1. бастауыш мектептің ОҚыту үдерісінде жобалау іс-әрекетін ұйымдастырудың Ғылыми теориялық негіздері


Бастауыш сыныптар үшін жобамен жұмыс кезеңдерінде мынаны ескердік



бет6/12
Дата07.11.2022
өлшемі430,5 Kb.
#156854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом работа

Бастауыш сыныптар үшін жобамен жұмыс кезеңдерінде мынаны ескердік:

  • Мотивациялық;

  • Жоспарлау – дайындық;

  • Ақпаратты – операциялық;

  • Рефлексивті – бағалау.

 Бастауыш мектепте оқыту үдерісінде оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда біз теориялық мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген 4 басты кезеңді ескеруге тырыстық.
Әр сабақта мотивациялық кезеңде жалпы түпкі ойды мәлімдейді, жағымды мотивациялық күй туғыздық, ал оқушылар бұл кезеңде талқылайды, өз ойларын ортаға салады.
Жоспарлау – дайындық кезеңде жобаның тақырыбы, мақсат- міндеттері, әрекет жоспары анықталды, нәтиже, бағалау өлшемдері, әрекет әдістері келісілді.
Бастапқыда мұғалімнің көмегінің кажеттілігі туындады да, соңынан оқушының өзбеттілігі басымдырақ болды.
Ақпаратты – операциялық кезеңде оқушылар материал жинайды, әдебиетпен жұмыстанады, жобаны жасақтады, ал біз бақылаушы, басқарушы, ақпарат көзі қызметін атқардық.
Рефлексивті – бағалау кезеңінде оқушылар жобаны ұсынады, ұжымдық талқылауға қатысады, өзін бағалады, ал біз қорытындыладық, ұжымдық бағалауға қатыстық[41].
Бастауыш сыныптарда жобалық оқытуды қолдану үшін:
► Оқушының коммуникативтік дағдылары қалыптасуы қажет
- сауалдар қою (басқа оқушының пікірін білу, ақпарат жетіспегенде
мұғалімнен сұрау)
- дауысымен басқару;
- өз көзқарасын білдіру (барлығына түсінікті түрде өз ойын ашу,
дәлелдеу)
- келісімге келу;
►Оқушының ой – өрісінің дамуы, «ақыл – ой толықтығы»
- талдау, біріктіру әрекеттерінің дамуы;
- салыстырмалы талдау жасау;
- негізгіні бөліп көрсету;
- жалпы әрекет әдісін табу, оны қолдану мүмкіндігі;
► Өзіндік бағалау әрекеті
- өзінің және басқаның жұмысын шынайы бағалау;
- нәтижені және оқу міндеттерінің шешілу барысын бағалау дағдысы;
- кемшіліктерді көру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет