1. бастауыш мектептің ОҚыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың Ғылыми теориялық негіздері



бет1/12
Дата07.11.2022
өлшемі430,5 Kb.
#156854
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом работа


Мазмұны

Кіріспе …………………………………..................................……...................3


1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖОБАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................................................................................................6
1.1 Ғылыми педагогикалық әдебиеттердегі жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың мәселелері.................................................................................... 6
1.2 Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері ........................…...........21
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖОБАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ.............................................................................................35
2.1 Бастауыш мектептің оқыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны................................................................35
2.2. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері............................59
Қорытынды ………………………………….....................................................68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................71

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді , білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді [1].


Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс [2].
Бағдарламаның бұрынғыдан ерекшелігі - жаңашылдығының көптігінде. Мәселен, оны 9 бағыт бойынша іске асыру көзделген. Бағдарламада бірінші басым бағыт ретінде білім беруді қаржыландыру белгіленіп отыр. Әлемді дүр сілкіндірген қаржылық дағдарыстың әсеріне қарамастан, Қазақстан мемлекеті келешегі, ұлт болашағы үшін маңызы аса зор осындай бағдарламаның бабын келтіріп, бағын ашу үшін тиісті қаржы қарастыруда. Бұның өзі біздің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының дұрыс жүргізіліп жатқандығын білдірсе керек. [3].
Жобалық қызметті ұйымдастыру, графикалық мәдениетін қалыптастыру, технологиялық және техникалық қызмет аймағында сұранысқа сәйкес қолданбалы міндеттерін шеше білуін қалыптастыру технология пәнінің міндеті деп нұсқау хатта көрсетілген [4].
Жобалау таным әдісі ретінде оқушыларға оқу мен білімнің өмірдегі рөлін сезінуге, оқу мен білімді мақсат етуден гөрі құрал етуді ойлау мәдениетін игеруде сарамандық көмек беруі тиіс.
Бұл әдістің негізін салушылардың бірі – профессор Кильпатриктің пікірінше, «Жобаның міндеті жұмыс барысында өзіне практикалық міндеттер қоятын және оны орындай алатын үнемі өзіндік инициатива көтеріп отыратын адамды тәрбиелеу» болып табылады.Жобалар әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды [5].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет