1. бастауыш мектептің ОҚыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың Ғылыми теориялық негіздері


Ғылыми педагогикалық әдебиеттердегі жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың мәселелері



бет3/12
Дата07.11.2022
өлшемі430,5 Kb.
#156854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом работа

1.1 Ғылыми педагогикалық әдебиеттердегі жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың мәселелері
Жобалау іс-әрекеті – ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университеті жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл әдістің негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі»,- деген екен Килпатрик [7].
Бұл әдістің ғылыми негізін қалаушылар: Д. Дьюи , Девей, Килпатрак, Снедден, Ричардс.
Бұл әдіс жеке бағдар беру әдісінің бірі. Бұнда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолданау біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сын тұрғысынан ойлауларын дамыту жатады.
Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б.
Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже. Жобалау әдісінің негізі мына идея – ол «жоба» ұғымының мәнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық және практикалық мәнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нәтижеге жетумен көрсетіледі.
Оған қол жеткізу үшін балаларды мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу және шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нәтижелерін болжау қабілеті, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау әдісі әрдайым оқушылардың өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Бұл әдіс жеке бағдар беру технологиясының бірі. Бұнда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолданау біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сын тұрғысынан ойлауларын дамыту жатады.
Сол кездің өзінде АҚШ ғалымдарының арасында жобалық жұмыстарды - жұмыс техникасына немесе дидактикалық концепцияға жатқызу туралы мәселе пікірталас туғызған болатын.
Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп – сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі - студент пен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады. Мектеп мұғалімдерінің арасында жобалау жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық жұмыстар т.б тіркестер қолданылып жүр. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қазір мектеп оқушылары мен мұғалімдері бірігіп ұзақ мерзімді ғылыми жобаларды орындап, қорытындысы бойынша қала, республика көлемінде белгілі ғалымдардың қатысуымен өткізілетін конференцияларда келелі мәселелердің шешілу жолдары туралы ойларын ортаға салып, көпшілікті мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстары таң қалдырып жүргені бәрімізге белгілі.
Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түрде дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады[8].
Танымдық прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны «әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет» ретінде қарастырады. Девей мен Килпатрак мектептен тыс кезде өмір мен ойлауды,әрекет пен білімді, мектеп пен тәжірибені байланыстырушы ретінде жаңа дидактикалық концепция негізін салмақшы болады. Қорыта келе Килпатрак «жоспарлы әрекет демократиялық қоғамның белгілі сипатты бөлігі» деп есептейді, сондықтан «оны да оқу үрдісінің сипатты бөлшегі ретінде»қарастыру керек екендігіне тоқталады. Бұл ұғым АҚШ-тың шығысында ғана қолдау тапты. Басқалары мәселені шешу процесін жобалау әдісінің ерекше белгісі деп білді. Сонымен кез келген өз бетінше шешуін табуға болатын мәселелерді жобалық жұмыс деп айтатын болды. Осының салдарынан жобалық жұмыс - мәселені шешудің сызбалық үрдіс деңгейіне түсіп кетті. Бұл үрдіс барысында оқытушы мәселені ұсынушы болса, оқушы оны шешуші болды[9].
Жобалау әдісі бастау алған Солтүстік Америкадан басқа жерлерде (Кершенштайнер 1968; Гаудиг 1922; Хаазе 1932; Отто 1914) және еңбек мектептерінде (Кершенштайнер 1904, Эстрайх 1921; Блонский 1937, Макаренко 1969.) бұл мәселе жөнінде педагог-реформаторлардың арасында пікірталастар болып тұрды.
Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б. Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатын еді[10].
Жобалау идеялары Еуропада алпысыншы, жетпісінші жылдары «баламалы мектеп» немесе баламалы оқыту түрлерін енгізу туралы пікірталас кезінде қолдау табады.
Жобалау идеясы, жобалау әдісі  ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды. Бұл идея көптеген ғалымдардың (Пиаже, Эбли) (Высоцкий, Леонтьев, Гальперин) қолдауымен жобалау әдісінің негізін қалауға себеп болды[11].
Білім берудің тұтас саласы да жобалау пәні бола алады, мұнда тәжірибелік зерттеулер жүргізілуі, эксперименттердің жобалық бағдарламалық түрі пайда болуына алып келеді.
В.В.Давыдов пен Ю.В.Громыко ғылымилықтың жаңа жобалық-бағдарламалық түрін белгіледі. Оның негізінде ғылыми сипаттама беру (модельдеу), жаңа фрагменттер мен жүйелер құрастыру алынады. Жобалау пәні ретінде әлеуметтік-мәдени әрекеттер жүйесінің мәдени-тарихи түрлері алынады. Аталған В. В. Давыдов пен Ю. В. Громыконың тұжырымдамасын білім берудегі жобалаудың мета – әдіснамасы деп есептей аламыз және ол дәстүрлі педагогикалық үдерістің тұта адам құндылықтарына көшуін белгілейді. Оның жобалау негізінде қолданылу шарттары төмендегідей қарастырылады:
1) Белгілі бір білім мекемесі деңгейінде тәжірибелік зерттеудің қажеттігін анықтау;
2) Білім саласындағы дәстүрлі нормативтік қызметтермен қатар инновациялық тәжірибелік алаңдардың болуына жағдай жасау;
3) Білім беру саласындағы тәжірибелік жаңартулардың құралы ретінде жобалық әрекеттерді алу[12].
Айта кететін жайт, білім берудегі жобалау инновациялық жобаларды барлық білім беру ұйымдарына міндеттеуге тиісті емес. Бұл жағдайда басқару манипулятивтік сипатта болып, білім беру салалары бірдей сипат алуы мүмкін.
Білім беруді жаңарту білім беру жүйелерін жобалау әдіснамасына, әртүрлі білім мекемелерісипатын және олардың өзіне дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс. Білім беруді дамытудың перспективалық бағыты ретіндегі жобалау идеяларын В.И. Слободчиков білім берудегі инновациялық әрекеттері тұрғысынан зерттейді. Ол инновациялық әрекеттерді:

  • Белгілі бір әлеуметтік тәжірибе кеңістігінде;

  • Дәстүрлі талаптардың жаңа әлеуметтік күтінімдерге сәйкес болмауынан пайда болған проблемаларды шешуге бағытталған әрекеттер ретінде;

  • Жаңа инновациялық тәжірибені, оның мәдени рәсімделуі мен берілу механизмін түсінуі және қабылдау әрекеті ретінде;

  • Қалыптасқан тәжірибені жаңартуға бағытталған әрекет ретінде қарастырады.

Мысалы, зерттеу әдістері мақсат – құрал – нәтиже схемасы бойынша бар нәрсені зерттеу түрінде болатын болса, басқару әрекеттері бағдар – әрекет – бақылау түрінде, ал жобалау әрекеттері логикасы идея – орындау – рефлексия түрінде жүзеге асырылады. Жобалаудың өзіне тән ресурстары бар, олар:

  • Интеллектуалдық, ерік-жігерлік;

  • Адами позициялық;

  • Ұйымдастырушылық;

  • Басқару;

  • Кәсіби-әрекеттік;

  • Материалдық-қаржылық, т. б

Инновациялық жобалау төмендегі өзара байланысты қызметтерді қамтиды, олар:

  • Ғылыми-зерттеу әрекеттері немесе жаңа білім ашу, игеру;

  • Жобалау әрекеттері немесе жаңа білімді технологияда пайдалану арқылы тағы да жаңа білім құрастыру;

  • Білім беру әрекеттері немесе субъектілердің өз тәжірибесі негізінде өзіндік білімді игеруі;

Осылайша, жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайлар ұлттық білімнің жаңа бейнесін қалыптастыра бастады, оның мәні мен белгілері – қоғамдық тәжірибенің өз бетіндік түрі, тарихи тәжірибенің унивесалды түрде берілуі, адамдық мәннің қалыптасуы мен күшеюінің жалпы тарихи-мәдени түрі[13].
Бүгінгі әдебиеттерде жобалау – алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау әрекеті, бұл жерде ең маңызды нәрсе – бір нәрсенің болашақ сипаты туралы, оның қолжетімдігі туралы мақсаттық-құндылықтық ұстаным болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің қалыпты өз шеңберінен шыға алуы – трансценденттенуі – ойлау қызметінің дамытушылық функциясы іске асырылады.
Білім беруді басқарудағы жобалау туралы зерттеушілер пікірлері төмендегідей болып келеді. Педагогикалық жобалау түсінігі В. Безруковтың анықтамасы бойынша, гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу.
И.А.Колесникова: жобалау – тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік-бағдарлы әрекет;
А.П.Тряпыцина: жобалау – білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы;
Е.С.Заир-Бек: жобалау – қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы жәй ұймдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт;
Н.А.Масюкова: жобалау – педагогикалық және ғылыми зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы;
Олардан басқа жобалауға педагогикалық жоба құру және жүзеге асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқу технологиясы деген түсініктер берушілер де бар. Бүгінгі күн жобалау әдістерімен оқыту үрдісінен оқытудағы жобалауға немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге жобалау негізіндегі білім беруге көшу жүзеге асырылуда. Бұл үрдісті жобалау ортасының білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типтік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжірибеге белсенді түрде еніп келеді[14].
Педагогикалық жобалау – педагогтар мен оқушылардың педагогикалық қоғамның қарым – қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұнымен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үдерісі деп анықталады.
Бүгінгі педагогикалық жүйелерде жаңарту нысанына, мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты жобалаудың негізгі үш түрі белсенді дамып келеді, олар:

  • әлеуметтік-педагогикалық жобалау, олар әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;

  • психологиялық-педагогикалық жобалау,оның мақсаты адамдар мен олардың қарым-қатынастарын білім беру үдерісі барысында жаңарту;

  • білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен нәтижелерін білім беру жүйесі мен оның институттарын иновациялық өзгертуді жобалау.

  1. Әлеуметтік-педагогикалық жобалау:

    • Әлеуметтік ортаны педагогикалық тәсілдермен өзгерту;

    • Әлеуметтік проблемаларды педагогикалық құралдармен шешу.

  2. Психологиялық-педагогикалық жобалау:

    • Оқыту мен тәрбие мақсатын жаңарту;

    • Оқыту мен тәрбиенің әдістерін өзгерту;

    • Педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру түрлерін жасау;

    • Педагогикалық қатынас жүйесін жаңарту.

  3. Білім берудегі жобалау:

    • Білім беруге мемлекет пен қоғамның талаптарын қалыптастыру;

    • Білім беру нәтижелерін жобалау;

    • Білім беру мекемелерін институттарын құру;

    • Білім стандарттарын жасау.

Педагогикалық инновациялық бағыттарды зерттеген В.Я. Ляудис те білім берудегі жобалау туралы, біріншіден, бұл-мақсатқа бағытталған, жобаланған, саналы түрде ұйымдастырылған оқыту процесі, оны басқару ғылыми және мәдениеттанымдық білімдерді пайдалану негізінде іске асырылады. Екіншіден, бұл-мақсатқа бағытты ұйымдастырылған болашақтағы міндеттерді орындауға қабілетті тұлғаны әлеуметтік дамыту ситуациясы, сонымен қатар, осы жерде мақсат ретіндегі болашақтың нәтижелік мәні де, оны орындауға дайындық деңгейіне жеткізетін үдеріс те жобаланады» дейді[15].
Жобалау іс-әрекеті арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстың нәтижелерін талдау далдау барысында белгілі нәтижелерге жете алдық.
Осылайша, талқылау нәтижесі көрсетіп отырғандай, жобалау іс-әрекеті студенттерді кез келген жұмыстарды өздігінен атқаруға қабілет-қарымы жететін, мақсатты түрде әрекет ету тәсілддерін игерген, ынтымақтастыққа және өзара әрекеттестікке әзір, өздігінен білім жетілдіру тәжірибесі бар, шығаршашылық белсенділігі жоғары дамыған құзіретті болашақ маманның бейнесін қалыптастыруға шынайы көмек береді.
Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі мұхиттың арғы бетінде 20 ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.
В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы орталығының басшылығымен В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы орталығы 2003 жылдың қараша айынан Тольятти қаласында өз жұмысын бастаған. 2005 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан аймақтарында да қолданыла бастады. Ал 2006 жылдың тамызынан Қызылорда мектептерінде В.М.Монахов технологиясы бойынша жұмыс жүргізіле бастады. Мектептердегі жұмыстар лекция, семинар, жеке және топтық кеңестер түрінде өткізіді. Қазіргі таңда көптеген мектептерде В.М.Монаховтың жобалап оқыту әдіс бойынша жұмыс жасап келеді.
Жобалап оқыту әдісі педагогтың интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани, азаматтық және басқа да сапалық қасиеттерін қалыптастыра отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей әсер етеді.
Жобалап оқыту әдісі оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі.
Жобалап оқыту әдісінің қолжетімділігімен, қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен ерекшеленетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, әдіс кез-келген сыныпта, кез-келген пән бойынша қолданыла береді, оның жан-жақтылығы осында[16].
В.М. Монахов оқу үдерісінің моделін қарастырады, өйткені оқу үдерісін зерттеу мүмкін емес, тек оқу үдерісінің моделін ғана зерттеуге болады. Оқу үдерісінің ақпараттық моделін таңдау немесе құру технологияландыру үшін басты нәрсе болып табылады.
Оқу процесін жобалау әдісі бойынша мұғалім жұмысының кезеңдері:

  1. Оқу процесін технологиялық карта атласы түрінде жобалау;

  2. Жобаны шынай оқу процесінде жүзеге асыру, оқу процесінің сапасы жөнінде ақпарат жинау;

  3. Жинақталған ақпаратқа талдау жасау;

  4. Жүргізілген талдау негізінде жобаға өзгерістер енгізу.

В.М.Монаховтың жобалап оқыту әдісін жобалау кезінде де және оны жүзеге асыру кезеңінде де қолданылатын мынадай бес түрлі сатылардан тұрады:
- мақсат қою ( кіші мақсаттар жүйесі)
- диагностика
- оқушының өзіндік жұмысының мөлшері
- жобаның логикалық құрылымы;
- түзету
Оқу үдерісін технологияландыруда басты нәрсе – тақырыптарды дәстүрлі жағдайда емес, мағыналық ұқсастықтарына қарай таңдап алу көзделеді. ( оқу тақырыптарының шегі 6-8 сабақтан 22-24 сабаққа дейін).
В.М. Монаховтың педагогикалық технологиясында оқу үдерісін жобалаудың басты үш объектісі анықталған:
1) технологиялық карта (ТК);
2) оқушы дамуының ақпараттық картасы (ОДАК) (ИКРУ);
3) сабақтың ақпараттық картасы (САК) информационная карта урока (ИКУ).
ТК, ОДАК және САК В.М.Монаховтың технологиясында мұғалімдердің іс-тәжірибесінен өтіп, бекіген.
ТК мен ОДАК жобалаудың, атап айтқанда, оқушыны дамытуға бағытталған оқу үдерісін жобалаудың жаңа қырларын ашып көрсетті.
Технологиялық карта – бұл оқу үдерісін тақырыбы бойынша жобалаудың «паспорты» болып табылады. ТК оқу үдерісінің бес бағытын қамтитын бес құрамнан тұрады. Барлық бес құрамы бір-бірімен тығыз байланысты:
- кіші мақсатардың мазмұны диагностиканың мазмұнын анықтайды;
- диагностиканың мазмұнынан үй жұмысының мазмұны, көлемі және ауырлық деңгейі анықталады;
- үй жұмысы көлемінің жеткілікті не жеткіліксіз екені диагностика жүргізілген кезде анықталады;
- логикалық құрылым – бұл оқу үдерісінің мазмұн мен жүйе жағынан бірлігі
- түзету – мұғалімнің диагностикадан өтпеген оқушымен тікелей жұмысының бағдарламасы.
Технологиялық картаның құрамына толық тоқталайық.

  1. Мақсат қою.

Мақсат қою – бұл мұғалімнің өзі анықтайтын кіші мақсаттар жүйесі. Атап айтқанда, бағдарламаның мазмұнына талдау жасай отырып, білім беру стандарты талаптарына, өзінің жеке әдістемелік іс-тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім тақырыптың негізгі мазмұнын мақсат қою тіліне айналдырады. Кіші мақсаттар белгілі бір жүйемен жүргізілуі керек.
Оқу тақырыбының кіші мақсаттары тақырыптың көлеміне қарай 2-5 аралығында болады.
Кіші мақсаттар қою мұғалімнен міндетті түрде оқушыларға түсінікті арнайы әдістемелік тілмен жазылуын және нақты жеткізе білу дағдысын талап етеді. Сондықтар мақсаттар «білу», «түсіну», «жасай білу», «елестете алу», «сипаттама бере білу» және т.б. сөздермен беріледі.
Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі кіші мақсаттарды нақты және дәл қоя білуінен, яғни тақырыптың басты сұрағын анықтай білуінен көрінеді
Кіші мақсаттар қоя отырып, біз жеке тұлғаға бағытталған жұмысқа алғашқы қадам жасаймыз және екі маңызды нәтижеге жетеміз:
-мұғалім тақырыптық жоспарлаудан кетіп, алдағы оқу процесін жобалауды кіші мақсаттар жүйесі түрінде көретін болады ( бұл жаңа әдістемелік ойлаудың бастамасы);
-оқушы үшін оның білімі мен дағдысына қойылатын талаптардың нақты және жаңа жүйесі құрылады.
Кіші мақсаттарды құру процесі (мақсат қою) әдістің ең негізгісі болып табылады. Өйткені кіші мақсаттар диагностика құрылымының мазмұнын, оқушының өзіндік жұмысының көлемін және түзету мен логикалық құрылымының мазмұнын анықтайды.
В.М.Монахов технологияның әдістен басты айырмашылығы: әдіс – оқу процесін жүргізу үшін мұғалімге берілетін кеңестердің бірлігі, ал технология соңғы нәтижеге жетудің кепілі деп есептейді. Монаховтың технологиясында соңғы нәтиже диагностикада арнай жасалған өзіндік тексеру жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
2. Диагностика.
Диагностика – бұл кіші мақсаттардың орындалуын ( әрбір кіші мақсаттың орындалғанын не орындалмағанын) анықтау үшін мұғалім құрастырған өзіндік тексеру жұмыстарының жүйесі.
Әрбір кіші мақсатқа өз өзіндік жұмыс (ӨЖ) үлгісі құрылады. Мұғалім технологиялық картамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін үнемі кіші мақсаттар мазмұнына өзіндік жұмыстың сай келуін қадағалап отыруы керек.
В.М.Монахов «Диагностика» бөлімінің мәнін мынадай ережелер арқылы береді:
Ереже 1. ӨЖ екі түрлі тапсырмалардан тұрады: білім беру стандарты (бағдарлама) деңгейіндегі тапсырмалар және жоғары деңгейдегі тапсырмалар.
Ереже 2. Стандарт деңгейіндегі ӨЖ төрт тапсырманы қамтиды: екеуі – стандарт деңгейінде, екеуі – жоғары деңгейде.
Ереже 3. ӨЖ-тің жалпы деңгейі:
1) білім стандарты деңгейіндегі тапсырмалар;
2) білім стандарты деңгейіндегі тапсырмалар;
3) «жақсы» деген баға деңгейіндегі тапсырмалар;
4) «үздік» деген баға деңгейіндегі тапсырмалар.
Ереже 4. Алғашқы екі тапсырма бірдей деңгейде, жеңіл және оқушыларға толық түсінікті болуы керек.
Ереже 5. Кез-келген оқушы өзінің алдыңғы нәтижелеріне қарамастан тапсырмаларды берілген ретпен орындайды.
Ереже 6. «Жақсы» деген бағаға арналған №3 тапсырма №1 және №2 тапсырмаларға қарағанда анағұрлым қиындатылуы тиіс. Оның қиындатылуы кіші мақсаттардың мазмұнына сай болуы керек.
Ереже 7. №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда ауыр болуы тиіс.
В.М. Монахов өте қарапайым, екі жақтылық пен екіұштылыққа жол бермейтін оқушыларды бағалау жүйесін ұсынады.
Оқушы жетістігін бағалау жүйесі:
- №1 және №2 тапсырмаларда қателіктер жіберген оқушылар түзету тобына кіреді.
- №1 және №2 тапсырмалар орындалса, «Үй тапсырмасын мөлшерлеу» бөлімінде мөлшерленген тапсырмалар көлемі беріледі.
- №1 және №2 тапсырмаларды орындаған оқушы « сынақтан өтті», яғни «қанағаттанарлық» деген баға алады ( стандарт деңгейін қанағаттандырады).
Оқушы білімін бақылау мен бағалаудың басты тиімді жақтары:

  1. Оқушының стандарт деңгейін меңгеретініне кепілдік беріледі.

  2. Оқушы мен мұғалім тең дәрежеде ( ӨЖ үлгілері алдын-ала берілген)

  3. Оқушылар өздерінен талап етілетін білім-білік, дағдыларды нақты біледі: ашық, айқын.(Мұғалім соңғы сәтте тапсырма деңгейін, ауырлық деңгейін өзгерте алмайды )

  4. «Жүктеме нормасы», «талап нормасы», «баға нормасы» іске асырылады.

  5. В.М.Монахов жобалау әдісінде оқушыға жеке тұлға ретінде сыйластықпен қарау ұсынылады, яғни оқушы қандай бағаға жауап бергісі келетінін өзі таңдайды. Біздің ойымызша, осыдан бастап оқушының өзін дамытуға деген талпынысы осыдан басталады.

3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу ( оқушының аудиториядан тыс өзіндік жұмысы)
Бұл бөліктің негізгі практикалық тұрғыдағы мақсаты – арнайы жасалған жаттығулар жүйесіндегі белгілі бір тапсырмалап көлемін өз бетінше орындау арқылы оқушыны диагностикаға дайындау.
Адамгершілік тұрғыдағы мақсаты – оқушыға қандай бағаға жауап беруді таңдау құқығы беріледі. ( бұл жерде тәрбиелік мән де бар.
Одан басқа, басты мақсат - мөлшерден тыс жүктемеден арылады.
Мұғалім кіші мақсаттарға жету үшін қажет аудиториядан тыс өзіндік жұмыс мазмұнын өзінің әдістемелік тәжірибесіне сүйене отырып анықтайды.
Әрине, мұғалімнің қателесуге құқығы бар. Ең бастысы, «Диагностика» бөліміне дер кезінде өзгеріс енгізу керек.
ТК құрастыруда ең маңызды кезең – үш бөліктің кез-келгеніне: мақсат қою, диагностика, үй тапсырмасын мөлшерлеуде алдыңғылардың маз
Мұғалім кіші мақсаттарды анықтап алғаннан кейін, оған диагностикалау жолдарын анықтағаннан кейін, енді оқушыны тиісті деңгейге жеткізетін өзіндік жұмыс мөлшерін анықтайды.
4. Оқу процесінің логикалық құрылымы — оқу процесіндегі сабақтар жүйесінің жалпы құрылымы.
Оқу процесінің логикалық құрылымы кіші мақсаттар санына қарай бөлінетін сабақтар тізбегі. Кіші мақсаттар, яғни сабақтың басты сұрақтары оқушының жақын арадағы даму аймағын анықтайды және әр бөліктегі алынған білім өзіндік жұмыспен бекіп отырады.
Оқу процесінің логикалық құрылымында оқушы дамуының өзіндік бағдарламаларына ерекше көңіл бөлінеді:
-танымдық қызығушылығын қалыптастыру және қолдау бағдарламасы;
- ойын дамыту бағдарламасы;
- есте сақтау қабілетін дамыту бағдарламасы;
- тілін қалыптастыру және дамыту бағдарламасы;
-оқу еңбегіне қарым-қатынасын тәрбиелеу бағдарламасы және т.б.
5. Түзету – диагностикадан «сынақ» ала алмаған оқушыларға, яғни стандарт деңгейін меңгермеген оқушыларға арналған. Бұл өз кезегінде осындай оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізудің бағдарламасы болып табылады.
Бұл бөлікте технология авторы үш нәрсеге ерекше көңіл бөлуге кеңес береді:
Бірінші – мұғалімнің пікірі бойынша осы бөліктегі кіші мақсаттарға жету жолында кездесетін қиындықтар
Екінші – осы тақырыпта оқушыларға кездесетін үнемі жіберілетін қателіктер
Үшінші – оқушыны білім беру стандарты деңгейіне көтеретін әдістемелік және педагогикалық сипаттағы шаралар жүйесі.
Осы үш ұстаным әр кіші мақсаттарда қайталанып отырады.
Сонымен, технологиялық карта –барлық оқушылардың түгел дерлік пән бойынша, тақырып бойынша міндетті деңгейде бағдарламаны игеруіне мүмкіндік беретін, ал анағұрлым қабілетті оқушыларға жоғары деңгейде білім алуға мүмкіндік беретін оқу процесінің нақты сызбасы.
ТК өзіне оқу процесінің басты компоненттерін біріктіреді. Бірақ ол сабақ туралы толық ақпарат бермейді. Сабақ мазмұны сабақтың ақпараттық картасында (САК) толық сипатталады.
САК-сы келесі құрылымдардан тұрады:
1) сабақтың міндеті;
2) сабақ мазмұны;
3) мұғалімнің әдістемелік құралдары;
4) оқушы-мұғалім қарым-қатынасының нәтижесі.
Сабақтың ақпараттық картасының негізгі міндеті : диагностиканың нәтижелі болуын басқару және «үй жұмысын мөлшерлеу» бөлімінің нәтижелі орындалуын басқару.
Педагогикалық технологияның басты құндылығы – сабақтың басым бөлігі оқушыны дамытуға кетеді. Дамыту міндеттері (немесе оның болмауы) нақты, анық, сабақ-сабақ бойынша оқушы дамуының ақпараттық картасында (ОДАК) көрсетіліп отырады.
ОДАК-да дамыту міндеттері, оқу-танымдық процестің мазмұны, мұғалімнің әдістемелік құралдары, даму бағыттары көрсетіліп қойылады.
ОДАК — біздің зерттеуіміз үшін өте қызықты.
Осыған дейінгі тәжірибе жобалап оқыту әдісінің тікелей оқушыларға арналғанын, өйткені қазіргі жобалау процесі оқушының білім беру процесіндегі рөлін өзгертуге бағытталғанын көрсетеді. Технологиялық карта оқушыға бақылау жұмыстарына дұрыс дайындауға мүмкіндік береді. Диагностика оқушыны жүйелілікке үйретеді, оқушының әрбір сабаққа дайындықпен келу дағдысы қалыптасады. Алдын-ала қарастырылғын үш деңгейдегі үй тапсырмасы мен бақылау кесіктері оқушыға өзінің оқу траекториясы мен дамуын өзі анықтауына мүмкіндік береді. Оқушы технологиялық картамен алдын-ала танысу арқылы мұғаім қашан және нені сұрайтынын, қай жауапқа қандай баға алатынын біліп отырады. Технологиялық карта мұғалім мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты тиімді дамытады.
Диагностикадан кейін коррекция бөлімінде оқушылардың өздеріне қателерін тапқызып, дұрыс жолын түсіндіруге үйретуге болады. Сондай-ақ диагностика дайындық кезіндегі жаттығу жұмыстары кезінде мұғалімге оқушымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Көбіне оқушылар тапсырманы орындап отырып, өз жауаптарының дұрыс не бұрыстығын тексеріп беруді, сұрайды бұл жағдайда мұғалім дұрыс жауабын айтпай, оған бағыт беріп, қайдан іздеуге болатынын айтады, оқушы өзі ізденеді. Бұл көптеген оқушыларға ұнайды да.
В.М.Монахов технологиясы бойынша жұмыс мұғалімнен оқу материалын тыңғылықты, дұрыс таңдап алуды талап етеді[17].
Жобалау әдісі - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Жобалау әдісі тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау студенттің өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы. Зерттеу барысында студенттің бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
- өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады.
- алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.
- өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.
- мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды.
- мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді.
- әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.
- аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.
- өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.
- шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі.
-өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады.
Жобалау арқылы оқушылардың интеллектуалды эмоционалды контексті сөйлесуі іштей басқа әрекеттермен бірлікте жүреді. Басқа әрекеттер деп отырғанымыз, жоспарын жүзеге асыру үшін құжаттар, анкета, кесте бейнеролик т.б. дайындалады. Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Оқушылар өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының жетекшілігімен ізденуге кіріседі.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру[18].
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жобалау әдістерін пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Бастауыш мектептің оқыту үрдісін жобалау әдісі оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жобалау әдісі мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды[19].
Жобалау әдістері серіктестікте әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесінде кеңінен таралуда. Оның себептері бірнешеу және түптамыры педагогикада ғана емес, сонымен қатар ең бастысы әлеуметтік ортада:
• оқушыларға сол немесе басқа білімнің сомасын беру қажеттігі ғана емес, бұл білімді дербес қанша игеруге болады, жаңа танымдық және практикалық міндеттерді шешу үшін меңгерілген білімді пайдалана білу;
• коммуникативтік қабілет пен дағдыны меңгерудің өзектілігі, яғни түрлі әлеуметтік рольдерді қолдана отырып түрлі топтарда жұмыс істеу (лидердің, орындаушының, делдалдың, т.б.);
• көпшілік адамдармен араласу, түрлі мәдениеттермен, бір проблемаға деген түрлі көзқараспен танысу;
• адамның дамуы үшін зерттеу әдістерін пайдалана білудің маңызы: қажетті ақпаратты, фактілерді жинау; оларды түрлі көзқарас тұрғысынан сараптай білу, қорытындылар жасау.
Егер мектепте жоғарыда көрсетілген қабілетер мен дағдыларды меңгерсе, ол өмірге біршама ыңғайланған, өзгеретін жағдайларға бейімделген, алуан түрлі жағдайларда бағыт ала алатын, түрлі ұжымдарда жұмыс істей алатын болады.
Бұдан өзге, жобалау әдісін қолдана білу – оқытушының жоғары біліктілігінің, оның оқушыларды оқыту және дамытуының келешегі бар әдістемесінің жоғары көрсеткіші. Бұл технологиялар жайдан-жай ең алдымен қарқынды өзгеріп жатқан бұрынғы индустриалды қоғам адамы өміріне бейімделе білетін ХХІғ. технологиясына жатпайды.
Оқушының жобалық қызметі оның алған білімінің шегінен шыға алмайды және жұмыстың басталар алдында ол білімді алуы тиіс. Жобалау әдісі оқушының мүддесін есепке ала отырып, танымдық қасиеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін арттырады. Бірақ әр сабақ оқушының мүддесін ғана есепке алып, еркін өте алмайды, себебі оқытудың бұл процесі жүйелілікті және оқытудың деңгейін төмендетеді. Жобалардың әдісін сыныптық-сабақтық жүйеге «сыйғызу» оқытушы үшін қиын міндет болып табылады.
Жобалық әдістемені пайдалану әлде де болса оқытудың дәстүрлі түрін пайдалануға жол беріп келеді. Бұл мұғалімдердің оқытудың аталған альтернативті жолын пайдаланудың хабарсыздығымен немесе нашар білетіндігімен, сондай-ақ оқушылар тарапынан жобалық әдістемені пайдаланудың кездесетін қиындықтарымен байланысты: білімнің түрлі деңгейі, дербес ойланудың, өзіндік ұйымдастыру мен өзіндік оқытудың жеткіліксіз қабілеті. Сондықтан жобалық жұмысты ұйымдастыру ең алдымен оқу процесіндегі жобалау әдістемесін пайдаланудың негізгі теориялық және практикалық негіздерін пайдалануды талап етеді. Ұсынылған тәжірибе бұл ауыр міндетті орындауға көмектеседі деп үміттенемін[20].
Жобалау әдісін қолдануға қойылатын талаптар:

  1. Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мәнді проблеманың/міндеттің болуы (мысалы, бір проблема бойынша әр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау)..

  2. Мүмкін болатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні (мысалы, газета, альмана шығару)

  3. Оқушылардің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.

  4. Жобаның мазмұндық бөлімін құру.

  5. Зерттеу әдістерін қолдану.

Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс: видеофильм, альбом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад және т.б.)
Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат көздері және ақпаратты өңдеу – нәтиже – презентация
Жобаларды құру:

  1. Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.

  2. Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу әдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.

  3. Оқушылардың өз бетімен жұмысы.

  4. Әрдайым зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.

  5. Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.

  6. Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар.

Жобаға берілетін сыртқы бағаның параметрлері:

  • проблеманың мәнділігі және өзектілігі;

  • қолданылатын зерттеу және мәліметтерді өңдеу әдістерінің дұрыстығы;

  • жобаға әрбір қатысушының белсенділігі;

  • қабылданған шешімдердің ұжымдық сипаты;

  • жобаға қатысушылардың қарым-қатынас және өзара көмекке келу сипаты;

  • проблеманы зерттеудің тереңдігі және жан-жақтылығы;

  • шешімдердің дәлелділігі және дәйектілігі, қорытындылар;

  • орындалған жобаның нәтижесін рәсімдеу эстетикасы;

  • оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы және дәйектілігі.

«Жобалар әдісі» білім беру ресурсы:
Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту»
Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы. Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды[21].
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады.
Жобамен жұмыс кезеңдері
Жобалап оқыту мақсаты:
1. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуіне;
2. Танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалануына;
3. Әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып, коммуникативтік біліктерді игеруге;
4. Зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қортындылау, дамытуға пайдалану;
5. Жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Жоба – мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі.
Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау әдісі қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу[22].
Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады.
Білім беру саласы қоғам дамуының деңгейін анықтайтын әлеуметтік және әлеуметтік мәдени технология және іргелі сала. Бұл тұрғыдан қарастыру арқылы жобалау мен ғылыми зерттеудің ортақ идеясын болатынын дәлелденеді. Оның мәні:

  • Объектінің құрылым ішінде пайда болуы;

  • Кейін оның зерттеу пәніне айналуы;

  • Оның кешенді және көп пәнді болуы;

  • Зерттеу элементтерімен қатар жобалау элементтерінің қамтуы;

  • Жобалық идеяның тиімділігінің бағалануы және оның салдарының талдануы;

  • Ғылыми зерттеу позициясымен қатар басқару субъектілерінің өзара байланысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет