2. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру құралы, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына барлық оқушылар қамтылуы керек және оған ата-аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагогикалық бөлімдер қатынасады.Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы. Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарыны мен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамыған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу.
Бастауыш сыныптарға сыныптан тыс жұмыс, көп жағдайда, қамқоршы ата-аналар көмегімен сыныптың оқушылар іс-әрекеті төңірегінде жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыс сабақ сияқты уақытпен шектелмегендіктен, оның мазмұнын ұйымдастыру формалары мен әдістерін өзгертіп отыруға мүмкіндік береді.Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды көптеген іс-әрекет түрлеріне қатынастыруға, ол іс-әрекет түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдай туғызады.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өздері қызығатын, ықыласпен орындайтын істер ғана қызықтырады.Бастауыш мектеп жасында жүріс-тұрыс тәжірибесі қарқынды жинақталады.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарда ынтымақтасу,өзара көмек, достық пен жолдастық қатынасын қажет ететіндей іс-әрекет түрлерін таңдап алуы керек.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық.
Танымдық іс-әрекет.Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін,қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды.Танымдық іс-әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады.Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады.Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді,түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады.Өз еркімен түрлі ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке,өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек.Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса,8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көріуге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.
Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В.А. Сухомлинский әр баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әрқайсысы өзінше ақылды да дарынды деген болатын.
Сыныптан тыс жұмыс барысында балалардың танымдық қызығуы қанағаттандырылып қана қоймайды.
Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекеті формалары мен әдістері олардан себеп-салдарлық байланыстарды талап ететіндей, қарапайым сұрақтардан күрделірек сұрақтарға көшетіндей етіп құрылады.
Оқу барысына қарағанда, оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін танымдық іс-әрекет формасы қызығу саласына сай клубтық жұмыстар болып табылады.
Еңбектік іс-әрекет .Мектептің бастауыш сыныптарының өзінде оқушылардың олардың түсінуіне мүмкін мамандықтармен таныстыру басталады. Олар түрлі материалдармен жұмыстың қарапайым тәсілдерін меңгереді, оқу-көрнекі құралдарын жөндейді, мектепке, балабақшаға,үйге қажетті түрлі бұйымдарды дайындайды.
Бастауыш мектеп ұстаздарының тәжірибесі бастауыш мектеп жасындағы оқушылар түрлі еңбектік іс-әрекетке қатынаса алатындығын көрсетеді. Оқушының істі орындауға даярлық дәрежесін ескеріп, мұғалім еңбектің түрін таңдап алады. Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын сабақтан тыс жұмыстар түрленіп отырады.Оқушылар оқу құралдарын, таблицаларды ретке келтіреді, түрлі коллекцияларды,гербарийлерді құрастырады, еңбек сабағы үшін табиғи материал жинастырады, т.б. Қамқорға алынған балабақша бөбектеріне, қарттар мен мүгедектерге көмекке келеді, қора–жайларды көгалдандыруға қатынасады.Еңбектік іс-әрекет нәтижесі балалардың қанағаттандыру сезімі, көңіл-күйдің көтеріңкілігін туғызады, оларды жаңа еңбек істеріне жетелейді.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың еңбектік іс-әрекеті ересектердің еңбегімен кең танысу арқылы жүргізіледі.Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды ата-аналарының еңбегімен таныстырады,еңбек озаттары жөнінде баяндайды.Өндіріске фермерлік шаруашылық даласына,мал шаруашылығы комплекстеріне экскурсия жасаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Мұндай экскурсиялар ересектердің еңбектік іс-әрекетіне балалардың қатынасуымен жүреді.Бастауыш сынып оқушылары еңбектік іс-әрекеттердің қатынасулары болып қана қоймайды,олар мұғалімнің ол істерді ұйымдастырудағы белсенді көмекшілері де бола алады.
Ойын.Ойын бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін әрі өз бетіндік іс-әрекеттің түрі, әрі барлық іс-әрекет түрлерінің міндетті элементі.Ойынның алып күшін кезінде Ян Амос Коменский атап көрсеткеніндей,ойында балалар өз өмірінің ең маңызды жақтарын бейнелейді. Балалар ойынына Н.К.Крупская аса зейін қойып қарады.Бастауыш мектепте балалар ойынына аса зейін қою керек.Себебі, тек ұжымдық ойындарда ғана мақсатқа тиянақты ұмтыла алатын басқаларды соңынан ерте алатын ұйымдастырушы,басшылық ететін балалар тәрбиеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді.Бұл жастағы балалардың ойын іс-әрекеті әрдайым жасампаз болады.Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады.Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап,олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек.Оқушылардың ойын іс-әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде,өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп,баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді.
Спорттық іс-әрекет. Бұл іс-әрекет баланың денсаулығын бекітуге және күш қуатын шынықтыруға бағытталады. Қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі – денсаулығы зор жас ұрпақты тәрбиелеу. Бастауыш мектепте оқушылардың спорттық іс-әрекет үйірмелер жұмыстарын, қимыл ойындарын, оқушылар қатарларының байқауын, т.б. өткізуге лайықты гигиеналық жағдай жасаумен байланысты.
Спорттық іс-әрекетке қатынасу барысында балалардың бой түзеп өсуі қалыптасады, гигиеналық дағдылар бойына сіңіріледі, еркі мен төзімділігін тәрбиелейді. Батауыш мектеп жасындағы оқушылардың спорттық іс-әрекеті спорттық мекемелерді, әскери – спорттық ойындарды, көпшілік жарыстарын қамтиды. Спорттық жұмыстардың басым көпшілігіне ойынның қатынасы бар. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары оқушылар қатарларының және әндерінің байқауына зор ынтамен дайындалады және қатынасады. Мектепте таза ауада спорттық ойындар өткізіледі. Оқушылар бастауыш сынып мұғаліміне спорттық іс-әрекеттерді ұйымдастыруға көмектеседі.
Сонымен, мектеп сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып, баланың қоғамдық мәнін мақсатты, жан-жақты және үйлесімді дамытады.
Мектептегі сыныптан тыс тәрбие іс-әрекеттің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістеріне қойылатын талаптарды бейнелейтін тәрбиенің жалпы принциптері негізінде құрылады. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысының өзіндік принциптері бар.
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі – оған оқушылардың өз ырқымен қатнасуы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі бағыттары мен ұйымдастыру түрлері бар. Балалардың өз ынтасы мен қабілеттерімен сәйкес істерді таңдап алу мүмкіндіктері бар. Бірақ бастауыш мектеп жасындағы балалар өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайды.
Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие барысының ішкі қарама – қайшылықтарын айқын көруге болады. Мұғалімдер, оқушылар ұжымы жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата-аналар балаларға өзін көрсете алатын іс әрекет түрлерін таңдап алу қажет екендігіне кеңес бере алады.
Сыныптан тыс жұмыста балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу принциптерінің мәні зор. Осыған сай сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мұғалімнің тәрбие жұмысы жоспарында орын алу керек.I-II сыныптарда кітап оқу, кино және диафильмдер көру, кітап және кинофильм үзінділерін сахнаға дайындау, III-IV сыныптарда табиғатқа, өндіріске экскурсиялар, модельдеу, мектеп компьютерлерімен, құрылыс материалдарымен, металмен жұмыс, викториналарға, конкурстарға қатынасу. Осылардың барысында оқушының қылығы мен пікіріндегі жаңа құрылымды есепке ала отырып, мұғалім балалардың ерекшеліктерін тұрақты зерттейді. Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олардың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым – қатынасын реттеуге болады.
Сыныптан тыс оқушылардың бастамаларын және өзіндік іс-әрекетері болу принципін есепке алу арқылы да жүргізіледі.осы принципті еске ала отырып, мұғалім, ата-аналар, жұртшылық өкілдері, қамқоршы оқушылар іс-әрекет түрлерін ұсынады. Ұсыну қызықты істерді оқушылар өз бастамасына сай таңдап алатындай болып шығуы керек.Сыныптан тыс жұмыстың өзі де ұдайы дамиды. Бұл оқушылар құрамын, олардың қызығуын есепке алып отыруға жағдай жасайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері. Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік және жалпы түрлерін бөліп қарайды. Тәрбиенің міндеттерін шешу үшін сыныптан тыс жұмыстың жалпы түрлерін пайдаланады. Тәрбиенің белгілі бір бағытының өзіндік ерекшелігін бейнелейтін сыныптан тыс жұмыстың арнайы түрін анықтайды. Педагогика ғылымында сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін топқа бөлу айқын қалыптасқан жоқ. Дегенмен, мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлерінің жүйесі айқын көрінеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік рөл – мұғалімдікі. Ол ата-аналардың, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының, қамқоршы оқушылардың күшін біріктіреді. Сыныптан тыс жұмыстар бұл кезде оқушылар ұйымдарының іс-әрекетімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқушылардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, жасампаздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды.
Барлық үйірмелерде де балалардың белсенді тобы, бастаушылары болады. Үйірме арнайы жоспармен жұмыс істейді.Ол жоспарда I-IV сыныптардың оқу бағдарламалары, балалардың қызығуы, жалпы дамуы еске алынады. Үйірме жұмысының ұзақтығы 30-40 минуттай болғаны, ең кемінде айына бір рет өткені жөн. Нәтижеге жету үшін жұмысты мұқият дайындау керек.Әдетте бастауыш сынып оқушыларының бәрі үйірме жұмысына қатынасқылары келеді. Мұғалім әрқайсысына тапсырма тауып беріп, ұжымдық іске, қызығуына қарай балалар тобына қосуы керек. Мысалы, «Табиғат және қиал- ғажайыптары» деген үйірменің жоспарына «Алтын күз байлығы » атты мәжіліс өткізу кірді делік.Оқушылар күз туралы өлеңдерді жаттап алу, үйрену, музыкалық шығармаларды орындау, егінжай, бау-бақша өнімдерінен көрме ұйымдастыру, адамдардың күзгі еңбегі түрлері жөнінде әңгіме дайындау, осы жыл мерзіміндегі жануарлар өміріндегі ерекшеліктер туралы, күз туралы балалар әдебиеті көрмесін, балалар салған суреттер көрмесін ұйымдастыру сияқты тапсырмалар алады.Үйірме отырысын өткізуге дайындық барысында тек әр оқушының қоғамдық мәнін ғана емес, сыныптың оқушылар ұжымын қалыптастыруға ықпал жасайтын барлық балаларын түрлі іс-әрекетке қатынастыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларын, әсіресе, аға ұрпақ өкілдерімен байланыстыратын үйірмелердің жұмысы ерекше қызықтырады.
Музыкалық, хореографиялық , хор, драма, қуыршақ театры үйірмелері де еркше орын алады. Мектептерде бұл үйірмелер әрдайым бола бермейді.Оны ұйымдастыру бастауыш сынып мұғалімі, ата-ана, жұртшылық, қамқоршы өндіріс орны жастары өкілдерін, жоғары сынып оқушыларын тартқаны жөн.
Мектептегі үйірме жұмысының міндетті түрде қоғамда пайдалы бағыттылығы болады. Жұмыс бала бойында қоғамдық мәннің сапаларын қалыптастырады. Ұсақ жөндеулер ойыншықтар дайындау, кітап түптеу, сақтау, гүл өсіру, мектеп,балабақша аулаларын көгалдандыру т.б. пайдалы істермен айналысады.
Бастауыш сынып оқушылары өз жұмыстары жөнінде балалар жасампаздығының көрмесі, көркемөнерпаздар, көрініс, спорттық сайыстар, байқаулар, конкурстар арқылы ата-аналар мен еңбек ұжымдары алдында есеп береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне бастауыш сынып оқушыларының тақырыптық ертеңгіліктері де жатады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында аға ұрпақ өкілдерімен кездесу кең өріс алды. Ұлы Отан соғысы ардагерлері, еңбек екпінділері, конструкторлар, өнер тапқыштар, ғалымдар, өнер шеберлері, халық депутаттары балаларға қонаққа келеді. Мұндай кездесулерге балалар мұқият дайындалады.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне экскурсиялар жатады. Арнайы дайындықпен, ерекше жоспармен өткізілген экскурсиялардың тәрбиелік құны жоғары болады. Мектеп мұражайларының жұмыстары да сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне жатады. Олардың ішінде дәстүрлі орын алғаны аға ұрпақтың өмірімен қызметіне, халықтың жауынгерлік және еңбек даңқына ұйымдастырылған мұражайлар. Балалар мұражай жұмыстарын ұйымдастыруға, кезекшілікке, экспонаттарды баяндауға, іздеу топтарына қатынасады.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне бастауыш сынып оқушыларының мерекелері: «Әліппені шығарып салу », «Ойын және ойыншықтар», дәстүрлі халық мерекелері жатады. Бірсыпыра түрлері фестиваль, турнирлер өткізу. Ойлап тапқыштар, әзілқойлар турнирлері. Сыныптан тыс оқуға байланысты викториналар, балалар кітабының, театрының апталығы, кітап оқырмандары конференциялары, жазушылармен кездесулер де көпшілік жұмыс түрлеріне жатады. Бұл істе мұғалімге балалар және мектеп кітапханасы қызыметкерлері көмектеседі.
Көпшілік және жалпы түрлерінен басқа сыныптан тыс жұмыстардың арнайы түрлері де бар. Олар саяси информация, көрмелерге,концерттерге, театрларға бару, өнерге көзқарас жөнінде әңгімелер.
Қорыта келгенде, жоғарыда көрсетілген сыныптан тыс жұмыстар түрлері бірі екіншісінен туындайтындай етіп комплексті жүргізіледі.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тиімділігіне төмендегідей жалпы педпгогикалық шарттар бар:
сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерінің саяси – идеялық мазмұны бай болуы керек;
олардың іс-әрекетінің мақсаты, жұмыс барысы, нәтижесі оқушыларға түсінікті болуы керек;
кез-келген жұмыс түрі оқушыларға қуаныш әкеліп, олардың танымдық сезімін оятып, олардың қабілеті мен дарынын дамытуы керек;
мұғалім сыныптан тыс жұмыстың қай түрін пайдаланбасын, оның әр оқушыға тигізетін тәрбиелік ықпалын жобалауы керек;
жұмыс түрлерін нақты және педагогикалық орынды тізбектестікте пайдалануы керек.
3. Сабақтан тыс оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оларды даярлау үшін білім беру саласында қазір дидактиканың мүмкіншіліктерін, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын сарқа пайдалану қажет болып отыр.
Педагог - ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде.
Т.И. Шамова, «білім беру технологиясы - қатысушыларға камфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы және коррекциялаудағы мүғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі» десе, В.П. Беспалько «оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді.
Жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай басты төрт шартты қанағаттандыруы тиіс (В.П. Беспалько):
а) педагогикалық технология оқытуда педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
ә) оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның
меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі уақытта педагогикалық әдебиеттерде төмендегідей білім
беру технологиялары ұсынылады:
- дамыта оқыту технологиясы Л.В. Заньков, Д.Б. Эльконин,В.В. Давыдов;
модульдық оқытудың технологиясы;
ірі-блоктық оқытудың технологиясы П.М. Эрдниев;
перспективалық - озық оқыту технологиясы С.Н. Лысенко;
проблемалық оқыту технологиясы;
ойындық оқыту технологиясы;
оқу материалдарының схемалық және белгілік модельдерінің
негізінде жеделдетіліп оқытудың технологиясы;
жекелеген оқытудың технологиясьг Инге Унт;
- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы Н. Гузик.
Қазіргі- оқыту технологиялары мұғалімнің «дайын білімді»
баяндауынан гөрі, оқушыға толық не жартылай өз бетінше жұмыс істеу бағытталған. Осы жағдайды ескере отырып, біз оқыту барысындағы мұғалім мен оқушының бірлескен оқу кызметінің негізгі түрлеріне
тоқталуды жөн көрдік. Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсатындағы оқу қызметінің қарқынын арттыру үш кезеңнен тұратын арнайы әдістемелік ұсыныс жүйесінің негізінде ұйымдастырылуы тиіс: жаңа білім беруге дайындық, жаңа білім беру және жаңа білімді бекіту. Бұл ұсыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін құралдары мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осының арқасында жаңа сабақ түсіндіру, бекіту қайталау сияқты кезеңдерден тұратын кешенді сабақтар пайда бола бастады.
Қазіргі заманғы оқыту техологияларын меңгеру өте күрделі де ұзақ процесс. Кейде ол мұғаліммен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан, мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Бір технологияның өзін әр мұғалім орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Оқыту технологияларын қолдану мұғалімнен қажетті теориялық және әдістемелік даярлықты талап ететіні сөзсіз. Мұғалімдердің осы саладан даярлық деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген сауалнамалар мен әңгімелесулер нәтижесі олардың оқыту үрдісіне қазіргі технологияларды пайдалану жөніндегі теориялық және әдістемелік білім, дағды деңгейлерінің төмен екендігін байқатты.
Педагогикалық әдебиетті, жұмыс тәжрибесін қарастыру осы үрдісті ұйымдастыру және басқару мыналарды қамтитын белгілі бір базаға негізделеді:
- білім беру технологияларының банкі, олардың тұжырымдамаларының ақпараттық базасы, алгоритимдері, оқу - әдістемелік жағынан қаматамасыз етілуі;
- технолдогияны таңдаудың өлшемдері;
- мектептің оқу-тәрбие жұмысына технология енгізудің
механизмдері.
Мұғалімдерге оқу жылы бойы жүргізілетін «Мектептің оқу үрдісінде білім беру технологияларын пайдалану» атты арнайы семинарда білім беру технологияларын меңгеру мынадай кезеңдерде жүргізілуі мүмкін:
білім беру технологиясын теориялық негіздеу;
технологияның процедураларын меңгеру;
мұғалімнің әдістемелік құралдарды меңгеруі;
қолданылатын технологияның нәтижесін анықтаудың әдістері
және өлшемдері.
Мектептерде дамытушылық оқыту технологиясын енгізу үшін мынадай тақырыптарды таңдап алуға болады. Білім беру технологиялары туралы түсінік, олардың ғылыми негіздері және классификациясы, «дамытып оқыту технологиясының жалпы негіздері», «дамытып оқыту жүйесіндегі сабақ», «әртүрлі сыныптарда пәндерді дамытып оқыту» т.б.
Сыныптан тыс сабақ тақырыптарын зерделеу мынадай міндеттерді шешуге көмектеседі:
- ұсынылып отырған сабақ мүғалімдердің кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүруге жол ашады, дағдыландырады;
- әртүрлі жаңа технологиямен танысу мүғалімдерге іс-тәжрибесін жинақтауға, өзіндік технологиясының қалыптасуына көмектеседі;
- сабақ жаңалыққа деген бір жақты көзқарастан сақтап, әр пәннің ерекшелігіне қарай қажеттіні іріктеп, айыра білуге жол ашады.
Сабақтың соңына қарай «оқыту үрдісінде білім технологиялары» атты проблемалық іс-әрекеттік ойын өткізілгені абзал. Ойын мынадай мақсаттарды қояды:
- «білім беру технологиясы» ұғымының теориялық негіздерін ұғыну;
- мектепте қолданылатын технологиялар туралы білімді жүйелеу;
- әртүрлі білім беру технологиясының өзара іс-әрекетін, олардың мұғалімдер қолданатын оқыту құралдарымен, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесімен байланысын анықтау.
Ойында мынадай проблемалар талқыланады:
1. Білім беру технологияларына өзіңіздің қатынасыңызды білдіріңіз. Сіздің пікіріңізше олардың қайсысын сыныптан тыс оқытуда қолдану керек. Брінші сұраққа тапсырмалар:
1) сіз тыңдаған білім беру технологиясының құрылымын
моделдеңіз, анықтаңыз, сипаттаңыз,
2) практикада сол технологияны қолданудың алгоритімін жасаңыз,
3) Білім беру технологиясын қолдану оқушы, мұғалім үшін не береді?
3. Сыныптан тыс оқыту технологиясын қолдану жолында қандай кедергілерді көріп тұрсыз?
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып. Оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектескеді.
Бастауыш сыныптарда сабақтан тыс оқытуда қолданылатын қазіргі технологиялар
№
|
Технологияның
аты, авторы
|
Мақсаты
|
Тұжырымның
ерекшелігі
|
Мазмұны мен
әдістерінің
ерекшелігі
|
11
|
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев)
|
-Математика-лық білімнің оқушының интеллектісін дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу.
-Пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамассыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау
|
- Өзара байланысты амал операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру;
- есеп құрастыру және шығару процесінің бірлігін қамтамассыз ету;
деформациялан-ған жаттығулар әдісі:
- тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру:
-тапсрымалар-дың баланың ойлау, операцияларын меңгеруін, логикасын дамытуға әсерлі болуы.
|
- бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;
-өзара қарама- қарсы ұғымдарды салыстыру, сәйкестендіру;
-жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындау тәртібін реттеу
|
22
|
Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин)
|
-балалардың математикаға қызығуын туғызу;
- таланттарды тәрбиелеу
|
- математиканы оқыту – есеп шығаруға үйрету;
- есеп шығаруға үйрету- типтік бірліктерге типтік есептерді шығаруға үйрету;
- қиын және дарындармен жеке жұмыстану;
|
1.Есеп шығарудың «кілтін»табу, яғни:
-есептерді әртүрлі әдістермен шығару;
-бірін–бірі тексеру арқылы дұрыстығына көз жеткізу;
2.Сабақ, консультация алдын–ала дайындалған карточкалар бойынша өткізіледі.,
-есептер мазмұнына, шығарылу әдісіне, күрделілігіне қарай іріктеледі.
3. Есеп –сабақ.
4.Сыныптан тыс жұмыс
|
33
|
Дамыта оқыту
технологиясы
(Л.С.Выготский,
П.В.Занков,
Д.Б.Эльконин,
В.В. Давыдов)
|
- Бала бойына
еркіндік,
мақсаткерлік,
ар-намыс,
мақтаныш
сезім, дербестік
адамгершілік,
еңбексүйгіштік,
белсенділік т.б
қасиеттер
дамыту;
- оқыта отырып
жалпы дамыту
|
- Оқыту дамудың
алдында жүруі
керек;
- Дидактикалық
құралдардың
дамуға әсері зор
|
- Дамыта
оқыту жеке
тұлғаның
барлық
саналарын
сәйкестікте
дамытуға
бағытталған
- Дамыта
Оқыту дәстүрлі
оқытуға балама
жүйе:
|
44
|
Оқытудың
модульдік
технологиясы
(В.М.Монахов)
|
- Оқытудың
тұтас
технологиясын
жобалау
арқылы алға
қойған
мақсатқа жетуді
көздейтін
педагогикалық
процесс түзу
- қиындықтың
алдын алу және
түзету
жұмысының
жүйесін жасау;
|
- Технология
мұғалімнің бүкіл
оқу жылында
пайдаланатын
әдістемелерді
жоспарлауына
көмектеседі;
- негізгі объект
оқу тақырыптары
- дидактикалық
модуль;
- Әр пакеттің
өзінше қамтитын
нақты мәселелері
болады;
|
Технология оқу
процесінің
әдістемелік
мазмұнын
басқаруға
негізделген,
оқу процесін
неғұрлым
мақсатты
жобалап, құру
жүйесі. Бұл
технология бес
кезең арқылы
жүзеге асады.
|
55
|
Проблемалық
оқыту
технологиясы
|
- Білім, білік,
дағдыға ие
қылу;
- өз бетімен
әрекеттену әдістерін
меңгерту;
- танымдық
және
шығармашылқ икемділікті
дамыту,
|
- Бала материалды
сезім мүшелері
арқылы қабылдап
қана қоймайды,
білімге деген қажеттілігін
қанағаттандыру
мақсатында
меңгереді;
-Оқу
материалында
проблема туғызу;
|
Белгісіз х ке
байланысты:
х - мақсат, х -
іс-әрекет
объектісі, х —қызмет әдісі, х
- іс-әрекетті
орындау
шарты;
Әдістерінің
ерекшелігі
алдын ала
белгіленбеген,
кенеттен;
проблемалық
мазмұндау;
эвристикалық;
|
36
|
Тірек
сигналдары
арқылы оқыту
технологиясы
(В.Ф.Шаталов)
|
- Білім,білік,
дағды
қалыптастыру;
- жеке
мәліметтеріне
қарамастан
барлық баланы
оқыту;
|
-Үнемі қайталау,
міндетті кезеңдік
бақылау, ірі
блокпен оқыту,
жоғары деңгейдегі
қиыншылық,
тіректі қолдану;
|
Мазмүны:
материал ірі
мөлшерде
енгізіледі,
блоктау,
топтау, тірек-
схема, тірек
конспект.
Әдісте
1.Теорияны
блоктау,
теорилық
материалды
сыныпта
меңгеру, үйде
өз бетімен
жүмыс істеу;
2. Практиканы
блоктау.
|
77
8
|
Түсіндіре
басқарып - оза
оқыту
(С.Н.Лысенко)
|
- Білім, білік,
дағды
меңгерту;
- Мемлекеттік
стандарт
көлемінде білім
беру;
- Барлық
баланы табысты
оқыту
|
Педагогикалық
ынтымақтастық
тұжырымдары;
|
1 Болашақ
білімнің
алғашқы
бөлігін алдын-
ала енгізу
2. Оза оқыту
|
88
|
Деңгейлік
саралап оқыту технологиясы
|
Әр оқушының
оның қабілеті
мен мүмкіндік
деңгейіне орай
оқыту
|
-мықтылар
өздерінің қабілетімен икемділігін
одан әрі бекіте
түседі, элсіздер
өзін-өзі сынап
қарауға мүмкіндік
алып, өзіне
сенімсіздіктен
арылады.
- Күті топтарға
оқуға деген ынта
артады;
-Білім дэрежесі
деңгейлес
топтарда оқу
жеңілдейді.
|
-Оқушы
міндетті түрдебазалық білім
деңгейін
меңгеруі тиіс;
Әдістері:
- материалды
блоктан беру;
- бірнеше
деңгейде
жұмыстану;
- есептер
жинағынан
міндетті
деңгейдегі
тапсырмаларды
іріктеу.
|
99
|
Оқытудың
компьютерлік
технологиясы
|
-Ақпаратпен
жұмыс істей
білуді
қалыптастыру;
Жеке басты
«ақпараттық»
қоғамға даярлау
|
-Баланың жеке
қасиеттеріне
қарай
компыотерге
бейімдеу;
-Оқушының
компьютермен
жұмысқа
психолгиялық
жағынан
бейімделуі;
|
-компьютерлік
технологияның
принциптерін
құрылымы мен
атқаратын
қызметінің
мүмкіндіктерін
білу;
Әдістері: оқу
процесін
сынын, пән
көлемінде
ұйымдастыру,
сыныпта
белсенділік
туғызу, жеке
жұмыс істеу,
жекелеп көмек
көрсету.
|
Тиімді сабақтар жүйесі негізінде оқушыларға сапалы білім беруді қарастырайық.
Технологияның классификациялық параметрлері:
Қолдану дәрежесіне қарай: жалпы педагогикалық.
Философиялық негізі: диалектикалық.
Дамудың негізі факторына қарай: әлеуметтік.
Меңгеру концепциясына қарай:ассоциативтік-рефлекторлық.
Жекелік құрылым бағытталғанына қарай: білім, іскерлік, дағды оқушылардың ақыл-ой іс-әрекеті.
Мазмұнның сипатына қарай: оқытатын, зайырлы, жалпы білім беретін,
технократиялық, политехнологиялық.
Басқару жүйесіне қарай: кластық-сабақтық.
Балаға қатынас жасау тұрғысына қарай: ынтымақтастық технологиясы.
Басым әдісіне қарай: түсіндірмелі-иллюстративтік іздеушілік.
Модернизациялау бағытына қарай: белсенді ету.
Оқытылатындардың категориясына қарай: бұқаралық.
Мақсаттық бағыттары:
- Стандарттық білім, іскерлік және дағдыны меңгерту
- Қабілетті балаларды дамыту.
Концептуалды қағидалар.
Оқыту процесінің қозғаушы күші - бұл сіздің оқушылардың алдына қоятын міндеттер мен олардың білімінің, іскерлігінің арасындағы қайшылық.
Қызығушылық принципі. Бағыт-бағдарлаушылық және танымдық іс-әрекеттің механизмін қосатын жаңалық болу керек.
Жақсы сабақ - бұл сұрақтар және күмәндану, ойға келу, ашу.
Оның шарттары:
- теориялық жады жоғары деңгейде беріліп, ал сұралынуы қабілетіне қарай жүзеге асырылады;
- теория мен практиканың байланыс принципі: алған білімді әдеттегі емес, жаңа жағдайда қолдануға үйрету;
- қолайлық пинципі: оқушы өзінің мүмкіншілік шегінде іс-әрекет жасау керек, ал мұғалімнің таланты - сол мүмкіншілікті табу, қиындық дәрежесін дұрыс анықтау;
- саналық принципі: оқушыны нені оқып жатқанын білу керек, ол үшін тақырыпты оқу басында оқулықты ақтарып, нені, не үшін оқитынын анықтайды;
- тек қана есте сақтауды міндеттемей сонымен бірге мәнге, міндетке бағыттау;
- меңгерген білімнің беріктілік принципі, есте сақтаудың негіздері беріледі;
- ойлау есте сақтаудан басым болуы керек, оқу информациясы ірі блоктарға бөлінген, жадығат үлкен мөлшерлермен беріледі;
- көрнекілік принципі;
- оптимизациялау принципі (бастыны бөлу, уақытты, есепке алу). Әдістеменің ерекшеліктері.
Жоғары өнімді, нәтижелі сабақтың технологиясының негізгі белгілері:
- сабақтың уақытын үнемді және мақсатқа лайықты пайдалану;
- оқытудың әдістерінің және құралдарының әр түрін пайдалану;
- оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру және жаттықтыру;
- мұғалімдер мен оқушылардың оң өзара қатынасының жоғары дәрежесі;
- оқушылардың сабақта алған білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларының көлемі мен беріктігі;
Мұғалімге қойылатын талаптар:
- Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыда өз күшіне деген сенімді, дербес іс-әрекетке деген ұмтылысты тәрбиелеу.
- Оқушының ойына, пікіріне зейінмен, қызығушылықпен қарауы.
- Сабақты эмоционалды жарқын қылу.
- Сабақта қазіргі әртүрлі әдістерді қолдану.
- Сыныпта психологиялық жағымды жағдай жасау.
- Оқушылардың дербес еңбегіне сүйену.
Сабақтан тыс оқытуда оқушылардың сыни ойлауын дамытудың технологиясын қолданудың әдістемесі.
Сыни ойлауды дамыту идеясы еліміздің білім беру саласында жаңадан қолданылып жүр.АҚШ педагогтары:А.Стил,С.Мередит тағы басқалар бұл технологияны Қазақстан мектептеріне енгізу үшін жемісті жұмыстанып жүр.
Ең алдымен сыни ойлау дегеніміздің не екенін түсініп алу қажет.Сыни ойлау - бұл ақпаратты логика және жекелік – психологиялық тұрғы позициясынан талдау қабілеті.Содан алынған нәтижені стандартты, емес жағдайларға,сұрақтарға және мәселелерге қолдана білуі.Сыни ойлау – бұл жаңа сұрақтарды қою, әртүрлі аргументтерді құру, дербес ойланылған шешімдерді қабылдау қабілеті.
Технологияның мақсаты - оқушыларды білім беру процесіне интерактивті қатыстыру арқылы сыни ойлауды дамытуды қамтамасыз ету.
Бастапқы ғылыми идеялар.
Сыни ойлау
- қатысушыларды өзара сыйлауға,түсінуге және өнімді қарым-қатынас жасауға ықпал етеді;
- әртүрлі «дүниеге көзқарасты»түсінуге көмектеседі;
- оқушыларға іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруге септігін тигізеді.
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту технологиясы жағдайындағы нәтижені бағалаудың өлшемдері
Нәтижені бағалаудың негізгі өлшемі ойлаудың сыншылдығы мына көрсеткіштер арқылы көріне алады:
- бағалау Қатесі қайда?;
- диагноз Себебі неде?;
- өзін - өзі бағалауы Қандай кемшіліктер?;
- сын Келісесіз бе?Жоққа шығарыңыз.Қарсы дәлел келтіріңіз.
- болжау Болжау құрыңыз.
Нәтижесі: оқушылардың өздерінің субъектілік тәжрибесіне сыни ойлауы.
Шектеулер:
- мәтіннің арнаулы мазмұнын даярлау;
- оқушыларда дербес жұмыстың іскерлігінің қалыптасуының төмен дәрежесі.
Достарыңызбен бөлісу: |