құянды
Менің түсінгенім мынау ертең жарыс болмайды
Біз сабақта «Ер Тарғын», «Алпамыз» жырларын оқыдық
$$$ 19
Аяқталған сөйлемнің соңында қойылмайтын тыныс белгісін табыңыз
Нүкте
Леп белгісі
Көп нүкте
Сұрау белгісі
Қос нүкте
$$$ 20
Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Оқып білім ал, бөбек!
Бірыңғай мүшелер
Одағай
Қыстырма сөз
Оңашаланған айқындауыш
Қаратпа сөз
2 Модуль. Ниет, болжау мәнді сөйлем.
7-ТАҚЫРЫП.
Грамматика: Мезгіл мәнді сөйлем. Мезгіл үстеулері, септік шылаулары, (-ғанда, -генде, -қанда, -кенде) және т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалуы.
Мәтін: Сән әлемі. Дизайн. Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек.
Қайталау. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемнің түрлері.
|
Мезгіл мәнді сөйлем. Мезгіл үстеулері, септік шылаулары, (-ғанда, -генде, -қанда, -кенде) және т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалуы.
1. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойыңыз.
1. қанда, -кенде,-ғанда,-генде
1. Ол өзіне сенбе................... қорқады..
2. Ол бар................. , Әсем жоқ еді.
4. Балам де..........., сөз бар ма?
5. Мына көлік жүр ......... де, қатты жүреді екен.
2. Диалогты мезгіл мәнді сөйлемді пайдалана отырып жалғастырыңыз.
- Кәмилә, Астанаға келгеңізге көп болды ма?
- Екі аптадай ғана болды.
- Дегенмен, Астананы аралап көрген боларсыз?
- Көрдім, Астана шынында да әсем қала екен, әсіресе, Есілдің жағалауында
серуендеу маған қатты ұнады.
- Иә, Алматыда Алатау болғанымен, бірақ Есіл жоқ қой.
- Дұрыс айтасыз, Алматыда туылып, Алматыда өскенімізбен, Астана да өз
қаламыз ғой.
- ...........................................................................................................................................
- ...........................................................................................................................................
- ...........................................................................................................................................
- ............................................................................................................................................
3. Сұрақтарға мезгіл мәнді сөйлеммен жауап беріңіз.
1. Сіз мұражайда қанша уақыт боласыз?
____________________________________________________________
2. Кітап қызық па екен?
____________________________________________________________
3. Сурет көрмесіне кімдер қатыспады?
____________________________________________________________
4. Неге келмедіңіз?
____________________________________________________________
5. Бұл әңгімені кім айтты?
____________________________________________________________
4. Сурет бойынша мезгіл мәнді етіп сөйлем құрыңыз.
5. Ойды жалғастырыңыз. Ою-өрнек, кесте десе, ойымызға ең бірінші оралатыны – түскиіз. Бірақ қазіргі заманауи интерьерде түскиіздің орнын басқа да бейнелеу өнерінің туындылары басып жатыр. Алайда бұл ою-өрнектің көнеріп, кестелеу өнерінің артта қалғанын білдірмесе керек. Зейнелхан Мұхамеджанұлының қазақ халқының дәстүрлі кестелеу өнерімен айналысқанына 30 жылдан астам уақыт болған. Ол ер адам үшін біз ұстап кесте үйренудің оңай болмағанын айтады.Ол кестеден картина жасайды.
Мәтін: Сән әлемі. Дизайн. Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек.
Ұлттық ою-өрнек
Біздің ата - бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою - өрнектермен безендірген. Ою - өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” (әшекей) деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою - өрнек. Халқымыздың ұлттық киім түрлері өте көп. Олар өзінің көз тартарлық әсемділігімен, ою - өрнегімен, сәнділігімен осы кезеңге дейін жоғары бағаланады. Олардың кейбірулерін күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін мереке - мейрамдарда, ойын - сауық, той - думандарда киеді. Қазақ әйелдерінің ұлттық киім түрлеріне көйлек, кимешек, сәукеле, камзол т. б жатады. Оларды әр – түрлі ою - өрнек түрлерімен сәндейді. Ер адамдар мен әйелдердің бас киімдері де сәнділігімен ерекшеленеді. Оны барқыт сияқты материалдардан тігіп, жиегіне әр - түрлі ою - өрнектермен көмкереді. Қазақ ұлттық ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы - қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою - өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою - өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою - ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою - өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою - өрнек бір - бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы - солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін.
Қазақ ою - өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою - өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір - біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою - өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата - бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.
Менің түсінігімде ою - өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл - күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.
Қайталау. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемнің түрлері.
түрі
|
Салалас құрмалас сөйлем
|
Сабақтас құрмалас сөйлем
|
Аралас құрмалас сөйлем
|
ереже
|
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады
|
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауыш тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады. Бағыныңқы, басыңқы.
|
Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.
|
Жасалу жолдары
|
Салаластың құрамдығаны жай сөйлемдер өзара екі жолмен байланысады:
1.Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады. 2.Құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
|
Бағыныңқысының баяндауышның негізгі жасалу жолдары:
|
Құрамындағы үш жай сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.
|
Шартты рай
|
-са,-се
|
Көсемше
|
-а,-е,-й,-ып,-іп,-п
-ғалы,-қалы,-гелі,-келі
|
Есімше
|
-ған
-ген
-қан
-кен
|
-дықтан
-діктен
-мен
-ша,-ше
-да,-де
|
Болымсыз етістік
|
-ма,-ме,
-па,-пе,
-ба.-бе,
|
-й
-йынша,
-йінші
-стан,-стен
|
мысал
|
Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. Ол кітаптарын жоғалтып алған еді, сондықтан оның бүгін мазасы болмады. Ол бірісе күледі, біресе ыхаланып жылайды.
|
Биыл қыс болғанмен, қар аз жауды. Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.
|
Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді. Күн шықса, бұлар егістікке кетеді, дегенмен бүгін осында қалатын түрлері бар.
|
Мәтін тапсырмалары
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Үстеулердің мағыналық топтарын толық қамтитын грамматикалық таблица құрыңыз.
Мәтінді ауызша мазмұндаңыз.
Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясы
Қазақстанның Ғылым Академиясы 1946 жылы 1 маусымда құрылды. Оның алғашқы президенті Республиканың биология мек-тебінің іргесін қалаушы академик Қ.И. Сәтбаев болды. Ұлттық Ғылым Академиясының жоғарғы органы - мүшелердің жалпы жиналысы. Сессия арасында Ғылым Академиясы жұмысын президиум басқарады. Қазіргі кезде академияда алты бөлім бар: физика-математика, жер туралы ғылым, химия-технологиялық, биологиялық, қоғамдық ғылым және Орталық Қазақстандық. Ұлттық Ғылым Академиясының бөлімшелері де бар. Олар: "Ғылым" баспасының орталық кітапханасы, өндірістік күштер кеңесі, бір қатар мұражайлар. Бұның бәрі астрономия мен атом физикасын, археология мен этнографиялық ғылымдарды жаңа деңгейде дамытуға көмектеседі. Академия ғалымдары математика, атом физикасы, түрлі түсті металл өңдіруде, геологияда, тау-кен өнеркәсібінде, химиялық тыңайтқыштар өндіруде, жер өңдеуде, аңдар мен табиғат қорғауда жоғары жетістіктерге жетуде. Ұлттық Ғылым Академиясының институттары мен бөлімдері ғылыми-техникалық жоспарларды Республикалық және дүниежүзілік деңгейде орындауға қатысуда.
Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы
Қазақстан елінің ұлттық кітапханасы - қазақ халқының ұлттық мәдениетін өркендетуде, қазақ зиялыларын тәрбиелеуде және жұмысшы қауымының мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда аса маңызды роль атқарады.
Жыл сайын кітап қорына 150-160 мыңдай әр түрлі басылымдар келіп түседі, оның ішінде 80 мың кітап. Төрт миллионға жуық Республикамыздың және ТМД елдерінің, шетел баспасөздерінің басылымдарын, соның ішінде шетел мекемелерінен де газет, журналдар алып отырылады.
Зерттеушілерді сирек кітап қорындағы 25 мыңнан асатын қазақ, орыс, шығыс тілдеріндегі және Батыс Европа халықтарының VI, VIII ғасырлардағы және XIX ғасырдың басындағы кітаптар мен қолжазбалар қызықтырады.
Жаттығу жұмыстары:
1-тапсырма: Төмендегі сұрақгарға жауап жазыңдар.
Екі түбірден біріккен қандай ән-күй, өлең, аң, құс, жәндік аттарын білесіңдер? Екі не үш сөзден біріккен қандай шөп, жер, су, планета, географиялық атауларды білесіңдер? Біріккен сөз түрінде қолданылатын қандай ойын аттарын білесіңдер?
2-тапсырма: Әдемі, жалтақ, мая, мырс деген сөздерден қос сөз жасап, жасалған қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
3-тапсырма: Төмендегі күрделі атаулардың мағыналарын айқындап, олардан қысқарған сөздер жасаңдар.
Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті. Мемлекеттік қаржы институты. Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы. Біріккен Ұлттар Ұйымы.
4-тапсырма: Қысқарған сөздер дегеніміз қандай сөздер, олар қалай жасалады, оларға қосымшалар қалай жалғанады. Мысал кел-тіріңіздер.
5-тапсырма: Біріккен сөздер қалай жасалады, қалай жазылады?
Мысал келтіріңіз.
8-ТАҚЫРЫП.
Грамматика: Ниет мәнді сөйлем. -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшаларының қызметі. ... -айын, (-ейін, айық, ейік) деп ..., ... -айын, (-ейін, айық, ейік) деп еді тіркесінің 3 жақта түрленіп қолдануы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер.
|
Есімше – сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп ( септеліп, тәуелденіп, көптеліп), есім қызметін атқарады.
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1. – ған,- ген, - қан, - кен: айт - қан, жаз - ған, көр - ген, кет - кен
2. – ар, - ер, - р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін – с:
айт - ар, жаз - ар, көр - ер, көр - ме - с
3. – атын, - етін, - йтын, - йтін: бар - атын, кел - етін, қара - йтын, сөйле - йтін
4.- мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек: бар - мақ, кел - мек, жаз - бақ, без - бек, шаш - пақ, төк - пек
Мысалы: Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес
Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар
Жүгірген - түбірі - жүгір, ген - қосымша, қимылдың белгісін білдіріп тұр.
жетпес - түбірі - жет, пе - болымсыз етістіктің жұрнағы, с - қосымша, қимылды, іс - әрекетті білдіріп тұр. ойнаған - түбірі - ойын - зат есім,- а - зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ, ған - қосымша, қимылдың сапасын білдіреді.
1-жаттығу. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.
1. Ол келер жылы шетелге саяхатқа шық.... . 2. Билетті алын-ала кассадан сатып ал...шы болды. 3. Әкем сенімен жеке сөйлес... екен. 4. Ол дүкенге кір... болды. 5. Біз оларға болған жайды түсіндір...піз. 6. Сендер қашанға дейін ойлан...сыңдар. 7. Мен ауылдан ертең қайт... пын. 8. Демалыс күндерін тауда өткіз...піз. 9.Той қызықты өту үшін түрлі шаралар жаса...пын. 10.Американдық актер қазақ фильміне түс...ші. мақ мек бақ бек пақ пек
мақ мек пақ пек
2-жаттығу. Қажетті сөзді қойыңыз.
1. ... жобасы осы болу керек.
2. Ол отбасымен ... жерін анықтап алды.
3. Іссапардан ... уақыты жақындап қалды.
4. Мақсаттың ... ісі әлі алда.
5. Жиналыста ... ойын сездірді.
1. Тыңдаңыз, қайталаңыз.
Кезекті демалысымды келесі аптада ал+мақ+пын. Алдын-ала отбасымызбен қай елге баратынымызды ойластырып қой+мақ+пыз. Әйелім Анталияға бар+мақ ойын айтты. Үлкен қызым Францияны, ұлым Қытай елін таңда-мақ+шы болды.
Мен дүниежүзілік картаны ашып, сапар шегетін елді қарай бастадым. Назарым бірден жер көлемі үлкен «Қазақстан» деген мемлекетке түсті. Бұл мемлекет туралы бұрын да естіген болатынмын. Аз ғана уақыт ішінде экономикасын көтерген, 130-ға жуық әр ұлт өкілдері тұратын елге мән беріп қара+мақ+пын. Кітап дүкенінен «Қазақстан Республикасы» деген үлкен иллюстрациялы кітап сатып алдым. Кешке отбасымызбен кітапты қарап, Қазақстанның бас қаласы - Астана туралы мәлімет алдық. Онда 30 туристік фирма, 25 қонақ үй орналасқан екен. Олардың iрiлерi: “Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын дала” сияқты нысандар, қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi екен. Қазақстанда бизнес орталықтары, театрлар, мұражайлар, көрме залдары, осы заманға сай ойын-сауық кешендері жеткілікті көрінеді.
Бізге ұнағаны Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» демалыс орны мен «Медеу» мұз айдынындағы аспалы жол болды. Біз отбасымызбен бір шешімге келдік. Демалысымызды Қазақстанда өткіз+бек+піз.
Мәтін: Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер.
Сәулет өнері ескерткіштеріндегі өрнектер. Қазақстанның көптеген сәулет ескерткіштері ою-өрнектермен безендірілген. Баба ата, Алаша хан, Бабаджа қатын, Қарахан, Айша бибі және Қожа Ахмет Йасауи кесенелеріндегі өрнектер — сәулет өнеріндегі шеберліктің тамаша үлгісі. Бабаджа қатын мен Қарахан кесенелерінің кіреберісі ғана кірпішті өрнектермен көмкерілген. Айша бибі кесенесі терракоталық қаптауышпен тұтас көмкеріліп, әр алуан геометриялық және өсімдік тәрізді өрнектермен безендірілген. Алаша хан кесенесі де өзіндік көркем сәулет элементтерімен ерекшеленеді. Берік текшелері өрнекті плиталармен қапталған жолақтармен жиектелген. Кіреберіс қабырғаларының орталық бөлігі геометриялық және өсімдік тәрізді өрнектермен әшекейленген; артқы және бүйір қабырғалары геометриялық өрнектермен, ромб тәрізді фигуралармен қапталған. Сәулет өнеріндегі әйгілі ескерткіштердің бірі — Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде ағаш, сүйек оймыштау, тас пен металды көркем өңдеу тәсілдері қолданылған. Аркасы, тереземен есіктері өсімдік тәрізді өрнектермен сәнделген. Қабір күмбезі де әсем безендірілген.
«Әлемнің жеті кереметі». Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келеді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке қарай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол — пирамидалар, яғни ежелгі Египет патшалары — перғауындардың (фараондардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары). Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 м, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан 2 метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.
Әлемнің ендігі бір кереметі — Семирамиданың аспалы бағы, ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы — Вавилонда болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл бақты патшайым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда II Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Ол өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, топырақ төселген әр тепкішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған.
Кіші Азияның Эфес қаласындағы гректің әйел пірі Артемиданың ғибадатханасы әлемнің үшінші кереметі деп есептелген. Ол кілең мәрмәр тастан жасалған. 120 жыл бойы салынып, жаңа заманға дейінгі 500 жыл шамасында аяқталған. Ғибадатхана көз тартарлықтай әдемі, ішінде бағалы заттар мол болған. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 356 жылы Герострат деген біреу атын шығармақ болып, ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның есімі ақылға сыймайтын тағылығымен мәңгілікке ел аузында қалады.
Грекияның оңтүстігінде олимпиадалық ойындар орталығы — Олимпиядағы ғибадатханада ежелгі гректердің сиынатын құдайларының бірі Зевстің мүсін бейнесі болған. Олимпия Зевсінің бұл мүсінін бұдан 2000 жылдай бұрын, біздің заманымызға дейінгі V ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл — төртінші керемет. Биіктігі 14 м Зевс мүсіні піл сүйегі, қара емен, асыл тастармен әшекейленген алтын таққа отырғызылған. Басында осынау құдіретті тәңірдің рақымшылдығын білдіретін зәйтүн ағашының өрілген бұтағына ұқсас алтын шеңбері болған. Мүсіннің басы, иығы, екі қолы, кеудесі піл сүйегінен ойып жасалған. Зевстің (мүсіні піл сүйегі) сол жақ иығына жамылған шекпені, шашы мен сақалы алтыннан құйылған. Фидий Зевске адамға тән кескін-келбет берген. Оның бет бейнесінен сұстылықпен қатар мейірімділік те аңғарылатын болған. Мүсін енді болмаса жымия езу тартып, орнынан кең кеудесін кере түрегелетіндей әсер тудырған.
Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы Галикарнаста (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) бесінші керемет болған. Бұл — Мавсол патшаның мавзолейі. Оны біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі — патшайым Артемисия салдырған. Мавзолейдің ақ мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр бағаналар тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнатылған. Оның төбесі сүйірленіп келген. Мәрмәрдан пирамида іспетті жасалған кесене төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мәрмәр мүсіндері болған (Мавсол мен Артемисияның мүсіндері, сол сияқты мавзолейдің басқа да әшекейлері осы күнде Лондондағы Британ мұражайында сақтаулы).
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда Родос аралында сол кезеңдегі ең биік мүсін ескерткіш — Родос алыбы тұрғызылды. Теңіз бен қала қақпасының аралығындағы сауда алаңында биіктігі 36 м жас жігіттің қола мүсіні орнатылған. Осынау алып жас жігіт екі аяғыналшайта керіп, қалаға жау жолатпас қаһарлы сақшыдай алысқа көз тігіп тұрған. Басында күн шапағын бейнелеген тәжі болған. Арал тұрғындары күн тәңірі Гелиосты өздерінің қамқоршысы деп білген, сондықтан да мүсін басына тәж кигізген.
Бәрің білетін «фара» (үлкен шам) атауы әлемнің жетінші кереметі. Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Александрия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен шамшырағы (маяк) орнатылған. Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 135 м болған. Оның үстінде жан-жағы ашық, тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен.
Алайда уақыт пен сұрапыл апаттар, адамның қатыгездігі бұл ғажайып құрылыстарды сақтап қала алмады. Семирамиданың аспалы бақтары Евфрат өзенінің тасуынан бұзылған. Артемида ғибадатханасы бір рет қалпына келтіріліп, қайта қираған. Зевс мүсіні өртеніп кеткен. XV ғасырда крест жорықшылары мавзолейді бұзып, қамал салған. Алып мүсін қатты жер сілкіну болған кезде құлап қалған. Александрия маягының тағдыры да осылай аяқталған. Тек қана бізге келіп жеткен пирамидалар болды. Осынау алып таулардан замана, дәуір қаймығады деп тегін айтылмаса керек.
9-ТАҚЫРЫП.
Грамматика: Болжау мәнді сөйлем. -ар, -ер, -р қосымшаларының қызметі. Шамамен сөзінің қолданысы. Сан есімдер мен жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесі. Етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) шыған + ЖЖ, етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) сияқты + ЖЖ, тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер.
Қайталау: Салалас құрмалас сөйлем.
|
Болжау мәнді сөйлем. -ар, -ер, -р қосымшаларының қызметі. Шамамен сөзінің қолданысы. Сан есімдер мен жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесі. Етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) шыған + ЖЖ, етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) сияқты + ЖЖ, тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Келер шақ — қимыл, іс-әрекеттін дәл казір емес, болашақта істелетінін білдіретін етістік шағы. Келер шақ мағынасы мен формасына қарай үшке бөлінеді:
1. Ауыспалы келер шақ.Ӏс-қимылдын алдағы уакытта анық іске асатынын білдіреді. Ол негізінде етістіктін түбіріне -е/-й жұрнақтары жалғану аркылы жасалады: Біз айтқанды орындаймыз.
2. Болжалды келер шақ.Ӏс-кимылдын келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. Етістіктін түбіріне есімшенін -ар/-ер/-р жүрнағы жалғану аркылы жасалады: Әуелі өзіміз барармыз.
3 Мақсатты келер шак. Ӏс-кимылдын мақсатын білдіреді, етістіктін түбіріне есімшенің - мақ/-мек жүрнағының косылуы аркылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ.
Мәтін: Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер.
Ғарышқа ұшу дегеніміз не?
Ғарышқа ұшу ұғымы әр елде әр түрлі. Халықаралық аэронавтика федерациясының бекітуі бойынша 100 км биіктікке көтерілу – космостық ұшу болып саналады. АҚШ әскери –әуе күшінің сарабы бойынша 50 мильді (80) еңсерген адам ғарышты еңсерді деген сөз. Ал Ресейде жерді кем дегенде бір айналып шықпаса, ғарышқа ұшқандық болып саналмайды. 2013 жылдың 1-қаңтарындағы дерек бойынша жерді орбитальды айналған әлем ғарышкерлерінің саны 527 адамға жеткен.Тарихта 56 ғарышкер-әйелдің аты қалды.
Байқоңыр ғарыш айлағы
Ғарыш саласы – қарапайым жұрт үшін тылсым әлем. Жалпы, ғарыш әлемінің құпиялары ғылымның арқасында ашылып, адамзат игілігіне қолданыла бастады. Ғарыш саласындағы зымырантасығыштар, ғарыштық аппараттар мен жасанды жер серіктері сияқты тағы да басқа күрделі, әрі озық ақыл-ойды қажет ететін техникалардың барлығы да ғылымның жетістігі Ғылым адамзаттқа қанат бітірді, ғаламат істерге жетеледі, ғажайып жаңалықтар ашу тетігіне айналып, соның нәтижесінде адам ғарышқа қадам басты.Ғылымның одан әрі дамуымен қатар, Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан 52 жылдан бері ғарышты зерттеу мен қолдануды дамыту саласында зор жұмыстар жасалды. Мыңдаған ғылыми зерттеу жобалары жүзеге асырылды, оның ішінде қазақстандық төрт ғылыми бағдарлама да бар.
Жалпы, әлемде 20-дан астам ғарыш айлағы бар, бірақ «Байқоңырда» дүниежүзіндегі ұшырулардың үштен бір бөлігінен астам жүзеге асырылады. Ол әлемде зымырантасығыштарды ұшыру саны бойынша және коммерциялық ғарыш аппараттарын ұшыру саны бойынша бірінші орынды иеленеді
Қайталау: Салалас құрмалас сөйлем.
түрі
|
Ыңғайластық
|
Қарсылықты
|
Себеп-салдар
|
Кезектес
|
Талғаулы
|
Түсіндірмелі
|
ереже
|
Жай сөйлемдері бір-біріне іргелес болған уақиғаны, істі білдіретін салалас түрі.
|
Жай сөйлемдерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін салалас түрі.
|
Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себені білдіретін салалас түрі.
|
Жай сөйлемдеріндегі іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіретін салалас түрі.
|
Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің береуі ғана орындалатанын білдіретін салалас түрі.
|
Екінші жай сөйлемі бірінші сөйлемнің мағынасын түсіндіріп тұратын салалас түрі.
|
жалғаулық
|
Және, әрі, да, де, та, те
|
Бірақ, дегенмен, сонда, да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, әйткенмен, алайды.
|
Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десеңіз, сол себепті т.б.
|
Бірде, біресе, кейде
|
Не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, әлде, әйтпесе.
|
Жалғаулы жоқ.
|
мысал
|
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.
|
Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді.
|
Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.
|
Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.
|
Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уакыт өтіп кетеді.
|
|
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем
түрі
|
Ыңғайластық
|
Қарсылықты
|
Себеп-салдар
|
Кезектес
|
Талғаулы
|
Түсіндірмелі
|
мысал
|
Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.
|
Көз қорқақ, қол батыр. Бас болу оңай, бастамақ қиын.
|
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.
|
Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.
|
Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкемен сөйлеспеді.
|
Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.
|
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
Орыс тілінен еркін аударма түрінде аударыңыз.
ЕСКІРТКІ – АДАМЗАТТЫҢ СОРЫ
«Адам азса, заман тозады», оны жаңғырту да, құрдымға құлдырату да өзімізге байланысты. Арақ ішу, темекі тарту аздай құрдастарымыз енді есірткіге бой ұра бастады. Бұның себебі не?
Шетелдік «мәдениет» өңмеңдеп төрге ұмтылуда. Делебені қоздыратын тұрпайы бейнефильмдер қаптады. Кісі тонау мен адам өлтірудің «насихаты» үдей түсті. Оң-солын танып үлгермеген жастарымыз оған есі кете құнығып барады.
Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең зоры. Олар бірлі-жарым адамды ғана қан қақсатып қоймайды, бүкіл ел, ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктірмейміз? Неге күреспейміз?
Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Енді міне деректерге жүгінсек рРРеспублика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алыныпты. Бұл республикамызды жайлаған үлкен дерт, түпсіз құрдым.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта біржола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы-құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеде кешетіні - азап.
Алматы қаласындағы ең жас нашақор 7 жаста екен. Бұл не деген сұмдық. Жақында, есірткіге шалдыққан бір адаммен сұхбаттасып көрдім. Ол әңгімесінде былай дейді: "Алғашқы рет достарыма ілесіп, есірткінің қандай екендігін білгім келді, тек қызығушылық мақсатында қолдандым. Қан тамырыма есірткі дозасы жіберілді. Сол сәттегі рахат сезімді көңілі ояу, көкірегі сау пенде бастан кешірмейтіні кәміл. Қызыл, жасыл ғажап әлемнің ішінде боласың".
Демек, есірткі адамды осылай айналдыратын болғаны. "Ал қазір неге, бұл уақытқа дейін пайдаланасың, есірткі деген көп ақша тұрады ғой. Ол ақшаны қалай табасың?" - дегенімде, ол: "біріншіден, жастардың арасында беделді боласың, екіншіден, үйдегі әке-шешемнің ұрысқанын елемеу және бүкіл ренішті ұмыту үшін қолданамын. Қазір онсыз өмір сүре алмайтын болдым, дер кезінде қабылдамасам өзімді дұрыс ұстай алмаймын. Соңдықтан ол маған өте қажет. Ал ақшаны әке-шешемнен сұраймын, бермесе ұрлап аламын", - дейді. "Емделгің келмей ме?" деген сұраққа, ол: "әрине келеді, бірақ оған көп ақша және күш қажыр-қайрат керек", - дейді. Сонда бұл жасөспірімің тағдыры немен аяқталар екен?..
Сұмдықты қараңыз, есірткі алғашқыда тегін беріледі екен, екінші рет оны жаңағы адам өз ақшасына іздеп жүріп сатып алады. Осындай қулықпен торға түскен адам одан құтыла алмайтын тәуелді халге түседі. Ақшасы таусылса ұрлыққа көшеді, яғни қылмысқа тартылады. Ұрлық түбі - қорлық. Сотталу. Түрме. Бұндай оқиғалардың алдын алу үшін, "есірткіге қарсы күрес" атты іске асатын көптеген бағдарламалар жасалып, мектеп пен жоғарғы оқу орындарына лекциялар, арнайы сабақтар енгізілсе. Әр отбасында ата-ана баласымен бұл жөнінде ашық сөйлескені жөн.
Бір сөзбен айтқанда, бұл апаттың алдын алуға жаппай кірісуіміз керек. Әрине, қатал жаза да керек, онсыз болмайды. Нағыз бұзылған нашақор түзелмейді, емдеуге де келмейді. Қоғамның саналы мүшесі емес. Ал біз осыған елтіп жүрген мыңдаған құрбыларымызды бұдан сақтап қалуға тиіспіз. 20гр. героиннің құны 1000 доллар. Басқа түрлері де осы тектес. Осы ақша, шіркін, денсаулыққа жұмсалса ғой...
Біз, ХХІ ғасырдың болашағын құрамыз, сондықтан бұл апатпен күресуді қазірден өз қолымызға шындап алуымыз керек!
Есте сақтайтын сөздер
Көңілі ояу
Көкірегі сау
Тәуелді
Отбасы
Нашақор
Апатпен күрес
10-ТАҚЫРЫП.
Грамматика: Мақсат мәнді сөйлем. ... –у үшін тіркесі және қимыл етістігінің барыс септігінде қолданылуы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Көлік тасымалы – логистика. Байланыс.
|
Мақсат мәнді сөйлем. ... –у үшін тіркесі және қимыл етістігінің барыс септігінде қолданылуы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Көлік тасымалы – логистика. Байланыс.
Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.
Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.
Мәтін тапсырмалары
Мәтіннен кірме сөздерді тауып, қай тілден кіргенін анықтаңыз.
Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тағы қандай түрлерін білесіз?
Мәтінді ауызша әңгімелеп беріңіз.
БӘЙГЕ МЕН АЛАМАН БӘЙГЕ
Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден – бір көп тарағаны – бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол – жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз. Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалық шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана жеңіске ие болады.
Есте сақтайтын сөздер
Ұлттық спорт ойындары
Бәйге
Аламан бәйге
Ойлы-қырлы
Жергілікті халық
Мықты да жылдам
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.
Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты - сын жіберді. Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті. Күн кешкірген кезде "Бородиноға" генерал Чистяков пен полковник Капров келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.
2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден тура және жанама толықтауыштарды табыңыз.
Түрі
|
Шартты
бағыныңқы
|
Қарсылықты
бағыныңқы
|
Себеп бағыныңқы
|
Мезгіл бағыныңқы
|
Қимыл-сын бағыныңқы
|
Мақсат бағыныңкы
|
Ерекшелігі
|
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің
шарты болып келетін сабақтастың түрі.
|
Бағыныңқысы басынқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келетін сабақтастың түрі.
|
Бағыныңқысы басыныңқы сөйлемінің
себебін білдіретін сабақтастың түрі.
|
Бағыныңқысы басыныңқы сөйлемінің мезгілін білдіретін сабақтастың түрі.
|
Бағыныңқысы басыныңқы сөйлемде айтылған
іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрі.
|
Бағыныңқысы басыныңқы сөйлемдегі ойдың мақсатың білдіретін сабақтастың түрі.
|
Сұрағы
|
Қайтсе?
Не етсе?
Қайткенде?
Не еткенде?
|
Қайтсе де?
Не етсе де?
Қайткенмен?
Не еткенмен?
Не етпестен ?
|
Неліктен?
Не үшін?
Несі үшін?
Не себептіне деп?
|
Қашан?
Қай кезде?
Қашаннан бері?
|
Қайтіп?
Не естіп қалай?
|
Не мақсатпен?
Неге?
Не үшін?
Не етпек? Болып?
|
Мысал
|
Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес.
|
Одан жақсы сөз естісе де, артына қарамай кетіп қалды. Оған сөз бергенмен, ертеніне уәделі жерге келмеді.
|
Біреу көмектесер деп, ол үйден шықты.
|
Айман барғанға дейін, той аяқталып қойды.
|
Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.
|
Олар үйге тезірек жетпек болып, аттарына қамшы басты.
|
Онымен бірге ыстық от-жалын толқыны ғаламат екпін-күшпен тарап жатты. Көрінбейтін сәуле-радиация да жан-жаққа тарап жатты. Осы өңірде қырық жыл бойы болған апаттың көлемін есептеу мүмкін емес. Табиғаттың бүлінгені, жан-жануарлар дүниесі мен халық шаруашылығына қаншама залал келтірілгенін былай қойғанда, сол жердің халқына қанша қайғы әкелді. Адамзатты қыруға, адам баласы жасаған байлықты
жоюға арналған мұндай жойқын қарулардың қарапайым халыққа еш керекгі жоқ. Қазақстан жерінде шаруашылық мақсатқа деп те кіші жарылыстар жасалып тұрған.
11-ТАҚЫРЫП.
Қарсылық мәнді сөйлем. Қарсылықты жалғаулықтар (бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Туризм индустриясы. Қонақ үй бизнесі.
Қайталау. Сабақтас құрмалас сөйлем.Сабақтас құрамалас сөйлем туралы түсінік. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Қарсы бағыныңқылы сабақтас.
Қайталау. Сабақтас құрмалас сөйлем.Сабақтас құрамалас сөйлем туралы түсінік. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Қарсы бағыныңқылы сабақтас
Мәтін тапсырмалары
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Жоспар бойынша ауызша әңгімелеп беріңіз.
Мәтіннен кірме сөздерді тауып, қай тілден енгендігін анықтаңыз.
Ақмола (Астана)
Ақмола - 13-14 ғасырда тұрғызылған сәулетті күмбез. Ондай тастан, күйдірген кірпіштен жасалған күмбездер Есіл мен Нұра бойында көп. Ақмола Кеңгір бойындағы Домбауыл сияқты кешендер солардың ескі түрінің бірі. Оның қабырғасы төрт бұрышты текше түрінде қаланып, үстінде шардың жартысына ұқсаған, не киіз үйдің төбесі тәрізді күмбез орнатқан.
Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрініп, Есіл өлкесінің аты болады. Есіл бойында дуан салынғаннан (1832) бері, Ақмола сол дуанның, кейін Ақмола қаласының, оның уезінің және облысының ресми атына айналады. Ол жерде болған тарихи күмбез 19 ғасырдың 2-жартысында қирап бітті. Тарихта, ел есінде тек оның аты ғана сақталған.
Қазақстан астанасы жөнінде айтсақ, Акмола астана болуға лайық. Географиялық орны жағынан жазық далада орна-ласқандықтан астана бола қалғанда оған сәулетті ғимараттар салынып, қала созыла беретіні белгілі ғой. Осы жағынан Ақмола өте қолайлы. Нұра, Есіл өзендерінің бойына жақын орналасқан, ол қаланы сумен қамдаудың көзі.
Егер, Қазақстан картасына көз жүгіртсек Ақмола қаласы қазақ жерінің дәл орталығы. Теміржолдың да, тас жолдың да торабы. Ақмола Қазақстанның оңтүстігіне де, солтүстігіне де, шығысына да, батысына да бірдей орталық. Ақмоланың астана болуы қазақ ұлтының миграциясына да пайдасын тигізері даусыз. Және де мұның саяси-стратегиялық маңызы бар екенін де ұғуымыз керек. Ол дегеніміз Сарыарқаның байлығына қазақты қожа ету.
Облыс 1939 жылы қазанның он төртінде кұрылған. Аумағы -133,0 мың шаршы шақырым. Халқы - 1002,0 мың адам. Облыстың 12 ауданы бар.
12-ТАҚЫРЫП.
Грамматика: Себеп-салдар мәнді сөйлем. Себеп-салдар жалғаулықтар (себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Мәтін: Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар.
|
Мәтін: Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар.
Достарыңызбен бөлісу: |