1-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелерден тұрады:
1) «Сандар мен шамалар»: натурал сандар және 0 саны; тура, кері және реттік санау; сандарды оқу, жазу және салыстыру; сандар құрамы; разрядтік құрамы, разрядтік қосылғыштар; ондықтар; сандарды топтап санау; сандармен амалдар орындау; сандарды қосу мен азайту; қосу мен азайту - өзара кері амалдар; қосудың ауыстырымдылық қасиеті; 1 мен 0-дің қасиеті; сандардың қосу кестесі; шамалар және олардың өлшем бірліктері; ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамалары; шамаларды өлшеу, салыстыру, түрлендіру; циферблат бойынша уақытты анықтау; монеталармен әрекеттер;
2) «Алгебра элементтері»: сандық және әріптік өрнектер; сандық және әріптік өрнектерді құрастыру, жазу және оқу; әріптік өрнектің мәні; теңдік құру үшін әріптік өрнектер түрінде қолдану; өрнектерді салыстыру; теңдіктер мен теңсіздіктер;теңдеулер;тура және тура емес теңдіктер; теңдеулерді шешу;
3) «Геометрия элементтері»: геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі; нүкте,түзу, қисық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық, кесінді, сәуле, бұрыш; жазық және кеңістік фигуралар; геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру; геометриялық фигураларды кескіндеу және салу; түзу, қисық сызық, сынық сызық, кесінді; геометриялық фигуралардан құралған композициялар; нысандардың орналасуы және бағыты; нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты; нүктелердің сандық сәуледе орналасуы;
4) «Жиындар. Логика элементтері»: жиындар және оларға амалдар қолдану; жиындар; жиындардың жіктелуі; жиындарды салыстыру; тең жиындар, бос жиын; пікірлер; ақиқат немесе жалған тұжырымдар; ребустар, логикалық есептер; тізбектер; сандар мен амалдар тізбегі; заттар комбинациялары; «екі-екіден»заттар комбинациялары;
5) «Математикалық моделдеу»: есептер және математикалық модель;есептерді кесте, сызба, қысқа жазба түрінде моделдеу; ұғымдар, терминдар; есептерді талдау және шығару; кері есептер; есептерді шығару тәсілдері; математикалық тіл; сандарды бейнелеу. «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілері; сандық сәуле; қосу және азайту амалдарының компоненттері; деректерді жинақтау, жүйелеу; кестелер, пиктограммалар, диаграммалар.