1. Бастауыш математикалық білім беру мазмұны және оны оқытуды ұйымдастыру



бет1/6
Дата08.09.2022
өлшемі28,4 Kb.
#148986
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тапсырма 1
Ментальды карта, Аралық бақылау 1, Б лім орта та ырып ж не то сан бойынша бойынша жиынты ба алау , Тақырыбы Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетісті-engime.org, ТЕСТ Ұжым 7 топ, Аралық бақылау 1, ТЕСТ Ұжым 7 топ, отбасы тест (2), Оқу құралы, СӨЖ1, Көркем еңбекті оқыту әдістемесі Силлабус (1), 4 Тапсырма , Бейнедәріс сілтемесі.Қазіргі білім берудегі педагогикалық технологиялар, Ғылыми зерттеу негіздері- Карта учебно -2022

1.Бастауыш математикалық білім беру мазмұны және оны оқытуды ұйымдастыру.
Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәні келесі міндеттерді айқындайды:

  • логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;

  • оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;

  • сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;

  • математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;

  • өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;

  • білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту,коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту,ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.

Бастауыш сынып оқушылары математика сабағын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Бастауыш білім беру деңгейдегі математика кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың сандық арақатынасы мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат.
3) 3-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
4) 4-сыныпта – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.
Оқу пәнінің мазмұны оқу бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған оқу мақсаттары бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға арналған бөлімшелерден тұрады.
Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар білім алушыларға келесі оқу кезендерімен таныстыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдер бөлімшелер немесе оқу мақсаттарының оқыту ретін бөлім мен тиісті тоқсанның аясында өздігінен анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше оқу мақсаттарына жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыруға құқылы. Оқу бағдарламасы мұғалімдерге сабақтың, сабақтардың оқу мақсатын бірнеше мақсатқа түрлендірулеріне мүмкіндік береді, оларды жиынтықта орындау оқу бағдарламасының мақсатына жеткізеді. Мұғалімдер тақырыпты, оқу мақсатын меңгеруге берілген сағат санын өздігінен анықтауға құқылы. Бұл шешім мұғалімдердің оқу-әдістемелік бірлестігінде қабылдануына болады. Жоспарлау барысында мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескеруге тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет